«Мен және менің болашағым»

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің болашағым»

Өту әдісі: Талдау, әнгіме

Сабақтың барасы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

Болашақ деген не? Ол жайлы не ойлаймыз? Әр адам өз болашағын ойлап, арман қойып талмынады. Сенің қандай болашаққа деген арманын бар?

«Сен-арыстансың» мысалы.

Құрсағында баласы бар арыстан қойларға тап береді, осы жорық оның өмірін қиды. Арыстан қиналып жатып босанып, өмірге кішкентай арыстанның келді. Кішкентай арыстан анасынан айырылып, қойлардың қамқорлығында қалды. Ол солармен бірге өсіп, шөппен қоректенді. Арыстанның сыртқы пішіні арыстанға ұқсағанымен, ақыл-ойы қойдыкіндей болып қалды.

Біршама уақыт өткен соң қойдың отарына арыстан қорек аулауға келеді. Ол өзінің қандас –арыстаны қойша қорқып қашқанын көріп таңданады.

Содан кейін арыстан оны аңди бастайды, бір күні оны көріп, оған: «Оян! Сен – арыстансың! – деп айтты. Ол қорқып кетіп «Жоқ» деп жауап қатады. «Мен — қоймын»- дейді. Сол кезде оны арыстан көлге апарып бейнесін көрсетті. Ол бірінші арыстанға сосын өз бейнесіне қарап өзінің арыстан екенін сезіне бастады. Ол маңырауды қойып, ырылдай бастады».

Талқылау.

«Бүлдірген» жаттығуы.

Бір адам жолбарысқа кезігіп қалыпты. Ол қашыпты, жолбарыс оны қуып келеді екен. Жарға келіп, жабайы жүзім тамырына жармасыпты. Бір жолбарыс жерде ырылдап тұр, бір жолбарыс жоғарыда ырылдап тұр. Тек қана жабайы жүзімнің тамыры ғана ұстап тұр. Екі тышқан тамырды кеміре бастады. Кенет адам піскен бүлдірген бұтағын көрді. Бір қолымен тамырды ұстап тұрып, бүлдіргенді үзіп алды… иісі қандай десеңші!

Талдау және өз ойымен әнгімені жалғастыру.

Жалпы өтілген сабақ жайлы, осы сабақтардан қандай әсер алдың, не үйрендің, өз пікірлерімен бөлісіп айтсан. Талқылау  өткізу, өзінің ішкі жан дүниесін ұғу арқылы өзін-өзі оң тану қалыптасатынына көз жеткізілдіме?

Нәтижесі: ………………………………………………………………………………………………………………………………………………….. Үйге тапсырма беру: