«Сөйлеу тіл мәдениеті»

Сабақтың тақырыбы: «Сөйлеу тіл мәдениеті»

Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

Қайырымды адам қандай болады? Дұрыс жауапты таңдап, оны шеңбермен сыз.

 

{ Қайырымды адам дегеніміз – кейбір кезде жақсы қылық жасайтын және өзіне ғана қайырыммен қарайтын адам.

{ Қайырымды адам – жақсы істерді марапат үшін жасайтын, өзінің жақын адамдарына ғана қайырым тілейтін жан.

{ Қайырымды адам – басқаларға қамқор және ақкөңіл адам, жақсы істер жасайды, басқа адамдарға ізгілік тілейді.

 

Әңгімені мұқият оқып шық және сұрақтарға жауап бере отырып, талдау жаса.

¯ ¯ ¯

Мысық пен балапан жылап тұрған күшікті кездестіреді. Күшік ата-анасын жоғалтып алыпты, қарны аш. Сол уақытта қастарынан нан шайнап бара жатқан бота өтіп бара жатады. Мысық одан бір үзім нан беруін өтінеді. Бота нанның өзінде де аз екенін айтып, анасына қарай қашып кетеді.

Келесі сұрақтарға жауап бер:

N Әңгімеде қандай жануар туралы айтылады?

N Күшік неліктен жылады?

N Мысық  не істегісі келді?

N Сен қалай ойлайсың, ботаның мысықтан   айырмашылығы неде?

N Жазылған әңгімеде  саған  қай жануар  ұнады? Неге?

 

N Қайырымдылық – бұл…………………………….

N Әдептілік – бұл …………………………………………………

 

Мақсаты: Емін еркін қатынас жасауға жағдай жасау.

Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен жеткізу керек. Мысалы: сен жақсы адамсың.

Нәтижесі: …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..

 

Үйге тапсырма беру:

Қайырымдылық – бұл…………………………

Әдептілік – бұл …………………………………

осы сұрақтарға ойын толықтырып жауабын дайындау.