Бала- біздің болашағымыз.

195

 

Тақырыбы  :      Бала- біздің болашағымыз.

 Мақсаты :

  1. Бала тәрбиесіне ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру .
  2. Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен  мұғалім арасында  үйлесімді жұмысты жолға қою.

Көрнекілігі : Өсиет  сөздер, тест сұрақтартары , қабырға газеттері .

Кіріспе бөлім :

Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы , көз қуанышы – бала . Бала – дербес тұлға .   Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып , әрленеді. « Бала нені білсе жастан, ұядан- өле – өлгенше  соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағана жатыр. « Бала  істеген жауыздықтың жазасын » тәрбиешісі көреді деген.  Бұл орайда  мектептің де ролі зор. Өйткені , отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие  бір- бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы – ата- анасы.  Бала ата-анасының, ата-ана баласының жан-дүниесін түсінбейінше , іс алға баспайды .  Ата-ана  мұғалімге көмекші , сенімді тірек болса , мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты  байланыс нығайғанда ғана , барлық  күрделі  мәселелердің  түйіні шешіледі.

 

Негізгі бөлім :

Отбасындағы  , мектептегі бала тәрбиесі қандай   ?

Келіңіздер  , осы тақырып төңерегінде  пікір алысайық.

І . Ой қозғау .

Ата-аналарға сұрақ:

 

  1. Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе ?
  2. Білім  алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба ?
  3. Мектептен үйге келгенде көңіл –күйіне мән бересіз бе ?
  4. Балаңыздың достарын білесіз бе ?

Ұстаздарға сұрақ :

  1. Баланы қабілетті , қабілетсіз деп бөлесіз бе ?
  2. Баламен қарым- қатынаста ата-ананың қызметі  сізді қызықтыра ма ?
  3. Баланың білім алуы мен  тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсың ба ?
  4. Сабақта  баланың көңіл –күйіне мән бересіз бе ?

Оқушыларға сұрақ :

  1. Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың ?
  2. Саған ұстазыңның қандай қасиеттері ұнайды ?
  3. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас  қандай болуы керек ?

ІІ.  Кездейсоқ жағдайдан шығу .

Ата-аналарға :

  • Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз ?

Ұстаздарға :

  • Сіз сыныпты тыныштандырып , сабақты бастап кеттіңіз . Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді . Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей , оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап « Сіз сабақ түсіндірген кезде  менің сізге қарап , күлкім келеді», -деді. Сіз қандай шара қолданасыз ?

Оқушыға :

  • Сен би кешіне баруға достарыңмен уәделесіп қойдың .

Ата-анаң рұқсат бермеді . Бұл жағдайдан қалай шығасың ?

ІІІ. Психологиялық сараптама .

Тестердің жауабынан  жинақтаған  ұпайларына қарап , бағыт- бағдар беріледі .

Қорытынды

Қадірлі Ұстаздар, ата-аналар , « Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып , жерге қаратпасын десең , балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне  уақытында көңіл бөліп , еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейік . Егер ата-ана мен  мектеп өзара  тығыз байланыста болса, балаларға бірдей  талап қойып отырса , тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары  жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

  1. \Баланы қабілетті , қабілетсіз деп бөлесіз бе ?

 

 

  1. Баламен қарым- қатынаста ата-ананың қызметі  сізді қызықтыра ма ?

 

 

  1. Баланың білім алуы мен  тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсың ба ?

 

 

  1. Сабақта  баланың көңіл –күйіне мән бересіз бе ?

 

 

  1. Сіз сыныпты тыныштандырып , сабақты бастап кеттіңіз . Бір уақытта оқушының  қатты күлкісі естілді . Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей , оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап « Сіз сабақ түсіндірген кезде  менің сізге қарап , күлкім келеді», -деді. Сіз қандай шара қолданасыз ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

« Ырыс-ынтымаққа жолығады , дәулет-бірлікпен толығады » деп Елбасымыз жолдауында айтқандай , ынтымақ пен бірліктің артуына барынша күш-жігеріміз бен білімімізді аямай жұмсайық .

 

Психологиялық дайындық

Әрбір сабақ-үйрену ,ұғу, ұлағат,

Әрбір ісің –тірлік,, тірек , адамдық

Әрбір сөзің шындық, бірлік, адамдық

 

Білім деген –менің жарқын көңілім,

Білім деген шаттық толы көңілім,

Білім деген-әнім болып төгілдің

Білім деген –болашағы өмірдің .

 

Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын .

Соқса дадауыл, өрт болып өмір,

Қанаттар балғын талмасын.

 

Ұстазсыз жанда сөнбек күн.

Шәкіртсіз өмір-айсыз түн.

Көрінсін талабы еңбектің.

Абыройы арта берсін еңбектің

Мектептегі психолог жұмысының басты                 мақсаты :

 

Білімді, мәдениетті ,  шығармашыл, әдепті , парасаты мол, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан  тұлға қалыптастыру .  Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеу, білу- оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық әрекеттерін және бейімділігін анықтау.Оқушы бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны болдырмау.     Жеке тұлғаның  ой-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлау қабілеті  мен сөйлеу мәнерінің  дұрыс қалыптасуына , жеке тұлғаның дарындылық, шығармашылық мүмкіндіктерінің толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіру ,  мұғалімдер ұжымында психологиялық  ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру,  жеке тұлға ерекшелігін ескеріп, жан-жақты түрде терең зерттеу болып табылады .    Мектепте психолог жеке тұлғаны зерттеуде үнемі тиімді әдістемелік жүйені іздестірумен қатар, жеке   тұлғаның   физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісі мен сана- сезімінің психологиялық дамуына ерекше назар аудару .