Химия әлемі

Тақырыбы:  Химия  әлемі

Мақсаты:  Химия  пәнін  өмірмен байланыстыра отырып,  маңызына  ғылыми тұрғыдан  түсінік  беріп,  оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  арттыру.  Алған  білімдерін дамыту  тұрмыста,  еңбекте,  өмірде  қолдану.

Оқушыларды  адамгершілікке,  әсемдікке,  шеберлікке, жинақылыққа,  сөз  сөйлеу  мәнеріне   тәрбиелеу.

Жоспары: Топтардың  таныстыру (Химия  тілімен )

  1. Шарадалар
  2. Химиялық сыйлықтар
  3. Ертегілер сыр  шертеді
  4. Сиқырлар әлемі
  5. Кім жылдам?
  1. Мұғалім.  Біз  қазір химия  ғасырындамыз.  Айналамызда  қаншама  химия  өнімдері  бар.  Адам  тамақсыз,  киімсіз,  тұрмысқа  қажетті бұйымдарсыз  өмір сүре  алмайды.   Мінекей  солардың  бәрін  жасауға  химия  қатысады.  Сондықтан да  «Қайда  қарасақта,  қайда  көз жіберсекте,  көретініміз   химия  ғажайыптары»  деп  орынды  айтылған. Бүгінгі кешімізде химия ғажайыптарына тағы да куә  болатындарыңызға  сенім  білдіремін.
  2. Жүргізуші

Көруге химия кешін  жиылғандар,

Менделеевке  құдайындай  сиынғандар.

Қош  келдіңіздер  бүгінгідей  ғажайыпты

Тамашалау  бақыты  бұйырғандар.

Бүгінгі   сайысымызға   3  топ    қатысқалы  отыр.  Енді  кезекті  сайыскерлерімізге  береміз.

  1. Таныстыру.  Бұл бөлімнің шарты  химияда кездесетін ұғымдар,  терминдер  және  элементтерді  пайдалана отырып  таныстыру қажет.  Мыс:

Алтындай  ардақтымыз.

Күмістей салмақтымыз.

Химия әлемі  сайысында,

Бар  өнерді  салмақшымыз.

  1. Шарадалар.
  • Бірінші бөлігім  көп  емес,  ек інші  бөлігім  тілсіз  жау  дегенді  білдіреді.   Қай  химиялық  элементпін?  Азот
  • Бірінші бөлігім «алда бол»  деген  бұйрық  рай,  екінші  бөлігім  сан  есім

шипалы  газ деп те  есептейді?   Озон

  • Бірінші бөлігім  тасқан  су,  екінші  бөлігім  мал  құлағына  салынатын белгі.  Ал,  өзім  қай  элементпін.   Селен.
  • Бірінші  бөлігім  қабылда  деген   сөздің  мағынасын  береді,  екінші  буыным  шараппен  улану  деген  мағынада,   ? Алмас
  • Бірінші буыным  жалқы  есімге  қойылатын  сұрақтан  тұрады,  екінші  буыным  сан  есім,  ал  өзім  химиялық қай  элементпін?  Неон
  • Өзім химиялық  элементпін,  керісінше  оқысаңыз өткізгішпін.  Мыс-сым

Енді  әрбір  топтан  1 оқушы  шығады. Оларға  төмендегідей сұрақтар  қойылады.

  1. 3 әріптен  тұратын  3  элемент.  Бор мыс.  Йод.
  2. 4 әріптен  тұратын  4  элемент  .  Бром.  Хром. Неон.  Хлор.
  3. 5  әріптен  тұратын  5  элемент.  Калий.  Литий.  Күміс.  Алтын.  Сынап.
  4. 6әріптен  тұратын   6элемент. Магний.  Натрий…..

ІІІ.  Химиялық  сыйлықтар. Әр топ тұрмыста қолданылатын  заттардың  формулаларын  жазып сыйлық  қорапшасын  дайындайды.  Берілген  формула қай  заттың  формуласы  екенін  тапса сыйлыққа ие  болады.  Мыс. Ас тұзы. Күміс айна реакциясы.  Марганцовка. т.б.

ІҮ.  Ертегілер  сыр  шертеді.  Әр  топ  химия ғылымына  қатысты химиялық  жұмбақ  ертегі құрастыру  қажет. Келесі  топ  жауабын шешеді.

Ү. Химия ән  әлемінде.

Құлақтан  кіріп  бойды алар

Жақсы  ән  мен  әсем  күй,

Көңілге  түрлі  ой салар

Әнді  сүйсең  менше  сүй,- деп  Абай  атамыз  айтқандай  ән жан  азағы.  Әнсіз  кеш болмайды.  Енді сайыскерлеріміздің  әншілік  қабілетін  де  бір байқап көрейік.  Бұл  байқаудың  шарты  әннің  ішінде  химиялық  зататрдың  атауы  кездесуі  тиіс.

Мыс. Алтыннан да ардақты  қазынамдай..

Ү.  Кім жылдам?

Берілген сұрақтарға  жылдам  жауап  берулері  қажет.

  1. Купрум  О  қалай  аталады?
  2. NaCI-  қай  заттың  формуласы.
  3. KМnO4-тұрмыстағы  атауы
  4. Екі  негізді  қышқылдың  біреуін  атаңыздар?
  5. Галогендер  нешінші  топта  орналасқан?…

Қорытынды.