Ұлы нәубет жылдары.

Сабақтың тақырыбы:   Ұлы нәубет жылдары.

 

Сабақтың мақсаты: Ұлттық көзқарасты қалыптастыру, Отансүйгіштікке тірбиелеу.

 

Көрнекіліктер: Бүклеттер, Елтаңба, Тудың суреті. Кітаптар,суреттер. Отан, тәуелсіздік

туралы сөздер.

Сабақтың барысы:

 

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім Қазақстан- Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

 

1)         «Ақтабан шұбырынды» көрінісі.

«Елім – ай» әні орындалады. (Дерек: Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ 1 млн. Адамнан айырылды).

2)         1916 жылы Ұлт – азаттық көтерілісі кезінде 60 мыңнан астам адам патша жендеттерінің қолынан қаза тапты.

Өкінішт арман, арман-ай

Қаншама рет таяқ жеді аңдамай

Ұрпағыңның ертеңі үшін мерттіккен

Бабаларды ұмытармын мен қалай?!

 

3)         1921-22 жылдары аштық сан мыңдаған адамды қармағына іліктірді, оның себебі азамат соғысынан кейінгі экономикалық күйзеліс және сол жылдардағы қуаңшылық, малдан айырылу, т.б.

4)         1928 жылы байларды тәлкілеу кезеңінде жер аударылғандар 10 мың адам.

5)         1931-33 жылдары «қызыл қырғын»  2млн. 300 мың адамның тағдырын қиды. Аштық пен індеттен халықтың 40%- ы шығынға ұшырады. Осы тұста Т.Невадовскаяның «Қазақстан трагедиясы» өлеңі оқылады.

6)         1930-34ж.ж. жаппай ұжымдастыру мен жапппай отырықшыландыру кезеңінде асыра сілтеушіліктің нәтижесінде алыс жаққа қоныс аударып, кейін қайтып оралғандар – қызылтабан қуғыннан босағандар 615 мың адам. (Көрініс «Заман-ай»). Көріністен кейін «Ұжымдастырудың нәтижесін бағалау» тақырыпшасы бойынша оқушылар екі топқа бөлініп, оның оңды жақтары мен зардаптары жайлы пікір сайыс өткізіледі.

1 оқушы.

Ұжымдастыру кезеңіеде Қазақстан халқына құлақ естіп, көз көрмеген озбырлықтар жасалды. Бұл 1930-32 жылдары жүргізілді. Ұжымдастыру кезінде шаруалар арасында жөнді түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді, оларға шаруашылықты бірлесіп жүргізудің, колхозға өз еркімен кірудің тиімді екендігі түсіндірілмеді. Колхозға мүше болып кірген шаруаның жағдайы өте нашар еді, өйткені Кеңес мемлекетіне ет, астық қажет, оны колхзшылардан алу керек. Сондықтан шаруаларға шамадан тыс салықтар салынды.

2 оқушы.

Қазақ ауылының шаруашылығын күйзелткен тағы бір жағдай:  көшпелі, жартылай көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру болды. Атам заманнан бері мал бағып, өсіріп келе жатқан қазақтар малды бағып, өсіруді әбден біліп алған еді. Жыл мезгілдерін, ауа райының құбылмалы жағдайын ескере отырып, малды аман-сау өсіріп бақты Сол мал қазақтарға киім де, азық та болды.

3 оқушы.

«Бесеудің хаты». Ғабит Мүсірепов, Қ.Қуанышев, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев, М.Гатаулиндер осы хатты жеткізуді сұрап, Тұрар Рысқұловқа табыс етеді (көрініс).

4 оқушы.

1937-38 жылдары 101 мың адам репрессияға ұшырады, тікелей 25 мың адам атылды.

 

 

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар-

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

5 оқушы.

Қазақстан жерінде сол жылдары: «Алжир», «Карлаг», «Степлаг» лагерлері болды, онда 1,5 млн адам қамауда жатты. Алматыдан қырық шақырым жердегі «Жаңалық» ауылында 1997 жылы 21 мамырда Н.Назарбаевтың қатысуымен жазықсыз жазаланғандарға ескерткіш қойылды. Мұнда 1930 -40 жылдар «халақ жауы» деген жаламен атылған мыңдаған арыстарымыз жерленген екен. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Т.Рысқұлов, М.Масанчы, А.Розыбакиев т.б. өмірі сол жылдары қиылған. «Ұлы жұттың жазбалары» кітабынан нақты деректер келтірілді. Осы тұста тағы бір бірнеше көрініске кезек берілді.

  1. Голощекин жиналыста сөйлеп тұр:

Қазақтар революцияның не екенін білмейді, сондықтан мен «кіші қазан» саясатын жүргіземін, біріншіден, байларды конфескелеу, көшіп-қонып мал соңынан жүргенді тоқтатасыңдар, колхозға кірісесіңдер, егіншілікпен айналысасыңдар, отырышылыққа көшу тездетілсін!

—           Ойбай – ау не дейді?

—           Білмеймін, қатын да ортақ, бала да ортақ, мал да ортақ, бір қазаннан ас ішесіңдер дейді.

—           Сонда қалай өмір сүреміз?

  1. Ашаршылық жылдары:

Анасы баласының қамы үшін өзі аш болса да, балсына тамақ тауып әкелуді ойлап, аштықтан әлсіреген баласын үйде қалдарады да, сыртқа шығып кетеді. Осы арада әбден әлсіреген баласы көзін мәңгілікке жұмады.

  1. Алматыдағы қазіргі Республика алаңы. 1986 жыл, желтоқсан айы. Ұлт аралық теңдікті, демократияны талап еткен жастар.

 

Қорытынды.

Тарих сахнасында 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағының жарқын кезеңдері  баршылық. Бірақ…. дей тұрсақ та қазақ халқы үшін қаралы беттер де айтарлықтай. Елбасымыз Н.Назарбаевтың жарлығымен «31 мамыр» қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.

Сабағымыздың соңында қуғын-сүргін құрбандары болған ата-бабаларымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық.