«Адам Ағаш Үй» проективті тесті

 

«Адам Ағаш Үй» проективті тесті

 

Адамның суретін салып келесі интерпретация арқылы талдау жасау

 

  • суреттің әлсіз басылуы – босаңдық, әлсіздік, сылбырлық, көңіл-күйдің басыңқылығы,
  • суреттің қатты басылуы – әсердің шиеліністілігі, қызбалық, серпімділік
  • қарындаштың қағазды жыртып салынуы – ашу-ызалық, жанжалдық, шектен тыс белсенділік
  • қарындаштың басылып салынуыны қатты өзгермелі нұсқада – әсердің тұрақсыздығы
  • суреттің бәсең салынуы – алаңдаушылық, үрейлік, фрустрация
  • қиылысқан штрихталуы –  аса қатты бақылаушылық, шым-шытырық ойлар
  • айрықша, тым ұқыптылықпен салынған сызықтар немесе сызықтардың өшірілуі және түзетілуі – өз үрей, қорқынышын қадағалау, перфекционизм
  • соңына дейін жүргізілмеген сызықтар – алқыну (астения) немесе серпімділік (импульсивность)
  • керекті нүктеге түспеген (жетпеген) сызық – серпімділік, аса қатты белсенділік
  • сызық формасының бұрмалануы – серпілістік (импульсивность)
  • ұқыптылық – алаңдаушылық, қоршаған ортаның қорқынышын қадағалау
  • суреттің мөлдір элементтері – кемелденбеген, іс-әрекетіндегі өткірлік, серпімділік
  • қызыл түстің шамадан тыс қолданылуы – ашу-ызаның басыңқылығы немесе белсенділік, шығармашылығы
  • қара-қошқыл түстің шамадан тыс қолданылуы – жабығушылық, депрессия
  • шұбар түс – манияктік бірбеткейлік
  • әрең көрінетін ақшыл түстердің қолданылуы – өзінің шын сезімдерін жасыруға талаптануы
  • пішіннің үлкендігі – мазасыздану жағдай, стресстік (күйзелістік) күй, серпімділік, аса қатты белсенділік, экспансивность
  • пішіннің шағын мөлшері – жабығушылық, қорқу, өз-өзін төмен бағалау, ештеңеге бейімсіздігі
  • әсіреттің мөлшері тым өзгермелі нұсқада болуы – әсердің тұрақсыздығы
  • сурет қағаздың жоғары жартысында салынған – өз бағасын көтеруі, перфекционизм
  • суреттің төмен жаққа қарай ығысуы – өз-өзіне төмен баға беруі
  • сурет қағаздың шетінен шығып кетуі – серпілістік, үрей, қорқыныш
  • сурет қағаздың бір бұрышында орналасқан – тұмшалану, қорғаншақтық
  • пішіннің 15 градустық бұрыштан үлкен еңкеюі – психикалық сабырсыздығы, бірқалыпсыздық, тұрақсыздық
  • әртүрлі қосымша бөлшектердің көптігі – өзін-өзі көрсетуі, шығармашылық қиял
  • шектен тыс мұқияттылық және бірыңғай бөлшектің көптігі – ебедейсіздік, үрей, қорқыныш, перфекционизм
  • бөлшектердің аздығы және схеманы пайдалану (үлгілендіру) – алқынушылық, серпімділік, әсерліліктің төмендігі, келеңсіздік
  • қалай болса солай салынған сурет – серпімділік, төмен мотивациясы, келеңсіздік
  • суреттердің бөлшектенуі және шектен тыс ұқыптылық, қатты өзгермілілігі – көңіл-күйдің тұрақсыздығы, бейнеленген кейіпкерге деген әртүрлі көңіл-күй қатынасы
