Ғани есімі-мәңгілік есте (конференция) 9класс

96

Тақырыбы: Ғани есімі-мәңгілік есте(конференция) 9класс

 

Мақсаты:білімділік;ұлы тұлға туралы білетін білімдерін шыңдай

отырып,олардың тарихтан алар орны қайталанбас тұлға

екенін меңгерту

тәрбиелік;асыл адамның өнегесін ұрпаққа үлгі етіп рухани

тәрбие беру

дамытушылық; ой пікір көзқарас қалыптастыру,өз ойын

еркін айтуға тарихи оқиғаны  талдай  білуге үйрету

Барысы.Қош келдіңіздер,бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 9 сынып оқушылары арасындағы өткелі отырған,«Ғани есімі-мәңгілік есте»атты конференцияға жиналып отырмыз.Бұл конференцияның мақсаты,Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды ұйымдастырушысы,белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі,жастарға айтқан өсиеттері,бір басында көптеген қасиеттер тоғысқан осындай асыл адамның өнегесін ұрпаққа үлгі етіп,рухани тәрбие беру.

Болашақ сендердің қолдарыңда,сол өмірді орнатуға бүгіннен бастап әрқайсың,белсене араласуларың керек деп Ғани Мұратбаев атамыз айтып кеткендей, ендігі сөз кезегін сынып оқушыларына берейік.

Оқушылардың  өздерінің зерттеп келген баяндамаларын тыңдайық.

 

I кезең.Ғани Мұратбаев жайлы баяндамалар тыңдалады.

Баяндама тақырыптары:   1.Ғани Мұратбаевтің  өмірі мен қоғамдық қызметі

(баяндама)

Қонақтаған ғаламаты ғасырдың,

Асқақтаған мәртебесі асылдың.

Халқымыздың қазынасын сақтаған,

Сыр сандығым қасиетіңе бас идім.

Көзіндейсің бабамның,

Шежіресі даламның.

Ұлылықты іздесем,

Тек өзіңнен табармын.

2.Ғани Мұратбаевтің мұражайы(баяндама)

 

Мен –Ғанимін,

Мертіккен арыстанмын,

Хас жауыммен халқымның алысқанмын.

Жеткізем деп бақытқа ұрпағымды,

Заманыммен жармасып,жарысқанмын

Замандастарынан озық туған Ғани Мұратбаев өзінің қарапайым

тұлғасымен,іскерлігімен соңына сөнбейтін жарықтай өшпес із қалдырды.

 

3.Ғани Мұратбаев  ұрпағы(баяндама)

Ғани Мұратбаевтің қазақ жастарын оятуға,оқытуға сіңірген еңбегі орасан зор.Сонымен қатар қазақ журналистикасының,баспа ісінің негізін салушылардың бірі,Жас алаш,Жас қайрат басылымдарына көп еңбек сіңірді.Ол тым жалындап тұрған нағыз жұлдыз,өте көрнекті танымал тұлға еді.

  1. Жастарға рух сыйлаған Ғани(баяндама )

 

Қайтейін, қайран Ғани қыршын кеткен,

Жүрегін жұмыр жердің дүрсілдеткен.

Қазақы қараша үйден көтеріліп,

Жарқырап жұлдыз болып тұрсың көктен! деп Балтабай Тәжімбетов ағамыз жырлағандай келесі баяндама тақырыбы,

5.Ғани Мұратбаев  жыр әлемінде(баяндама)

 

Оқушылар өздерінің зерттеп келген баяндамаларын оқып, презентацияларын көрсетеді.

 

Біз-жұртшылықтың ұйтқысы,заманның қожасы,тірегіміз.

Алдымызда асқар таудай ауыр істер тұр.Оған әзір болуға тиістіміз.

Оқу, білім сендерге аса қажет.Келешектің шамшырағы сендерсіңдер деп Ғани Мұратбаев атамыз артына жастарға өсиет қалдырды.

 

II кезең.Оқушылар тарихшы,географ,зерттеуші мамандары ретінде өз пікірлерін ортаға салады

 

Биыл Ғани Мұратбаев атамыздың  туғанына 110 жыл толып отыр бұл елдің тойы.Ол кісі жастардың бетке ұстар беделді тұлғасы болды.Қазалы өңірі тарихи тұлғалар мен қайраткерлерге бай өлке.Сондықтанда осы отырған жастар өз өлкелеріңді  мақтан тұтып,тарихымызды танытып асқақтатуларың керек.

 

III кезең.Конференция шешімі.Конференция шешімі бойынша қонақтарға сөз береміз.Оқушылардың баяндамаларына орындар беру, алғыс хатымен марапаттау.