«Көркемділікке саяхат»

Сабақтың тақырыбы: «Көркемділікке саяхат»

Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.

Сабақтың барасы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

    Әлемде неше түрлі тамаша елдер, ғимараттар, ерекше жасалған заттар  бар,  ал ең алдымен адам бойындағы көркем қасиеттері, іс-әрекеттері, батылдығы бағаланады.

«Сезімдер әлемі» жаттығуы. Жүргізуші әрбір оқушыға екі таратпадан алуды ұсынады. Сары және жасыл түстерде төмендегі сезімдер келтірілген:

 

Сары таратпаларЖасыл таратпалар
Қуаныш, үміт, таңдану, махаббат, салмақтылық, мейірім, батылдық, достастық, сенімділік.Қайғы, мұң, ашу, қысым, қорқыныш, кек, бейғамдық, қызғаншақтық, реніш, өзіне риза болмау, қулық.

 

«Шаршап кеттім» мысалы. Қожанасырдың түсіне өзі жұмақта жүргені кіреді. Керемет жерде жүр екен. Іші пысып кетіп, «Кім бар!» деген екен. Сол кезде әдемі адам пайда болып: «Мен сіздің қызметіңіздемін!» депті. «Не бұйырсаң да орындаймын» депті. Қожанасыр не сұраса да, барлығы қас-қағым сәтте орындалыпты. Осылайша бірнеше күндер өтіпті. Бірақ ұзақ уақыт бойы өте жақсы болса, ол да жақсы емес екен. Бәрі жақсы болғаны соншалықты одан да шаршап кетіпті. Ол бақытсыздық іздей бастапты. Өйткені, ол өмір бойы қысым, уайым сезімдерін көрген.

Сондықтан шыдай алмаған ол жұмыс істегісі келеді. Сол кезде әдемі адам оны жасай алмайтынын атап өтті. Сонда Қожанасыр бұдан да тозаққа барған жақсы ғой дегенде, әдемі адам құлағаша күліп: «Сен қайдасың деп ойлайсың» деген екен.

Талқылау.

«Алақан» жаттығуы.

Әрбір саусаққа өз бойындағы іскерлікті, қабілетті, жағымды қасиеттерді, мінездің мықты жақтарын жазады. Сосын жүргізуші әрбір алақандағы жазуларды оқиды, ал қатысушылар оның кім екенін анықтайды.

«Мен бәрінен жақсы істей аламын» жаттығуы.

Допты ұстаған адам өзінің нені күшті жасай алатынын топ алдында айтады. Өз жетістігін аргументтеу қажет.

Нәтижесі: ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….Үйге тапсырма беру: