« Мен 5- сыныпқа барамын»

59

 

Сабақтың тақырыбы: « Мен 5- сыныпқа барамын»

Мақсаты: Оқушыларды ойын-жаттығулар арқылы 5-сыныпқа

даярлау, оқушы көзқарасын қалыптастыру, қабілетін

тануға көмектесу. Оқушылардың ой-пікірлерін, жағдаяттарды талдай отырып, өз ойларын еркін айта білуге жетелеу. Жолдастарын тыңдай отырып, қорытынды ой айта білуге дағдыландыру.

Түрі: тренинг

 

Әдісі: ойын-жаттығу, жағдаяттардан шығу жолдары.

 

Көрнекілігі: ақ парақ, маркер, майшам, көңіл-күйлер бейнеленген суреттер.

 

Өту барысы.

 

  1. Сәлемдесу.

 

  1. Шағын пікірталас.

 

  1. Ситуациялық жағдаяттар.

 

  1. «Көңіл-күй» ойын-жаттығу.

 

  1. «Үміт хаты» жаттығуы.

 

  1. «Қош бол, кедергілер» жаттығуы.

 

  1. «Майшам» жаттығуы.

 

  1. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгін біз «Мен 5-сыныпқа барамын» атты тренинг  сабағымызға  қош келдіңіздер. Сабағымызды бастамас бұрын атомдар мен молекулалар арқылы топқа бөлу. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек.

Сіздер үш топқа бөліндіңіздер. Енді үш топ өздеріңізге берілген тапсырмаларды орындаймыз.

 

2.Шағын пікірталас.

1-ші топ: 4-сыныпта не жеңіл, не қиын алдарыңыздағы плакатқа жазасыздар.

2-ші топ: Алдағы 5-сыныпты қалай көздеріңізге елестетесіздер?

3-ші топ: 5-сыныптың  сынып жетекшісі қандай болғанын қалайсыз?

Содан кейін топтардан бір кісіден шығып өз ой-пікірлерін айтады.

 

3.Ситуациялық жағдаяттар.  Үш топқа жағдаяттар беріледі.

  1. Таңартең сабаққа мамаң шығарып салды, екі алма, бес алып кел деп жіберді. Сен сабақтан екі алдың, мамаңа қалай айтасың.
  2. Есеп шығара алмадың, не істейсің?
  3. Сабақтың алғашқы күндері, сабаққа дайындалмай келдің, мұғалімнен қорқып отырсың, сабақ сұрады не деп жауап бересің?

 

  1. «Көңіл-күй» жаттығуы.

Менің алдымда билеттер жатыр, екі топқа   билет беріледі. Билеттің ішіндегі сөзді оқып, сол кейіпке еніп көрсетесіздер, қарсы топ тауып айту.

  • Сабақта ұялып тұрған бала, екі алып жылап тұрған бала, мұғалімге ренжіп тұрған бала, «5» алып қуанып тұрған бала, мақтанып тұрған бала.

— Әр түрлі жануарлардың бейнесін салу.

— Әр түрлі жануарлардың даусынан  өлең шығару.

 

 

  1. «Үміт хаты» жаттығуы.

Мақсаты: Сыныптастары туралы ой-пікірлері , қасиеттерін анықтау.

Оқушыларға аттары жазылған  парақтар үлестіріледі, осы оқушының қасиеттері туралы  жазу тапсырылады.

 

  1. «Қош бол кедергілер» жаттығуы.

Мақсаты: оқушыларды 5 сыныпқа бару қорқыныш сезімдерінен арылту.

Сіздер 5- сыныпқа барасыздар, қорқыныштарың болады, сол қорқыныштарыңды ақ параққа түсіріңдер. Содан кейін салған қорқыныштарыңды умаждап себетке саламыз. Сөйтіп, қорқыныштарымыздан арыламыз.

 

 

  1. «Майшам» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың бір-біріне тілектерін білдіру.

Оқушылар менің қолымдағы майшамға  назар аударыңыздар. Қазір ол сендердің қолдарыңнан өтеді, сыныптас достарымызға өз тілектерімізді айтамыз. Мен бастаймын, Бақыт 5 сыныпқа барғанда да сабағыңды жақсы оқып, үлгілі оқушы болуыңды тілеймін.

 

8.Қорытынды:

Оқушылар сабағымыз аяқтала келді, барлығыңызда сабаққа жақсы қатыстыңыздар. 5 – сыныпқа барар қадамдарыңызға сәттілік тілеймін, сабақтарыңды  тек жақсы оқып, алдағы кездесетін кедергілерден сүрінбей өтеді деп сіздерге сенімімді білдіремін.

   Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Сабақта ұялып тұрған бала
  • Екі алып жылап тұрған бала
  • Мұғалімге ренжіп тұрған бала
  • «5» алып қуанып тұрған бала
  • Мақтанып тұрған бала.

 

 

 

 

— Әр түрлі жануарлардың бейнесін салу.

 

 

 

 

 

 

    — Әр түрлі жануарлардың даусынан  өлең шығару.

 

 

 

1.Таңартең сабаққа мамаң шығарып салды, екі алма, бес алып кел деп жіберді. Сен сабақтан екі алдың, мамаңа қалай айтасың.

 

 

 

2.Есеп шығара алмадыңдар, не істейсіңдер?

 

 

 

3.Сабақтың алғашқы күндері, сабаққа дайындалмай келдің, мұғалімнен қорқып отырсың, сабақ сұрады не деп жауап бересің?

 

1-ші топ: 4-сыныпта не жеңіл, не қиын алдарыңыздағы плакатқа жазасыздар.

 

 

 

 

 

2-ші топ: Алдағы 5-сыныпты қалай көздеріңізге елестетесіздер?

 

 

 

 

3-ші топ: 5-сыныптың  сынып жетекшісі қандай болғанын қалайсыз?