  • мазақ сурет – келеңсіздік пен әлеуметтікке қарсы және асоциализациямен сәйкестенген кәдуелгі қыр көрсету немесе өзін-өзі «жабуға» тырысу
  • сайқымазақтық — өзін-өзі төмендетіп бағалау немесе келеңсіз көрсетушілік
  • патша, ханзада және т.б. — талаптанудың өте жоғары көрсеткіші
  • әскери қызметкер – агрессиялық
  • әлеуметтікке қарсы кейіпкер немесе жағымсыз ертегі кейіпкері – келеңсіздік, асоциализациямен сәйкестенген кәдуелгі қыр көрсету
  • қария, қарт-ана немесе кедей – өзін-өзі жаншу
  • бай немесе кедей – материалды алаңдаушылық
  • робот, инапланетиянин – өзін жалғыз сезінушілік, өз-өзімен болуы, конформдықтың төмендеуі
  • арқы жағымен салынған сурет – келеңсіздік, жанжалшылдық
  • қырымен салынған сурет — келеңсіздік
  • төрттен бір бөлігі – шығармашылық (суретшілік) бағыт алу
  • жүріп келе жатуы немесе бір жұмыспен айналысуы – шығармышылық бағыты, белсендігінің жоғарылығы
  • отырған пішін – шығармашылық бағытта немесе селқостық
  • жатқан пішін – селқостық немесе шығармашылық бағытта
  • дене бөлігін үлкейту – дене бөлігінің қызметіне жоғары көзқарас
  • дене бөлігін салмау – сол дене бөлігінің қызметін жоққа шығару
  • оң және сол жақтағы дене бөліктерінің ассиметриясы (қисаюы) – ішкі жан дүниенің тепе-теңдігінің жоқтығы
  • пішіннің оң жағының бұрмалануы — әлеуметтік мөлшерді сақтамауға бейім, әлеуметтік жағдай жасайтын адамдармен қарым-қатынасы қиын
  • үлкен бас – қиял әлемінде қалықтау, яғни бос қиялшылдық, психикалық белсенділікке шоғырлану
  • кішкене бас – өз-өзіне төмен баға беру
  • басты тиянақсыз салу – ұялшақтық
  • бастың желке тұсымен салынуы – шизофрениялық немесе параноидтық бірбеткейлік
  • бастың ең соңында салынуы – өзаралық кикілжің
  • тиянақты салынған сәнді шаш – өзін-өзі көрсетушілігі
  • басында шляпа – өзінің бақылаусыз өшпенділігі алдындағы қорқыныш
  • бастың жоқтығы – қатты белсенділік және өте жоғары серпімділік
  • үлкен немесе айрықша көрсетілген құлақ – сезіктену, сақтық, қырағылық, сынға деген сезімталдық
  • құлақтың кішкенелігі немесе жоқтығы – сынды теріске шығаруға ұмтылу, сынды қабылдамау
  • үлкен мұрын мен құлақ – өзінің сырт пішініне көңілі толмау
  • беттің кескіні – көбірек ақпарат беретін белгі
  • беттің қаралануы – өзін-өзі жағымсыз сезінуі
  • беттің бөлектеніп салынуы – өзінің сыртқы түрімен айналасындағылардың өзіне деген қарым-қатынасына алаңдаушылық
  • үлкен болып ашылған көз – мазасыздық, қорғауды қажет етушілік
  • көз-нүкте немесе саңылау, көздің салынбауы – үлкен серпімділік, өте үлкен белсенділік, келеңсіздік, алқынушылық, аутизация, жабығушылық, тәуелділікке қажеттілік
  • бос көздер – алқынушылық, аутизация, серпімділік, асоциалдылық, қорқыныштар
  • сызылып тасталынған көздер, қара көзілдірік – қорқыныштар
  • көзқарастың бір жаққа қарауы – күмән, сезіктілік
  • тиянақты салынған кірпіктер – өзін-өзі көрсету
  • үлкен ауыз, ерінді айрықша атап көрсету – оральді белсенділік, оральді эротизм
  • тісті ақситу – вербальді агрессияғс бейім
  • айқасқан ауыз – келеңсіздік
  • әзілді жымиыс – еркінен тыс ақжарқындық
  • ауыз тек нүкте немесе жоқ – келеңсіздік, аутизация, алқынушылық, серпімділік
  • айрықша көрестілген иек – артықшылықты қажет ету
  • өте үлкен иек – ішкі батылсыздықты өтеуге ұмтылу
  • жуан қысқа мойын – серпімділік
  • ұзын мойын, әсіресе түймеге көңіл аудару – тәуелділік
  • кең иық – өзін күшті сезінгісі келеді
  • кішкентай иық – өзін әлсіз сезіну
  • төрт бұрышты иық – шектен шыққан қорғаныш позициясы, адамдарға деген өшпенділік
  • бұрыштау иық – алаңдаушылық
  • төмен түскен иық – мұңды, жабырқаңқы және өзін кінәлі сезіну
  • тегіс емес иық – көңіл-күйдің тұрақсыздығы
  • ірі тұлға – төмен бағалау
  • ұзын, созылған пішін – алқынушылық, интровертированность, анорексия
  • бұрыштау немесе төрт бұрышты пішін – сенімділік немесе ара-қатынас проблемалары
  • ұзын қолдар – жеңуге және жинақтағысы келеді, адамдарға бағытталу
  • қысқа қолдар – бір нәрсеге ұмтылудың шектелуі, шегініске бет алыс, ішкі үндестік
  • қолдың денеге жақын орналасуы немесе денеге жабысып салынуы – ішкі шиелініс, интровертированность
  • қолдары арқасында, қалтасында, кеудесіне айқасқан немесе екі жағына тіркелген – әлеуметтік байланыстарда өзін- өзі қысылып ұстауы, өшпенділікті бақылау, өшпенділік және сезіктенушілік
  • қолдың кең пәрменділігі – қимылға бар күшімен ұмтылуы, экстравертированность, адамдармен жақсы араласуы
  • қолдары гениталийін (жыныс мүшелерін жауып тұрады) – өзінің сексуалдыдық (жыныстық) серпілісінің тенденциясын (бірбеткейлігін) бақылап отыруы
  • қолдың қара етіп салынуы — агрессияның көрсетілуі
  • қолды салмау – серпілістік, өзінің жыныстық қатынасы және өшпенділігіне кінәлі сезінуі, дәрменсіздігі
  • жұдырықтың жұмылып тұруы – ашық наразылық
  • үлкен жұдырық және өткір тырнақ – агрессия
  • үлкен алақан – тез ашуланғыш мінезді, қарым-қатынаста қатты көңілі толмаушылық
  • алақан суретінің салынбауы – бейімсіздік сезімі, қанаушылық, езушілік, қарым-қатынас жасай алмауы немесе қарым-қатынастың жетіспеушілігі
  • экстравертті күй – кеңінен, бірақ та немқұрайлы байланыстарға бейім
  • ұзын саусақтар – агрессиялық
  • саусақтарын айқастырып немесе бір сызықта ұстануы – агрессиялы серпілісті басып тастағысы келуі
  • саусақтары немесе қолы қараланған – жанжалшылдық

 

Үй және ағаш салынып оның интерпретациясының берілуі

 

  • үй басқа суреттерден үлкен – жанұядағы тұйықтық
  • басқа суреттерге қарағанда кіші – жанұялық байланыстардың бәсеңдігі, «үйге деген сезімнің» жоқтығы
  • көп түзетулер мен штрихтар – жанұялық тауқыметтер
  • сарай (мешіт, шіркеу, вилла) – қыр көрсетушілік
  • көрініс үйдің үстінен салынған – үйге деген сезімнің жоқтығы немесе отбасылық атмосфераны көз алдына елестете алмау
  • қағаздың төменгі шет жағына қарай салынуы – жанұялық немесе сырластық, ашыналық сезімде қауіпсіздіктің жоқтығы
  • кем дегенде нормада бір есік, бір терезе, бір қабырға, бір шатырмен труба, ал оларға қосымша элементтері (қоршау, бұталар, соқпақ) – қауіпсіздік сезімінің жоқтығы немесе өзаралық дау жанжалды бақылау ынтасы
  • өте үлкен соқпақ — “қол жеткізу” шектеулі
  • үйдің маңында тар соқпақ, соңында кең – адам татулыққа үстіртін қарайды
  • үйдің фундаментінде баспалдақ жоқ – өзара қатынастар оңайлықпен болмайды
  • ашық есіктер – сыртқы дүниеден жылылық алуды қатты қажет етеді
  • өте үлкен есіктер – басқаларға шектен тыс тәуелділік
  • құлыппен немесе тұтқамен есіктер – қорғаныш ұстанымы
  • есіктің жоқтығы — адамдармен шектен қиын байланыс
  • терезе тек бірінші қабатта – нақтылықпен қиял арасындағы бөлініс
  • форточкамен терезе – өз-өзін бақылау, қор (резерв)
  • пердесіз терезе – ашық, тікелей мінез-құлық
  • терезелерде тор бар – тәуелділік агрессия қорқынышы, сезіктенушілік
  • терезе қақпағының жабық болуы – шектен шыққан қорғаныш позициясы
  • терезе қақпағының ашық болуы – коммуникабельность
  • бос терезе (рамасыз) – аутизация, байланыстардың немқұрайлылығы
  • терезенің жоқтығы – өшпенділік, қашуға бетбұрыс
  • кішкене терезе үлкен есік, әсіресе ашық есік — қалай болса солай қарым-қатынас
  • үлкен терезелермен кішкене есік немесе терезе жоқ – байланыстарды абайлап қарау, созерцательность
  • жазық шатыр (екі қабырға арасындағы бір түзу сызық) – елестетудің жоқ болуы немесе көңіл-күйдің тежелуі
  • үлкен шатыр – қиялдан қанағаттанушылық іздеу
  • шатырды қарындашпен қатты басып салу немесе сызықтары көп – қорғанышты қажет етуі, алаңдаушылық, аса қамқорлық, интеллектуализация, арманшыл, қорғанышты қиялдау
  • мұржа – жылы сырласты, ашыналық қатынастың белгісі, кейде фаллос белгісі
  • мұржаның жоқтығы – көңіл-күйде жылулықтың жоқтығы немесе маңызды бір ер адаммен жанжалда
  • үлкен мұржа (труба, дымоход) – сексуалды алаңдаушылық, қамкөңілділік, эксгибиционистикалық бетбұрыс
  • түтіннің көп болуы – ішкі шиелініс
  • мұржаның үстіндегі бір ғана сызық – отбасылық өмірде көңіл-күйдің бостығы
  • су ағатын темір науа – сенімсіздік
  • көрнекті қабырғалар – эго күшімен байланысты
  • қабырғалар қарындашпен қатты басылып салынған немесе сызықтары көп – қорғаныш қажеттілігі, мазасыздық, өз өміріндегі өзінің жағдайына сенімділікті сезіну
  • үйдің айналасындағы шартақ – көңіл-күйге қорғаныштың қажеттігі
  • үйде қарт адамдар немесе тек бір ғана адам тұрады – басушылық
  • үлкен адамдарсыз балалар немесе бір бала — ата-аналардың қамқорлығынан құтылуға ұмтылу
  • өте үлкен ағаш – агрессияға бейім
  • кішкене ағаш – төмен бағалаушылық
  • экзотикалық (ерекше) тектес ағаш – қыр көрсетушілік
  • жіңішке сызықтар – ештеңеге ебі жоқтық, батылсыздық сезімі
  • жіңішке үзік сызықтар – сабырсыздықты айқын көрсету
  • өте қаралау немесе қатты қоршалып сызылған жаpықтық – өшпенділікпен қорғаныш немесе агрессиялық міне-құлық
  • діннің (екі) сызықпен және қыртыстың дөңгелекпен белгіленуі – өзгергіштік, серпімділік
  • шектен тыс сызылған дің – көңіл-күйдің жетілмегендігі, «осы жерде және қазір» принципімен өмір сүру, бүгінгі күн проблемаларымен өз-өзімен болу
  • қисық дің – шегініс (регрессивное) және серпімділік мінез-құлық
  • ағаш қыртысының егіжей-тегіжейлі бейнелеу, діңді штрихтау – агрессиялық қорқыныш, қорғану қажеттілігі, ипохондрия
  • шектен тыс сызылған қыртыс – көңіл-күйдің тежелуі, пайымдауға бейімділіктің шектелуі
  • жерге қарай өскен тамырдың шектен тыс сызылуы – өткенге бағдар, тірек болу мен байлану (привязанность) қажеттілігі, жанұялық байланыстың маңыздылығы, қауіпсіздік сезімінің жоқтығы немесе қиындыққа қатты тамырлануы
  • жерсіз салынған тамыр немесе жердің үстінде ілініп тұрған тамыр – әдеттегідей бір жолға қойылмаған
  • ауада ілініп тұрған тамырсыз ағаш – тәжірибесіздік, әлеуметтік бейімделудің жеткіліксіздігі, үй мен жанұяға байланудың әлсіздігі
  • жер белгіленген, бірақ та тамырдың жоқтығы – көңіл-күйдің басылып қалғандығы
  • жерді белгілейтін сызықтың жоқтығы – күйзеліске (стреске) берілушілік
  • ағаш бұтақтары жанжақты шашыраңқы – экстравертированность
  • ағаш қыртыстарының жабықтығы – тұйықтық
  • егжей-тегжей құрастырылған – реттелген қарым-қатынас, іс-әркеттің егіжей-тегіжейіне дейінгі жоспарлануына бейімділік
  • құрастырылмаған (не структурированы) – кез келген байланыстар, серпімділік, жоспарланған іс-әрекеттің жоқтығы
  • ағаш бұтақтары ұшы мен бітісуі – агрессиялық
  • бұтақтары жоғары қарай қараған – белсенділік
  • как у плачучей дивы, бұтақтары төмен қарай қараған – алқынушылық (астения) немесе жабығушылық
  • қыртыстардың төбелерінде кенеттен үзіліп кетуі – басыңқылық немесе ауру қиялдарды жоққа шығару
  • қыртыстардың (крона) жоқтығы – жеке болашағының елестете алмауы, өзінің перспективасын саналы түрде сезінуі
  • жіңішке крона – интревертированность
  • үлкен, егжей-тегіжейіне дейін өңделген крона – жоспарлау жақсы дамыған
  • үлкен, өңделмеген крона – арманшылдық, қорғанышты қиял
  • кепкен, сынған немесе кесілген жапырақсыз ағаш — басылушылық, психикасы жараланған
  • сынған бұтақ, қуыс – жарақаттану, қазалы жағдай, зорланушылық
  • айқын көрсетілген қуыс – психосоматикалық шалдығу
  • кішкене немесе дөңгелек қуыс – сексуалды қайғыру немесе ерте сексуалды тәжірибе
  • қуыстың қатты белгіленген контуры – жарақаттың қатты әсері
  • қуыстың ішкі концентрлік дөңгелектері – өткен шақта қалдырылған «жазылған» тәжірибе
  • қуыстың қараға боялуы, штрихталуы – белгілі тәжірибеге байланысты ұят
  • үлкен қуыс – жаңғырту идеясын бірден ұғып алу
  • қуыстағы ақ тиін немесе құс – қорғануды және қолайлы жағдайды қажет етушілік, әкелік немесе аналық амбиваленттілік