«Тәрбие бастауы — Ана»

 

Тақырыбы:  «Тәрбие бастауы — Ана»

Мақсаты: Ананың  қызына беретін үлгі — өнегелері  туралы түсіндіру; ананың «бесік жыры» арқылы қыздарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу жолдарын көрсету.

Түрі: сырласу

Құрметті Аналар, ұстаздар, қадірменді сұлу да  әсем арулар «Тәрбие бастауы — Ана »  атты сырласу кешіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз-ертеңгі сүйкімді бойжеткен, болашақ ана. Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне ерте замандардың өзінде-ақ көңіл бөлген. Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметтеп, олардың дөрекі сөйлемей, ізетті, ұстамды болуды талап еткен.  «Қыз өссе – елдің көркі» деп біздің қазақ халқы ежелден қыз баланы аялап, мәпелеп, ерекше құрметтеп, оның нәзік те  ақылды болып өсуіне мән берген. Сондықтан бүгін біз осыған орай сырласу кешін ұйымдастырып отырмыз.

Бүгінгі кешіміздің қонақтары:

  1. Бірімізге ақылшы ана, бірімізге жанашыр әже — Мукарима әжей
  2. Ауылымыздың үлгі тұтар келіні бірімізге ақылшы женге -Айнұр Жақсылыққызы
  3. Ауылымыздың дәрігері әрі қамқоршы ана — Гүлбарам Халелқызы
  4. Мектебіміздің директоры Тансұлу Қалиқызы
  5. Тәжірибелі ұстаз Гүлмайра Сәкенқызы

Кешіміздің тақырыбы да соған байланысты  «Тәрбие бастауы — Ана»   деп аталады.

Кештің беташарын «Сіңліге сыр» атты өлеңмен ашсам деймін.

1.Осал да болма ойыңнан оңай адасқан,

Өжет те болма орынсыз сөзге таласқан.

Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,

Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан.

 

Айтарым тағы берік бол сертке бір сөйле,

Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де.

Қыз мінез деген – сұлулық сыры өмірдің,

Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде.

 

Десекте біздер , жастықтың сырын аз ұқтық,

Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.

Ісіңмен кейін есіңе сақта, жарқыным,

Жеңілме  мықты қаруың сенің – нәзіктік.

 

Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,

Досыңды, «Тағдыр талқысы сол» деп тастама.

Дұшпаның саған ойласа алуан қастандық,

Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.

 

Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,

Өзгелер сені «адамдық бірі осы»-дер.

Арыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер,

Алдыңа келіп өздері кейін бас иер.

Кешіміздің барысы:

  1. «Сезім бөлісу сәті » (жақсы қасиеттерді айту)
  2. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу, жаднама)
  3. «Балалық шақ- бақытты шақ» (аналармен ой бөлісу)
  4. «Ананы құрметтеп, нұрға бөлейік…» Дәрігермен, қонақтармен пікірлесу
  5. «Бақыт» сырын ұғыну

Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен  әлемді тербетеді деген. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесінің көтеріле түсуіне  өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық!

ән «Асыл әже» орындайтын 6 сынып оқушысы Темиров.Е

1-ші бөлім «Сезім бөлісу  сәті»  алдарыңыздағы  жүрекке  келип отырған қонақтар, аналардың қыздардың бойындағы қандай жақсы қасиеттерін көріп жүрсіздер соны жазасыздар

Қыз өссе — елдің көркі» — дегендей ежелден ата — бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы — қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» — деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз — ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел — барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.-
дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман — Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?!
Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет — жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.

2-ші бөлім «Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу, жаднама)

«Тәрбие – табалдырықтан басталады» деген  нақылдың өзі өмірден алған шындық. Өмір есігін енді ашқан бөбекті жұбату үшін «бесік жыры» айтылған Осы «бесік жыры» арқылы халқымыз өзінің сол бөбекке деген тілегін, үмітін, жақсы азамат болып, өмірден өз орнын тапса екен деген арман  білдірген.

Отырысымыздың барысында қыздарға ана мен қыз арасындағы қарым қатынас жөнінде бірнеше сауал қойып пікірлерін білдірсе

  1. Жанұядағы саған ең жақын жан кім? Неліктен?
  2. Анаңмен сырласып, жеке басыңның сырын ашасың ба?
  3. Өзіңді толғандырып, жауабын, шешімін таппай жүрген сұрақтарыңа анаңнан ақыл-кеңес сұрайсың ба?

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін қыз баланың бойына   сіңіре  отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,   шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа   инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып,  ар тазалығын  жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен  бастау алғаны нұр үстіне нұр болып отыр.  Біз ата-ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған  халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».Ұлттық салт- дәстүрімізді білу,оның астарын түсініп,  атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай   қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің   өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

«Қызым саған айтам…» деген нақыл сөз арқылы өзіміздің дайындаған мына бір ақыл-кеңесімізді өздеріңізге ұсынамыз.

1.Ешқашан да ешкімді жамандама.Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

2.Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.

3.Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.

4.Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай нәрсе жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

5.Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.

6.Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу-дарақылық белгісі.

7.Ауыз шешендік әркімде болады.Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөймегені абзал.Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы- бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан, оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны жөн.

9.Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек.Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын қажет етеді.

3-ші бөлім «Балалық шақ- бақытты шақ» (аналармен ой бөлісу)

1.Сіздің балалық шағыңыз бен қазіргі таңдағы қыз балалар тәрбиесінің айырмашылығы бар ма?

Балалық шағыңыздан қызықты әңгімеңіз

Қазақта «Әкемді алсаң ал, құдай, шешемді қой, шекпенімді тоқып берсе де өлмеймін ғой » деген нақыл сөз бар, аналық парызыңызды қалай өтеп жүрсіз?

  1. Ана ретінде қызыңызға нені үлгі тұтар едіңіз?
  2. «Аяғын көріп асын іш, Анасын көріп қызын ал» деп, ата-бабаларымыз айтып кеткен екен, қызыңызға берген аналық тәрбиеңізге ризасыз ба?

Ән «Ана» орындайтын   Мемлекет. С

4-ші бөлім «Ананы құрметтеп, нұрға бөлейік…»  Дәрігермен, қонақтармен пікірлесу

  1. Дәрігер қыз балалардың тазалық гигиенасын айту
  2. Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,

Сағынышым – сары ормандай самсаған.

Әке болып жүргенімді ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған,- деп ақын сөзбен айтқандай, отбасында үлкенді ата-әжесін пір тұтқан

———————————————————————————————————-

  1. Қыздар тәрбиесінің көлеңкелі, күңгірт жақтарын қозғайтын болсақ, бүгінгі заманда қазақ қызының тәрбиесінің жағдайы сізді қандай мәселелерімен толғандырады?

4.Жас қыздарымыз көптеген жат қылықтарға ұрынып жүр , сол туралы ойыңыз?

  1. Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» деп, оны қамқорлыққа алған, қазіргі уақытта қыздар тәрбиесінде жұмсақтық тіпті жете көңіл бөлмеушілік көрсетіп жүрген жоқпыз ба?

Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөле отырып, ел дәстүрі мен ата-салтына үйрету  әр отбасының,  сонымен бірге мектептегі ұстаздардың, қоғам алдындағы борышы екенін  естен шығармағаны жөн.

5-ші бөлңм «Бақыт» сырын ұғыну

Бақыт дегенді қалай  түсінесіздер?

Олай болса ақын ағамыздың ойын тыңдайық

Әр біріңіздің отбастарыңызға «Бақыт», «Қуашыш» тілеймін . Отбасыларыңыздың бақытына бөленіп жүре беріңіздер.

Мектеп өмірінде  өнегелі істер мен сыпайылық қарым- қатынасқа  тәрбиеленген  қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік  құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі — жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері — ағысы қатты  арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас , енді бірі өткір де өжет.

Өмірде ана- бақыт, ана пана пана,талай

Өмірде өркендетер ана ғана .

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Бүгінгі кешімізге келіп ой бөліскен қонақтарымызбен аналарымызға алғысымызды айтамыз.

жанымызға жақын ұстай білейік.