«Этикет не үшін керек» авт. Н.П.Слободяник

Сабақтың тақырыбы: «Этикет не үшін керек» авт. Н.П.Слободяник

Мақсаты: Этикетке және берілген тәртіп ережелеріне дұрыс көзқарасты қалыптастыру.

Өту әдісі: жеке әнгеме,ойын, талдау.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

 Оқушы өзі байқаған адамдардың сыпайыгершілік қылықтарын айтып бөліседі.

     Оқиғалы рольді ойын өткізу «Туған күн». Бұл ойынға сінілісі мен інісін қатыстыру керек. Қатысушыларға олардың ойнайтын рольдері аталып, бұл кейіпкерлерге мінездеме беріледі. Содан кейін рольдің аты жазылған (туған күні иесі, оның көмекшісі , білгіш , ренжігіш , айғайлағыш, төбелескіш) рольдерімен уақытша өз еркімен көрсетеді. Ойынды бағалайтын психолог, болады. Ойын кезінде айғай-шу болса , психологтың белгісімен  айқай-шу тоқталады.

Талдау:

Мереке жақсы өтті ме? Неге?

Мерекеде ең бастысы кім?

Туған күн иесіне үнемі көңіл бөлу керек пе?

Көп көңіл бөлуден, ол даңдайсып кетпей ме?

(жоқ себебі, туған күн жылына бір ақ рет болады).

Бәріне жақсы болу үшін, не істеу керек?

Этикет сөзі нені білдіреді?

Этикетті не үшін ойлап тапқан?

Егер этикет талаптары орындалмаса (дүкенде , мектепте, ауруханада  және т.б.) не болар еді.

Этикет туралы кітаптармен таныстыру:

Мұғалім этикет туралы әр түрлі кітаптарға балалардың зейінін аударып , біреуіне тоқталады. Содан кейін кейбір оқушыларға (алдын-ала дайындалған) этикет ережелері туралы айтып беруін өтінеді.

Сабақты талдау:

Сендер этикет ережелерін білесіңдер ме?

Күнделікті өмірде қандай ережелер жиі пайдаланылады?

Қашан және неге этикет ережесін орындауда қиыншылықтр кездеседі?

Нәтижесі:

Үйге тапсырма беру: Этикет жайлы материал жинау