«Мен ғажайыппын»

61

Тақырыбы: «Мен ғажайыппын»

Мақсаты: Педагогтардың эмоционалды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Қатысушылар: мұғалімдер

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. Бүгінгі сабағымызда мен сіздері демалдырып, бір сәт өзіміздің жан дүниелерімізге үңіліп, «ғажайып» сөзін педагогикалық тұрғыда талдап көрсек деген оймен жинап отырмын.

Ең алдымен  қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын! Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Шаңырақ құру

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық

Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар – бұл  «барлық жақсы қасиеттерді қамтыған, ең жоғарғы қасиет». Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік, ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық қасиет бар болуы мүмкін.

Сабағымызды бастамас бұрын, танысып алайық. Әр қатысушы өз атына өзінің жақсы мінезін айта кетсін. Мұғалімдер өз атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу – Айсұлумын, мінезім – ашық, Ақжарқынмын.

Әр адамның мінезі жан дүниесінің айнасы,

Ал әркім өз мінезінің қожасы.

Ендеше сіз өз мінезіңіз жайында білгіңіз келе ме?

Мінезіңіз бір қырын былайда байқауға болады  екеуін ғана таңдайсыз

  1. Банан        Алма
  2. Алмұрт        Жүзім
  3. Малина           Ананас
  4. Гранат                                 Помидор
  5. Кулбника                    Апельсин
  6. Киви                                    Шие
  7. Қауын                                 Мандарин
  8. Персик                                 Абрикос
  9. Қарақат           Қарбыз

 

Енді мұқият қандай мінезде екеніңізді қараңыз:

1.Банан  — ауыр мінезді                                        10.Алма – ашық мінезді

2.Алмұрт – қатты адам                                        11.Жүзім – аңқау

3.Малина — сабырлы                                             12.Ананас   — күшті

4.Гранат  — төзімді                                                 13.Помидор — ұялшақ

5.Кулбника  — қыдырымпаз                                 14.Апельсин — шатақ

6.Киви   — жүргіз                                                    15.Шие — қайратты

7.Қауын — ақымақ                                                  16.Мандарин — сабырсыз

8.Персик – көп сөйлейтін                                    17.Абрикос — мисыз

9.Қарақат  — өкпешіл                                             18.Қарбыз – долы

 

«Адамның өзі туралы анықтама» 4 – этаптан тұрады.

  1. Ұнаған ыдыстың суретін салады. Ыдыс – көпшіл адам, вазы- жұртқа керекпін деген мағына білдіреді.
  2. Қару жарақ суретін салу .Мысалы: қылыш – ашық сайысқан шығатын адам, мылтық – жайлап жүретін адам, жарылғыш зат – қауіпты
  3. Әшекей – моншақ – махаббаты жоғары, нәзік мойншақ – махаббаты адал емес,
  4. Өсімдік түрі – ағаш, гүл, терек жапырақ болуы мүмкін.

Ағаш- адамның тектілігі, гүл – әсемдік өз уақытында пайдалану.

 

Мимикалық  ситуация

Қатысушылар 3 топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда “Махаббат”, “Бұзықтық”, “Қызығушылық” тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, пантомимикалық ситуация құрайды. Қалған 2 команда олардың басты тақырыбын табады.

 

Қорытынды.

Асыл жандар ұстаздар

Шын шеберлер өнерпаздар

Әр шәкірттің жүрегінде

Сол бір туды жығып алмай  ұстаңдар.

 

 

Қатысқандарыңызға рақмет!