Мұғаліміңіз қандай?

110


Мақсаты: 5-класс оқушылары мен мұғалімдері арасында жақсы қарым-

қатынас қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Оқушылардың оқу процесіне бейімделуіне көмек беру.

  1. Оқушылардың мұғалімдерге деген көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілік:  ватман қағазы, магнитті тақта, клей, маркер, пән аттары, мұғалімнің аты-жөні жазылған карточка.

Жоспары:

  1. Ойынға кіріспе.
  2. Пән аттары.
  3. Мұғалімнің аты кім?
  4. Нағыз мұғалім – бұл . . .
  5. Біздің мұғаліміміз, кімдер?
  6. Қорытынды бөлім.

І. Ойынға кіріспе.

Оқушылар орындарында отырады. Психолог тақтаға бірнеше сұрақтар жазады.

  • Бізде қандай оқулықтар бар?
  • Барлық мұғалімдердің ортақ қызметі не?
  • Бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар?
  • Бәріміздің ортақ міндетіміз не?

Пән оқулықтары.

Психолог: Еске түсірейік, бізде 5-класта қандай оқулықтарымыз бар? Бастауыш кластағы қандай таныс оқулықтарымыз бар? 5-класта қандай жаңа оқулықтар қосылды?

Үстел үстінде оқулықтардың аттары жазылған карточкалар жатады. Психолог оқушыларды бір-бірден шақырып оқытады. Оқушы бір карточканы алып, не жазылғанын класқа қарап оқиды. Оқушы оқулықтың жүретінін не жүрмейтінін айтады. Карточкада 5-класқа жүрмейтін пән аттары да кездеседі (мысалы, физика, химия, сызу т.б.). 5-класқа жүретін пән аты жазылған карточканы оқушы тақтаға апарып іледі. Соңында оқушылар неше пән ілінгенін санайды.

Мұғалімнің аты кім? 5-7 мин.

Психолог: Ал, енді, мұғалімнің аты мен тегін еске түсірейік. Психолог оқушылардан ер балаларынан бір топ, қыз балаларынан бір топ болып, шеңбер құрып отыруын сұрайды. Ер балалар мұғалімдердің есімдері жазылған, карточкалар жинағын алады. Қыздар тегі жазылған карточкалар жинағын алады.

Психолог: Сіздердің күнделіктеріңізде бар оқулықтарды атаймын. Бірінші ер балалар қол көтеріп, қолындағы карточкада жазылған мұғалімнің атын, беретін пәнінің атын атайды. Егер, дұрыс айтса,  тақтадағы оқулықтың астына мұғалімнің есімін апарып іледі. Дәл осылай, қыздар қолындағы мұғалімнің тегі жазылған карточканы іледі. Барлығы ілініп болғаннан кейін, психолог естерінде қалу үшін кейбір оқушыларға қайталап бір оқытады. Егер оқушылар аз болса, осы процедураны қайталауға болады. Бір оқушы тақтаға арқасын беріп тұрады. Психолог пән атын сұрайды, келесі оқушыдан пән атын, сол пәннен сабақ беретін мұғалімін сұрайды.

Нағыз мұғалім – бұл . . .    5 мин.

Бәрімізге белгілі мұғалім-бұл мамандықтың аты. Әр мамандықтың өз талабы болады. Кез келген оқыған адам ақылмен шеше білу керек. Мұғалім мамандығының да өз талабы бар. Нағыз мұғалімнің өз мамандығына сай сапалық қасиеттері болу керек.  Мұғалімнің  қандай сапалық қасиеті болуы мүмкін, қазір сол сұраққа жауап іздеп көрейік. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.Әр топ әр түрлі сапалық және адамдық қасиеттер жазылған қағаздарды алады. Қасиеттердің ішінде мұғалімдерге тән  қасиеттер де, тән емес қасиеттер де бар. Әр топтың жұмысы-қасиеттердің ішінен, нағыз мұғалімге тән қасиеттерді таңдайды. Барлық топтың қасиеттер тізімі бірдей, бірақ олар түрлі қасиеттерді таңдайды. Әр топтан топ басшылары тақтаға шығып, қалғандары орындарына отырады. 1-ші топтың басшысы тізімде бірінші тұрған қасиетті таңдады ма, таңдамаса неліктен екенін айтады. Қалған екі топ та осылай түсіндіреді де, барлығы бір шешім шығарады, әрі қарай жалғастырады. Қасиеттің ішінен таңдалғандарын апарып ватман қағазының ортасына іледі. Ілініп болғаннан кейін, психолог балаларға оқытады.

Біздің мұғалім қандай?

Психолог: Менің қолымда гүлдердің күлтелері, онда бізге сабақ беретін мұғалімдереден алынған интервью жазылған. Олар біздің қандай сұрақтарымызға жауап беретінін көрейік.

  • Менің сүйікті жануарым . . .
  • Балалық шағымда мен армандадым немесе болғым келді . . .
  • Менің қызығушылығым . . .
  • Мен мынадай жағдайда шыдай алмаймын . . .
  • Менің сүйікті мультфильмім . . .
  • Менің туған күнім . . .

Күлтелерде мәтінмен жазылған интервьюге қол қойылмаған. Бірақ, мен кімнің жауабы қайсысы екенін артынан айтамын. Қазір қағазды бір-бірден таратып алыңдар. Не жазылғанын оқып, ішінде жазылған жауаптар өзіңе сәйкес келсе, айтылған сөздер жаныңа жақын болса, онда арнайы қалдырылған бос орынға қол қойыңыз.

Балалар оқып шығып, өз еріктерімен қолдарын қояды. Содан кейін шеңбер бойынша бір-біріне жағалатады. Мейлінше, әр бала әр мұғалімді жақынырақ біледі. Класта оқушы көп болса, 6-7 мұғалімнің жұмысын қарайды. Психолог шеңбер бойынша күлте алмастыруды тоқтатып, кезекпен жауаптарын оқуды сұрайды. Сосын мұғалімінің атын, тегін, атап, ватман қағазына жапсырады. Соңында әдемі гүл шығады.

Ойынның нәтижесінде, әрбір мұғалім мамандығына сәйкес сапалық қасиеттерін өзінің оқушылармен жұмысында қолдана алатындығын көрсетеді. Оқушылардың пікірлері арқылы әрбір мұғалімге «портрет» құрылады. Оқушылар-өте жақсы инспекторлар.

Психологтің мақсаты, оқушыларға мұғалімдерді жете таныстырып, пән мұғалімдерінің жеке сапалық қасиеттеріне пікірлерін білдіре отырып, бағалай білуіне жол ашу.