Ойлауменен ой толады

47

Сабақтың тақырыбы: Ойлауменен ой толады

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушылардың жалпы танымдылығын, пәндер бойынша білім білік дағдыларын пысықтау, молайту.

 

Дамытушылық: дамыта оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту. Түсіне мәнерлеп оқу, әңгімелесу дағдысын, тілдік қорын, ауызша есептеуге, логикалық тапсырманы шеше білуге үйрету.

 

Тәрбиелік : кішіпейілдікке, зеректіке, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдер : түсіндіру, сұрақ-жауап.

 

Түрі: өткенді пысықтау, бекіту, тиянақтау.

 

Стратегиялары:  қызығушылығын ояту, ой қозғау.

 

Көрнекілік: суреттер, плакаттар.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезең.

— Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ойлауменен ой толады.

-Осы біздің ойымыз толу үшін біз «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. Алтын қақпамыз үш қақпадан тұрады. 1-ші  «Тас қақпа», 2-ші «Күміс қақпа», 3-ші «Алтын қақпа». Әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Егерде үш қақпаның тапсырмасына толық жауап берсек алтын сандыққа жетеміз. Алтын сандықтың тапсырмасын орындасақ бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз. Олай болса  тас қақпаның тапсырмасын орындап көрейік.

Тас қақпаның 1-ші тапсырмасы   «Сөзді тап».

Ал енді келесі тапсырма аңдар  туралы тапсырма. Оның ішіндегі қыс мезгілінде өмір сүретін аңдардың түсіп қалған әріптерін тауып орнына қойып  табайық.

Қоян, қасқыр, ақ аю, тиын.

2- тапсырма «Жұмбақ шешу».

 

Жайған жастық сөгілді

Аппақ мамық төгілді.    (Қар)

Желден желігеді

Судан шегінед. і(От)

Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді.(Су)

Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады. (Қоян)

3-  тапсырма  «Кім сөз табады»

Н,Б,Т,С  әріптерінен басталатын сөзді айтыңдар.

 

4-  тапсырма «Әзіл аралас сұрақ».

 Тас қақпаның ол балалар сендерге арналған әр түрлі қызықты шумақты сұрақтары.Ол сұрақтарды мұхият тыңдап, шатаспай ойланып жауап беріңдер, жарай ма?

  1. Алты қонжық орманға

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауатын сен тез айт

Қанша, қонжық кетті алда ? Шешуі: 5

2.Үйге кірді Алдияр

Оған қоса Мадияр

Кейін келді Айдана

Қанша болды бар бала? Шешуі: 3

 

  1. Екі балапан тұр,

Екі балапан отыр.

Шатаспай тез ойласақ

Тұрғаны бар, отырғаны

Болады бәрі қанша? Шешуі: 4

 

Сергіту сәті:

Кел бала, кел бері

Қыздырайық денені

Орнымыздан тұрып-ақ

Жүгірейік бір уақ

1,2,3.1,2,3,

Екпіндей түс

Аяқты алға соз

Тік көтеріп қозғайық.

ІІ. Күміс қақпа.

Тас қақпаның тапсырмаларын жақсы, дұрыс орындадық. Ал енді күміс қақпаның тапсырмаларын орындап көрейік. Күміс қақпаның 1-ші тапсырмасы.

1 –тапсырма «Суретшінің қатесін тап».

Балалар  қазір мен сендерге 2 сурет алдарына беремін, сол суретке қарап суретші Асанның қатесін табыңдар.

2-ші тапсырма «Шатасқан әріптер»

Әріптерді тура, тауып орнына қойсаң қыста киетін киімдердің аты шығады.

ОНТ, ЕКІТ , МТАҰҚ, ҚОПАҒЛ. Шешуі: тон, етік, қолғап, тұмақ.

3-ші тапсырма  «Дұрыс жауапты тап».

Етікте әрқашан ….. бар?

  1. Етіктің бауы.
  2. Қайыс
  3. Түйме
  4. Табан

Ағашта әрқашан ….. бар?

1 жапырақ.

  1. гүл
  2. тамыр.
  3. жеміс

Бір жылда қанша ай бар?

  1. 24 ай
  2. 12 ай
  3. 3 ай
  4. 1 ай

Қыс айы ?

  1. қыркүйек
  2. қазан
  3. ақпан
  4. наурыз

4-ші тапсырма «Не артық»

Алдарыңда тұрған суреттің ішінен бір артық затты табуларың қажет.

 НЕ артық?, Не үшін? түсіндіріңдер.

Ал балалар Алтын қақпағада жеттік, барлық тапсырманы дұрыс шешулерін шештіңдер. Енді алтын қақпаның тапсырмаларын шешейік.

 

1 –ші тапсырмасы «Таңғажайып баспалдақ»

Бұл тапсырмада балалар «С» әрпінен басталатын сөздерді табуларың керек.

 

2 тапсырма «Сөз жұмбақ»

Бұл жерде қай қатарға , қай сөзді жазамыз.

 

3- тапсырма «Не жасырылған»

Бұл жерде алдарыңда тұрған суреттке мұхият қарап, суретте не жасырылғанын табуларың қажет.

 1-ші суретте 7-дельфин,

 2-ші 10- бүркіт,

3-ші 2 арыстан, 1-бұғы, 1-адам, 1-аю.

 

4-тапсырма  «Сөзді аяқта»

Мынау алдарыңда тұрған сөздер аяқталмаған, сол сөзді аяқтайық: Мысалы: Ал- алма, алмұрт, Алмас. т.б

Ре-,

МА-,

НА-,

Си-,

Мы-.

 

5-тапсырма «Бұрын кім немесе не болған?»

Мен қазір сендерге кім болды атты ойын ойнаймыз ол жерде сұрақ былай қойылған.

 Мысалы : Балапан болмай тұрып кім болды?, яғни жұмыртқа —

  1. Нан-,
  2. Көйлек-,
  3. Балық-,
  4. Ит -,
  5. Қарға-,
  6. Орындық-,
  7. Жемпір-,
  8. Көлік-,
  9. Алма- ,
  10.  Ағаш-.

Ал балалар біз барлық қақпалардың сұрақтарына дұрыс жауап беріп алтын сандыққа да жеттік. Алтын сандықтың есігін ашайық. Алтын сандық ашылды ішінен  шашу шашылды.

Алтын сандығымыздың ішінде 1 тапсырма бар екен. Ол тапсырманың шарты мынау дөңгелектің ішінде жазылған сандардың заңдылығын табыңдар дейді. Қосқанда, алғанда неше болады дөңгелекшедегі жазулар турама.

 

Қортынды: Балалар біз бүгінгі берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, шешулерін тура таптық сабаққа жақсы қатысқандарың үшін алтын сандықты өзімізге қалдырайық. Жарайма .Олай болатын болса ашық сабағымызды бата өлеңмен бекітеміз.

Ел сүйетін бала бол,

Ер жеткенде дана бол.

Туып өскен еліңнің

Жел жағына пана бол.