«Өзара қарым-қатынас мәдениеті»

201

Сабақтың тақырыбы: «Өзара қарым-қатынас мәдениеті»

Өту әдісі: Сюжет. Түсінік беру. Талдау.  Жаттығу.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

Сюжет.  Сайран ағаның бойындағы  жақсы қасиеттерді айтып бер.

Біздің үйге көршілес бір тамаша адам тұрады. Ол егде тартқан адам, біз бәріміз ол кісіні «Сайран аға» деп атаймыз. Сайран аға ағаштан әдемі заттар жасап, біздің ауланың балаларына сыйға береді. Оның қалтасында әрдайым кәмпит болады, соны ауланың балаларына таратады. Сайран аға біздің аулада шуылдап ойнағанымызды және балалардың күлкісін жақсы көреді. Бірде ол кісі бізді ауласына шақырып, өзінің жасаған, біз көрмеген ең жақсы бұйымдарын таңдап алуымызға рұқсат берді. Маған аюдың мүсіні ұнады, ол осы күнге дейін үйде тұр. Мен ағаш аюды көргенде Сайран ағаны……………………………адам ретінде есіме аламын.

 Нәтижелер кестесі

Оқушылардың іс-әрекеттегі жақсы қасиеттерді түсіну деңгейі

Түсіну Түсінбеу
Қасиеттер санап шығылады: жомарттық, кеңпейілділік, қайырымдылық т.б.  Жомарттықпен, кеңпейілділікпен, қайырымдылықпен т.б. байланыспайтын қасиеттер санап шығарылады.

 

Сенің ойыңша қарым-қатынаста өте қажет ережелерді қандай болу керек?  

Қарым-қатынас жасауда келесі ережелерді ұстану керек:

  1. Барлық адамдармен амандасып жүру керек
  2. Адамға құрметпен қара
  3. Қайырымды бол
  4. Өз сұхбаттасыңның пікіріне құрметпен қара.
  5. Өз ойыңды еркін жеткіз
  6. Қарым-қатынаста өзара түсіністікке талпыну керек.

 

«Көшіп, қону».

Мақсаты: Баланың талғамын арттыру, өзіне сенімділігн нақтылау, еңбек етуге тәрбиелеу

Психолог:  балаға: «Мына біз отырған бөлмені жақсылап қара, ал енді осы жерде қалай, нені өзгертсек болады? Орындықтар мен үстелді жылжытып қалаған жерге қойындар, әлдердің келетін нәрсенің бәрін жылжытындар. Кітап, ойыншық, т.с.с. заттарды да орнын ауыстыруларыңа болады. Осы бөлмені танымастай етіп, қалауларыңша жаса. Өте жақсы. Ал енді отырып қарашы, сен бөлмені тамаша етіп өзгертіп жібердің. Енді бәрін орын-орнына қойып, бөлмені өз қалпына келтірейік». Ескерту: Балалардың жасаған тірлігін мақтап отыру қажет, ол баланың қызығушылығы мен құлшынысын арттырады.

Нәтижесі: ………………………………………………………………………………………………………………………………………… Үйге тапсырма беру: Мен және менің достарым. Сурет