«Өзіңді-өзің тани біл»

152

Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді-өзің тани біл»

Мақсаты: Оқушының бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату, мейірділік, ойшылдық т.б. қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Өту әдісі: жеке әңгеме, дамыту ойындары.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

«Жел кімге қарай соғады?» ойыны  авт. Нұрмұхамбетова Т.Р.

Мақсаты: баланың зейінділігін нығайту, басқа адамдардың жақсы қасиеттеріне көңіл аударып оны бағалауға үйрету. 

Ойынның ережесімен таныстыру. «Мен әрқайсыңның өздеріне тән ерекшеліктеріңді атап отырамын, (ойыншықтарды ойынға есімін атап қатыстыру) ал сен ол кім екенін табуың керек. Ыстық күнде салқын жел жирен шашты балаға қарай соғып тұр. Ол кім? Енді желдің беті мамасын тындайтын балаға қарай ауды. Ол кім? Енді жел сіңілісі бар қызға қарай ауды. Ол кім? Жел жылауық баланы көргенде күшейіп кетеді. Біздің ортамызда ондайлар бар ма? Жоқ. Жел тәртіпті  қызға қарай бет бұрды. Оны танисыңдарма? Ал енді жел ерекше ашық жарқын, улкендерді сыйлайтын, адамгершілігі мол қызды іздей бастады, ал біз оған көмектесіп жіберейік.

«Кімде қандай қасиет бар» ойыны   авт. Нұрмұхамбетова Т.Р.

Малдың түрі бейнеленген карточканы таңдап алады. Мысалы: ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік , түйе және такаппарлық және т.б.

Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді. Талдау.

 

 «Сурет салу» Суретпен жұмыс. Арттерапия методикасы бойынша.

 

Ойындағы жақсы қасиеттері бар қыздың суретін салу, өз еркіні бойынша. Суретті талдау. Бұл кімнің суреті? Сенің? Ал бұл суретте кім? Ол саған ұнайды ма? Не үшін? Бұл қызда қандай жақсы қасиеттері бар? Сен маған айтып бересің бе?

Талдау. ……………………………………………………………..

 

Нәтижесі: ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..

 

Үйге тапсырма беру: Көніл күйге байланысты сурет салу.

 Тексерген: