Егемен елдің елдің-ертеңі біз.

142

 

 Тақырыбы:  Егемен елдің елдің-ертеңі біз.

 

 Міндеті: а) Жас ұрпаққа адам денсаулығының, қымбаттылығын, өмір сүру

үшін қажеттілігін бағалы байлық екенін түсіндіру.

ә) Ептілікті дамыту, қабілеттілікпен белсенділік,

қиыншылдықты жеңуге тырысу, сезімді дамыту

б) Оқушылардың қозғалыс шапшаңдығын, ептілігін дамыту және

алға қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу.

 

Мақсаты: Спортты насихаттау.

Қажетті құрал-жабдықтар: ысқырық, баскетбол добы, кіші доп,

ракетка, қап, арқан

 

  Жарысқа 8 сынып оқушылары  қатысады

 

Шарттары Әдістемелік нұсқаулар

 

1. Кім жылдам:

Допты қолмен шекіп, кедергілер арасынан арасымен өтіп барып қағазда көрсетілген «Алау» Қазақстанның қай қаласынан басталағанын рет-ретімен белгілеу.

 

Доппен жүріс кезінде кедіргілерден құлатпау.

Берілген тапсырмаларды дұрыс орындалуын қадағалау.

2. Шарды алып жүру:

а) Бірінші ойыншы теннис ракеткасымен шарды шекіп жүріп белгілі бір межеге қойып кетеді де кейін жүгіріп кайтады.

ә) Екінші ойыншы жүгіріп барып алып қайтады солай ойын жалғаса береді.

 

Шарды әуеде жерге түсірмей алып жүру.

Келесі ойыншының қолына шарды ұстату.

3. Хоккей:

Клюшкамен теннис шарын қойылған кедергілер арасымен жүгіріп алып өтеді. Кейін шарды тіке клюшкамен итеріп келеді.

 

Бірқалыпты екпінмен допты алып жүру. Допты қатты соғуға болмайды.

4. Шаңғы:

а) Топ бойынша 4 адам оң аяққа бекітілген шаңғымен жүріп бару.

ә) Қайтарда керсінше сол шаңғыны

ауыстырып қайту.

 

Берілген тапсырмада топ ойыншысының аяғы бекітпеден босап кетпеуін қадағалау.

5. Қаппен секіру:

а) Бастаушы қапты киіп белгіленген межеден айналып келіп келесі ойыншыга қапты береді.

ә) Топтағы ойыншының санына қарай ойын жалғаса береді.

 

Қаппен секірген кезде қапты көтеріп ұстау керек.

Жүгіруге немесе бір пяқпен секіруге болмайды.

6. Сурет салу сайысы:

Екі топқада «Азиада — 2011» бой тұмарын салдыру (уақытқа)

 

Белгіленген 2 мин ішінде жылдамдықты бақылау.

7. Арқан тартыс:

Екі топта бір-біріне қарама-қарсы тұрып төрешінің ысқырығы бойынша арқан тартады. Белгіленген ортасындағы қызыл жалауша қарсыластын бастаған сызығымен өтсе сол топ жеңіске жетеді.

 

Берілеген тапсырманы орындаған кезде қарсылас ойыншыларға айқайлауға немесе аяғынан шалдыруға болмайды.