12 жылдық білім беруде оқушы тұлғасын дамытудың мүмкіндіктері

 

12 жылдық білім беруде оқушы тұлғасын дамытудың мүмкіндіктері

 «Бала ауру , зағип болса, баладан емес , тәрбиешіден;

бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі;

бала сұлулықтан ләззәт ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы.»

М.Жұмабаев.

 

Халқымыздың ежелден –ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,олардың парасаты мол,мейірімді,ақылды,еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала балқыған қорғасындай ,қандай да  қалыпқа құйюға болады»делінген,халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек.Тәуелсіз еліміздің  еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың тәрбиесі бүгінгі күннің ең өзекті мәселерінің біріне айналып отыр.

Заман ілгері жылжыған,ғылым дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқанынан басталатындығы анықталып отыр.Ендеше үзіліссіз тәлім-тәрбие үрдісінің түп тамыры,өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған жолдауында « XXI ғасырда білімін дамыта алмаған  елдің тығырыққа тірелері анық» дей келе кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты.Сонымен қатар бұл мәселенің негізінің мектептен басталатынын , сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті. Қазіргі таңда  қоғам алдына қойылып отырған  басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып,дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін,жастарға сапалы білім беруге  жағдай жасайтын және олардың үлесімді дамуына ,жеке бастың  тұлға ретінде қалыптасуына  басталғаннан жаңа үлгіден мектеп құру болып отыр.

Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12жылдық мерзімге өтуімен ұштасып отыр.

Қазіргі заманғы  он екі жылдыққа  өтудегі тәрбие жұмысының  мәні-жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті , өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай , өзін көрсете білетін жоғары білімді , ұлттық тьілді , тарихты жетік меңгерген , отанджық және әлемдік мәдениетті меңгерген , бәсекекге қабілетті , шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

-тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін дамыту;

-құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту;

-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

-мақсат-мүдделері  мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл мақсат ,міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың жаңа әдістерін (технологиясын) , жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін , денсаулық сақтаушы әдісін қолдана отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет.

Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау  баршамыздың парызымыз.

Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адамға ең бірінші керегі тәрбие» — деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі- тәрбие.

Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы.

Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына  сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген–ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай  шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз.

Оқушының жеке тұлға ретінде қалыаптасуына тәрбиенің әсері К.Д. Ушинский, А.В. Луначарский, Н.К. Крупская және т.б. еңбектерінде қарастырылса, жеке тұлғаны дамыту мәселелері П.П.Блонскидің, Л.С. Выготскидің , Л.В.Занковтың, Д.Б.Элкониннің және т.б. еңбектерінің негізгі арқауы болып табылады. Тәрбие ісін – деді А.В.Луначарский,- тек оқыту деп қарауға болмайды. Себебі, адам ойы оқыту жолымен толықтыратын тек ақылдан ғана тұрмайды. Адамды оқыту дегеннің өзі оның сезімін, оның еркін тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты — деп тәрбие ісін негізінен алғашқы білім берудің бастамасы деп қарайды.

Жалпы тәрбие мәселесінің негізін салған Н.К. Крупская оқушылардың жан-жақты  дамуын зерттей келе, тәрбиелеу мен оқытуды бірдей, өзара байланыстыра отырып жүргізуді ұсынады.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. шығармаларының негізгі арқауы. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды» (білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға) тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.

Тәрбиенің негізгі  мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі ояу, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,ар-ожданы, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Тәрбие ісі- ұзақ және күрделі үрдіс. Адамзат дамуының қай кезеңінде болсын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. Өйткені, мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса, тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.

ХХІ ғасыр – ақпарататр мен ғаламдасу ғасыры десек, заман талабына сай жастарымызды тәрбиелеп, Отанына деген шынайы сүйіспеншілігін ояту-қоғамның бүгінгі ең өзекті мәселесі. Жастар – елдің болашағы, тірегі. Сондықтан ұрпақ тәрбисіне селқос қарауға болмайды. Тәрбиелеу мәселесінде  жаңашылдық көзқарас танытып, өзгерістер танытып,  өзгерістер енгізу — бүгінгі күннің талабы.

Тәуелсіз мемлектіміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған қоса жеткізудің негізгі жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұру, нәтиже мен сапаға бағыттау, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетіліп отыр.

Біздің қоғамда білім беру мәселесі бірінші орында болып, сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге болады деген түсінік қалыптасып қалды да, тәрбие мәселесі соңғы жылдарда әлеуметтік – экономикалық қыспақтардың салдарынан кенжелеп, тіпті оған селқостық таныту белең алды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің  Республикалық съезінде атап көрсеткндей, оқыту мен тәрбиелеудің бір-бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі  жастар арасындағы мұратсыздық пен кері  кетушілікке себеп болды деді. Міне, осы кері кетушілікті атап айтқанда, оқу мен тәрбиенің ара жігіндегі кері кетушілікті (жетіспеушілікті) қалыптастыруды жаңа білім беру жүйесі қолға алып отыр..

12 жылдық білім беруге  біртіндеп көшуді жүзеге асыру — оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсініп, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік танытуын қамтитын процесс дейтін болсақ, мектеп бала тәрбиесіндегі белсенді де баға жетпес әлеумттік орталыққа айналатындығы хақ.

Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете  білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыру болып оыр.  Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

-тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру;

— құзыреттіліктрді қалыптастыру және дамыту;

Оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат- мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл мақсат – міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыруы қажет.

12 жылдық оқытудағы тәрбие жүйесі – мектеп жасындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлдерін игеруге ықпал жасайды Міне, 12 жылдық білім беруде әр ұстаз баланың өзін-өзі дамыту күштерін қалыптастыру керек. М. Князеваның ойынша «адамның өзін-өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады», -деген екен.

12 жылдық білім беруде тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болуы:

. тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы;

. тәрбиенің жүйелік сипатта болуы;

.  тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін

мұғалмдердің өзара әрекеттестігі – тәрбие жүйесінің кепілі;

. тәрбие процесі-жеке тұлғалық қасиеттерге  бағытталуының іс-әрекетіне,

құндылықтарына, құзіреттіліктеріне сүйену қажет.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі тәрбие берудің ерекшелігі –тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана  шектеліп қана қоймай, жалпы адамзаттық және өркениетті дамыған мемлекеттердің озық жетістіктерін, мәдениетін т.б. адамгершілік құндылықтарын игеру арқылы тұлғаның жан-жақтылығын тәрбиелеу.  Әрине, айтылған мақсатқа жету үшін, мектеп ұжымы (пән мұғалімдері, мектеп басшылыры, сынып жетекшілері, медбике, психолог, т.б.) оны іске асыру үшін ортақ іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жетуге болады.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:

Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі –  адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

.Үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім –тәрбие.

Әр халықтың тәлім – тәрбиелік мұрасы – мәдениеттің құнды бөлігі. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой — пікірлерін оқу- тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру. Өнегелі тәрбие ісін дүниежүзілік ғылыми және рухани қазынаны ұлттық мұрамен ұштастыру арқылы жүзеге асыру.

Жас ұрпақты  іс — әрекет пен қарым — қатынас арқылы тәрбиелеу.

Балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа

машыққтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу. Ата –ана мен бала , тәрбиеші мен

тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым – қатынасты өзара сенімге,

қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый құрметпен қарауға негіздеу.

Тәрбие жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану.

.        Тәрбие жүйесінің барлық сатылары мен салаларында тәрбиенің сабақтастығын, үздіксіздігін, бірлігін қамтамасыз ету.

Тәрбиелеудің дәстүрлі әдіс — тәсілдері оқушы деңгейіне сай болу үшін түрлендіруді, жаңашыл инновациялық тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.

Жас ұрпақ дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой  өрісінің жоғары болуы оқу -тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы» — дейді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын    Тәуелсіз еліміздің азаматын парасатты да білімді, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеп, дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек қалың көпшілік бірлесе күш салу керек.

Жас бала – жаңа өркен  жайған  жасыл ағаш тәрізді»,-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас  көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Қорыта  айтқанда,12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі.Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды,сонымен қатар білім алуға талпынушылық. Яғни балалардың оқу әрекеті,танымдық белсенділігі жеке бастың адами қасиеттері осы кезеңде қаланады.

Сондықтан барлық ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге жан-жақты дайындықпен баруға шақырамын.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. С.Г.Губашева, А.Ж. Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі
  2. С. Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі
  3. ҚР. Білім беруді дамытудың 2011-2020ж. Арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  4. ҚР. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.
  5. Т.Батырова. Мақсат – жан –жақты тәрбие беру //  «Тәрбиенің теориясы мен әдістемесі», [ №6] 2010.
  6. Саулебекова Р. Жасөспірімдерді тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері //  «Оқушы тәрбиесі»  [№2]2011
  7. Қожагелдиева, Шакеева Ж..  Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында адамгершілікке тәрбиелеу  // «Бастауыш мектеп»,  [№6]2008
  8. Аринова  Г.К. Жаңа мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері // «Жаңа мектеп»- [№2]2010
  9. Нарсейітова Ф. Тәрбие тағлымы- тәртіп пен талаптан  // «Бастауыш мектеп»  [№1], 2010

Сайлауғазинова Б. Жеке тұлға тәрбиелеу  // «Сынып жетекшісі», [№4],2010

  1. 12 жылдық білім №7 2005ж.