Жеткіншектердің қылмыстық әрекетінің психологиялық негізі. (баяндама)

 

 

Жеткіншектердің қылмыстық әрекетінің психологиялық негізі.

(баяндама)

 

Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымыздың соңғы жылдары көбейіп кеткен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналды. Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық әрекеттер санның көбею деректері де бізді аландатуда. Сондай-ақ, жеткіншек арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі.

Жеткіншектік жас- адам дамуындағы өте қиын кезеңдердің бірі. Өзінің қысқа уақытында (14-18 жасқа дейін) ол адамның тұлға болып қалыптасуында көп нәрсені анықтайды. Дәл осы жеткіншектік жаста тұлға болып қалыптасуға негіз болушы мінез-құлық құрлымы жүреді.

Бұл жағдайлар: баланың ересек болуға өзіндік әрекетке көшу кезеңі әдеттегі мектеп оқуынан түрлі әлеуметтік іс-әрекетке ауысу; сондай-ақ ағзаның белсенді гармональды қайта құрылуы жеткіншекті жағымсыз ортаға осал, көнгіш, көңілшек етіп жібереді. Сонымен қатар жеткіншектерге тән: туыстарының басқаруынан мұғалімдерінің және т.б. тәрбиелеушілердің қарамағынан тыс шығуға талпынысын ескерген жөн. Бұл талпыныс жиі рухани құндылықтардың және жалпы үлкен ұрпақтың тұрақты өмірінің жойылуына әкеледі. Бір жағынан жеткіншектермен тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді айқындай түседі. Бұған қатысты ерекше маңызды жағдай жанұядағы дұрыс емес қарым-қатынас ажырасу деңгейінің жоғарылауы.

Жасөспірімдердің қылмыстық топтарына кіруіне итермелейтін себептерінің бірі- жанұядағы түсініспеушілік мәселесі. Егер жасөспірімдер өздерінің эмоционалды және жанұядағы социалды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, ол қылмыстық топтардың құрамына еніп, өзін сол жерден табуға тырысады. Қылмыстық топқа енген соң, жасөспірім жалғыз өзі жүрсе ешқашан қолы бармайтын қылмыстарды жасайды. Бұл топтар барлық қоғамға қорқыныш, қауіп тудырып отыр.

Адамның тұлға болып қалыптасу процесінде жеткіншектік кезең дамудағы өзгерістермен ерекше орын алады. Жеткіншектер үшін әлеуметтік қоршағандар мәнді роль атқарады, ендеше жеткіншектердің агрессивті мінез-құлық себептерін олардың құрбыларымен тұлға арқылы қатынастарында, сонымен қатар ол үшін референтті іздеу керек. Жеткіншектер жасындағы мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялықтың негізгі себептері психикалық зақымданулар, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер, мінездің акцентуациясы, әр түрлі конфликтілермен байланысты болады.

Жеткіншек жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы іс-әрекетпен мінез-құлықты реттеу болып табылады. Мысалы: «Мен қандай ақылдымын» деп ойласа қоршаған ортаға сенбеген қатынаспен қарағандай болады. Адекватты емес күмәндануларда жеткіншек өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбесе қоршаған орта да оған негативті тұрғыда қарайды. Жоғары өзіндік бағалау болған кезде жеткіншектің мынандай мінездік қырын көруге болады, шектен тыс ренжігіштік, реніш-сезім, яғни бұл қоршаған орта оған әділетсіз түрде қараған кезде көрінеді, жеткіншекте жоғары өзіндік бағалау болған кезде өкпелегіш, кішкентай ескертулерге деген шыдамсыздық көрінеді. Шын мәнінде бұдан да басқа көріністер көрініп жатады. Ал өзіндік бағалауы төмен жеткіншектер қарым-қатынаста қандай қиыншылықтармен қақтығысады,өзі туралы көзқарасы өзгереді, мен бақытсызбын, жолын болмайды деп санайды, мұндай жағдайларға көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі жатады және мазасызданудың деңгейі жоғары болатын жеткіншектерге тән құбылыс. Өзіндік бағалау шектен тыс төмен болған жағдайда жеткіншектерде тәуелдік өз бетінше шешім қабылдай алмау, тұйықтық, ұялшақтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттер басым болады. Жеткіншектерде өзіндік сыйлау, өзіндік бағалау қалыптасу үшін көптеген факторлар әсер етеді: ата-анасының қатынасы, құрбы-құрдастарының арасында алатын орны, педагогтардың қатынасы, жеткіншек қоршаған ортада өзі туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып, өзіндік бағалауын дамытады. Бірақ ол алғашында басқа адамдарды бағалай білуді үйренеді де содан соң барып өзін бағалайды.

Осы айтылған мәселелердің теориялық айғағы ретінде «ұядан не көрсең, ұшқанда соны аласың», «ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген сияқты философиялық мәні бар қанатты сөздерді алуға болады. Егер отбасы жеке тұлғаның қалыптасу процесі мен нәтижесінде шешуге ықпал жасайтын әлеуметтік фактор деп есептелсе, онда дұрыс тәрбиелік ықпалды ұйымдастыруда ең алдымен отбасына қоғам және мемлекет басты назар аударуы қажет. Себебі рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан ынтымақты, инабатты отбасы ең ауқатты мемлекет тірегі болып есептеледі. Бұл аксиомадан тарихта бірде-бір өркениетті ел шет қалған емес. Осы ретте бүгінгі таңда отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланыста болуы шарт. Ең алдымен мектеп, өнер, әдебиет, кітапхана, орта және шағын бизнестер т.б. тәрбиелік, білімдік мақсатта, қарым қатынаста болуы болашақ ұрпақтың қазіргі қоғамның өркениетті бағытта дамуына сай тәрбиеленуіне мүмкіндік жасайды.

Өтпелі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері мінез-құлық модельдерін анықтайды. Кіші жеткіншектік кезеңде балаларға тән мінез-құлықтың жағдайлық бұзылуы кездеседі. Ол психикалық инфантилизм құбылысы және мидың резидуалды-органикалық бұзылуы тән жасөспірімдерге де қатысты. Мінез-құлықтың арнайы және жасөспірімдік формалары бөлінеді.

М.И.Еникеев сипаттамасы бойынша жеткіншектерге заңды бұзған көптеген қылмысты артуға болады. Олар, сабақтан қашу, бармаудан бастап — адам өліміне дейінгі қылмыстар. Бұл жасында жеткіншектердің бойында кездестін келесідей мінездер тән:

  1. Қарсыластық реакциясы. Жеткіншектердің іс-әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді. Бұл іс-әрекеттер­–үйден қашумен, шулы серуендермен сипатталады.
  2. Имитация реакциясы.Нақты образға, жеке дамға еліктеу. Кейде бұл белгілі “кейіпкер” болуы мүмкін. Мысалы, жасөспірімдерге “қылмыскер-суперменнің ”үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.
  3. Компенсация реакциясы. Бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі. (Мысалы,мектепте сәтсіздік болса, ”батыл” іс-әректтермен орын толтыру)
  4. Гиперкомпенсация реакциясы. Жеткіншектерге қиын түсетін салада табандылықпен талпынып, жетістіктерге жетуге тырысу. Көбінде өз-өзіне сенімсіз, ұялшақ жасөспірім, ерекше спорт түрлерін таңдайды (Мысалы, бокс, карате, т. б. )
  5. Топтасу реакциясы. Бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасауы. Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылықтармен, ортақ бағыттылықтармен ерекшеленеді

Жасөспірімдердің қылмыстарына қарсы күресуде қылмыстық-құқықтық шаралар негiзгi болып табылмайды. Жасөспірімдердің қылмыстылығының өсуiне қоғамның қарқынды түрде әлеуметтiк бөлiнуi, халықтың басым көпшiлiгiнiң өмiр сүру деңгейiнiң күрт төмен түсiп кетуi, отбасылық қатынастардың өзгеруi, жасөспiрiмдерге деген қатыгездiктiң жоғарылауы жағдайында болып жатқанын ескермеуге болмайды. Осындай жағдайда маңыздылығы бойынша бiрiншi орындарда әлеуметтiк, экономикалық және тәрбиелiк алдын алу шаралары болуы жалпыға ақиқат заңдылық.