Балама хат, Ж. Жабаев

46

Сабақтың тақырыбы: «Балама хат» Ж.Жабаев

Білімділік мақсаты:Ұлы Отан соғысы жайлы түсіндіру. Өлең мазмұнын түсініп оқып, оның қай кезде кімге арнап жазылғанын, ондағы адамдар бейнесін танып, білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастырып, өлең мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу; Өз бетінше шығармашылық жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметтепен қарауға тәрбиелеу.Патриоттық тәрбие беру,елге,жерге деген сүйішпеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Жамбыл Жабаевтың суреті, соғыс кезіндегі суреттер, видео-ролик,слайд.

Сабақ түрі: Жарыс сабақ
Әдіс-тәсілдері:   түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, , қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ана,бала,қала, дала,айнала,

Ай мен жұлдыз,аспан,адам,табиғат

Шөбі жұпар,суы кәусар сай-сала

Бүкіл әлем аманбысың жамиғат!

Байқап қарасақ айналадағы дүниемен бір тұтас табиғатты құрайды екенбіз,ендеше

Табиғатымыз таза,аспанымыз ашық болсын!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Топқа бөлу(жарыстыру).  Мәлік Ғабдуллин «Тау қыраны»

Топтарға ат қою,әр топ өздеріне қойылған ат бойынша түсіндірп өту.Топ басшылырының тақырыпты мазмұндауы,топ тілшілерінің сұрақтары,алдын ала дайындап келген сөзжұмбақтар т.б.тапсырмалар орындау.

I-топ «Әлия»                II-топ «Хиуаз»                 III-топ «Мәншүк»

Топ басшылары:

Топ басшыларының көмекшілері:

Тілшілері:

Суретшілері:


ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Дайындық кезеңі
    -Балалар,Ұлы Отан соғысы жайлы білесіңдер ма?

-Ол қай жылдары болды?

-Ал Жамбыл Жабаев туралы ше?

-Бүгін біз Ж.Жабаевтың Ұлы Отан соғысы кезеңінде жазған «Балама хат» өлеңін өтеміз.

2.Отан соғысы жайлы слайд көрсету.

 

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Бұл Республика халқының 21,2 пайызы еді. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты, әскер дивизиялары, 7 атқыштар бригадасы және 50 атқыштар полкы мен ерекше батальондар жасақталды. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск т.б шайқастарға қатынасып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.

   3.Ж.Жабаев туралы видио ролик көрсету.

 

  1. «Балама хат» өлеңін мәнерлеп оқып,түсіндіру.

Өлеңде жан-жақтан келген,діні бөлек,тілі бөлек сан мыңдаған жігіттерді бір мақсат,ұрыста жеңу,елін қорғап қалу мақсаты бірлестіретінін,әкесінің Алғадайдың елін қорғап Сұраншы,Саурық секілді батыр болғандығын мақтан ететіндігі,жеңісті күндер алда екендігі,Алғадайдың сертінен айнымай күресе білгендігі айтылады.

  IV.Сергіту сәті.

  1. Өлеңді тізбектеп оқыту.

Ұлы Отан соғысындағы әйгілі шайқастардың бірі 900 күн мен түн қоршауда тұрса да ерліктің, қаһармандықтың үлгісін көрсеткен Ленинград шайқасы болды. Ұлы ақын бабамыз Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры шынайы достықтың, ізгі тілектің әнұранына айналды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиясы Ленинград шайқасында ерліктің үлгісін көрсетті. Ленинград түбіндегі Сұлтан Баймағамбетовтың, Шығыстың қос шынары атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың т.б қаһармандық ерліктері халық санасында мәңгі сақталады.

  1. Поэзиялық сәт «Ленинградтық өрендерім» өлеңін тыңдау.

 

  1. Сабақты қорытындылау.
    Әр топтан таңдап алған тілшілер өтілген тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
    -Сұраншы, Саурық деген кімдер?
    -Жамбыл атаның баласының аты кім?
    -Ұлы Отан соғысы суреттерін, сол кезеңге тән құбылыс-оқиғаларды өлеңнің қай шумақтарынан көруге болады?
    -Жамбыл ата баласы мен оның жауынгер достарына қандай үндеу тастайды? Қандай сенім артады?
    -Олар ата сенімін қалай ақтады деп ойлайсың?

VI.Бағалау.(Топтардың жинаған ұпайларын таныстырып өту.)

VІI. Үйге тапсырма
Өлеңге сай ырғақпен мәнерлеп оқып, үзінді жаттау