«Айналадағы әлемге саяхат»

117

Сабақтың тақырыбы: «Айналадағы әлемге саяхат»

Өту әдісі: Талдау, әнгіме

Сабақтың барасы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

Қоршаған ортамыз, айналадағы әлем қандай деп ойлайсын? Біз қандай елде тұрамыз? Әрбір бала кішкентай кезінде барлық елді аралап, саяхат жасауға армандайды. Ал сен қалай ойлайсың, сенің осындай арманын болды ма? Әлемге саяхат үйде отырып, жасауға болады, қалай деп ойлайсың?

”Дана адамның оқушысы мен піл“ мысалы (Лавский В.В. , 1997).

            Бір орманда көп шәкірті  бар дана адам өмір кешіпті. Ол шәкірттерін шындыққа, әділеттілікке үйретіп, ол: ”Дүниенің барлық   затын, тіршілік иесін Алла жасаған , сондықтан да оларды бағалау керек, барлығының жүрегінде Алла бар“ деген екен.

Бірде бір шәкірті орманға ағаш алып келуге кетеді. Жолда асыққан, құтырған пілдің аласұрып келе жатқанын байқапты. Пілге  мінген адам жан ұшыра: ”Жолдан қаш, жолдан қаш! Піл құтырды!“ деп айғайлады. Бірақ шәкірт қашудың орнына ұстазының айтқанын есіне түсіріп: ”Пілде де мендегі сияқты жүрегінде Алла бар, сондықтан піл екіншіге зиян келтірмейді. Маған қашудың қажеті жоқ.“ деп шешеді.  Ол осылайша бір жерден қимылдамай тұрады. Піл мінген адам одан сайын одан сайын: ”Жолдан кет!“ деп айғайлады. Құтырған піл шәкіртті тұмсығымен орап алып, аспанға көтеріп, жерге бар күшімен бір-ақ орды. Шәкірт қан жоса болып, есінен танып қалды.

Данагөй адам бақытсыз жағдайды естіп, басқа шәкірттерімен оны үйіне апарады. Сосын шәкірт өзіне келіп, не болғанын айтып берді. Сонда дана адам оған: Алла барлық жанды, жансыз тіршілікті жасағаны және әрбірінің жүрегінде бар екені анық, бірақ пілдің жүрегінде Алла болса, пілге мінген адамның жүрегінде де Алла бар екенін неге есіңнен шығардың? Неге көңіліңді піл мінген адамға емес, пілге аудардың? деп жауап беріп, әрі өзіне қарсы сұрақ қойған екен.

Талқылау.

 

”Алыптар қаласы“ жаттығуы.

Жүргізуші: ”Бір түнде үш метрлік алып адамға айналып кеттіңіздер. Сіздердің әрекеттеріңіз?“ Нұсқалар: үш сантиметрге айналып кеттіңіздер

”Аққу, шортан және шаян “ жаттығуы.

Үшеуі қандай ойын ойнайтынын келісу керек.

Нәтижесі: ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….Үйге тапсырма беру: