«Жас эрудит» 8-сынып оқушылары арасындағы физика пәнінен сайыс.

228

«Жас эрудит»   8-сынып оқушылары арасындағы физика пәнінен сайыс.

Сайыстың ұраны:      Біле бер қанша білсең- тағы тіле,

                                       Жетерсің мақсатыңа біле-біле.

 

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың әр қарастырылатын құбылыс пен    физикалық заңдар, формулалар байланысын ашып, таба білу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі басқаруын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Қоршаған ортамен байланысты түрлі құбылыстардың мәнін ашуда оқушының ой-қиялын дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сайыстың барысы:  І.Ұйымдастыру.

Сайысқа 8-сынып оқушыларынан 8 оқушы  қатыстырылады.

ІІ.Сайыстың мақсатымен, сайыс шарттарымен         таныстыру.

ІІІ.Сайыстың турлары:

 1-тур.   «Бәйге»

1.Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы қалай аталады?

2.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе берген энергиясы.

  1. Сұйықтың буға айналу құбылысы.
  2. Жылудың ауа және сұйық арқылы берілуі.

5.Жылу берілудің қай түрінде зат алмасу болмайды.

6.Жылу берілудің неше түрі бар?

  1. Жылу мөлшерін анықтауға арналған формула.
  2. Термодинамиканың бірінші заңының өрнегі.

 

Жауаптары: ішкі энергия,жылу мөлшері, кебу, конвекция, жылу өткізгіштік, 3, Q=cm∆t,Q=∆U+A.

 

 

2-тур   «Дода» 

1.Заттың үш күйі бар.(иә)

2.Температураны өлшейтін құрал-динамометр.(жоқ)

3.Желді күні асфальт беті тез кебеді.(иә)

4.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі-Джоуль.(иә)

5.Мылтық жылу қозғалтқышына жатады.(жоқ)

6.Мұз ерісе энергия шығарылады.(жоқ)

7.Массаның өлшем бірлігі-килограмм.(иә)

8.Заттың қатты күйінен сұйық күйіне ауысуы-кристалдану деп аталады.(жоқ)

 

3-тур   «Таңдап алу»

«Температура» сөзі беріледі.

Осы сөзге кіретін әріптерден  жаңа  сөздер құрастыру қажет.

 

4-тур.   «Тапқырлық»

Табиғатта заттар көп. Солардың біреуі туралы. Ол қандай зат?

1.Оны үйкелісті азайту үшін қолдануға болады.

  1. Оны қыздыру,суыту үшін қолдануға болады.
  2. Үлкен адамдардың организмінде 65% бар.

4.Оның үш күйімен біз жиі кездесеміз.           (су)

 

5-тур   «Сенесің-сенбейсің»

1.Стақан, тиын, жайпақ табақта су, сіріңке. Қолды су қылмай тиынды табақтан қалай алуға болады? Көрсету  керек. (Стақанға қағаз жағып,ішіне тастаймыз да, табақтағы суға төңкереміз, сонда тиын бос қалады)

 

ІҮ.Сайысты қорытындылау.

Белсенділік көрсетіп, озық ойлы оқушы екенін дәлелдеген оқушыға   «Жас эрудит» атағы беріледі.