Ағартушы ұстаз, жазушы, этнограф

97

Сабақтың тақырыбы: Ағартушы ұстаз, жазушы, этнограф

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Ы.Алтынсаринның шығармашылығымен таныстыра отырып,өлеңдерінің мазмұнын ашу.

Міндеті:

  1. Білімділік:Оқушыларды Ы.Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып,өлеңдеріне тоқталу,мағынасын ашу.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білу қабілеттерін қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік:Оқушылардың білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білулеріне ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, мағлұмат,әңгімелеу, сұрақ  — жауап.

Көрнекілігі: Ы. Алтынсаринның портреті, трек сызба, сөзжұмбақ, үлестірмелі құралдар,интеракт.тақта,кітаптар көрмесі.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу,сабаққа даярлықтарын тексеру.

2.Кезекшімен жұмыс.Сыныпта кім бар кім, жоғын түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ:

Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар.

Балалар,біз бүгін сабақта қазақтың ұлы ағартушысы,талантты ақын әрі жазушы,педагогЫбырай Алтынсаринның шығармашылығымен танысамыз.

Сондай-ақ қазақ тілінде біліктілігімізді жетілдіреміз.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ыбырай1841жылы Қостанай облысы,Қостанай ауданында дүниеге келген.3-4 жасында әкесі қайтыс болып,атасы Балғожаның қолында өсіп,тәрбиеленеді.

1860жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін 4 бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып,Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып,сонда келеді.Бұл мектеп бірден ашыла қоймайды ,сол себептен Ыбырай біраз балаларды өз үйіне әкеліп,оқытады.

Торғай мектебі 1864жылы ашылады.

1876жылы Ыбырай Петербург,Қазан қалаларына барады.Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді.Қазақ тілінде кітап шығаруды ойлайды.

1879ж Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1879-1883жылдарда Торғай облысының 4 уезінде Торғай,Ырғыз,Троицк,,Ақтөбежаңа мектептер ашылады.

1883 ж Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне аса назар аударады.

1881ж Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

Ыбырай оқулықты балаларға білім мен тәрбие берудің құралы деп қарады.

1879жылы  «Қазақ хрестоматиясы» кітабы шықты.Бұл хрестоматия балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден тұрады.

Өлеңдері:

  1. «Кел,балалар,оқылық!»
  2. «Өнер-білім бар жұрттар»
  3. «Өзен»
  4. «Жаз»

Ыбырайдың өлеңдерінің негізгі тақырыптары-өнер-лім,ғылымжайлы,табиғат әсемдігі.

      Әңгімелері:

     1.Әке мен бала»

     2.»Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш»

  1. «Бай баласы мен жарлы баласы»

    4.Талаптың пайдасы»

  1. «Мейірімді бала»

Әңгімелерінің тақырыбы:достық,адалдық,еңбексүйгіштік,адамгершілік

                           Сөздік жұмысы 1883 жылы

балаларды тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырып,топпен,жеке-жеке,хормен қайталатып,сөздік дәптерлеріне жаздыру:

 

Дүниеге келді-появился на свет,родился

Тілмаш-переводчик

Шығыстанушы-востоковед

Ағарту-просвещение

Дарынды-одаренный,талантливый

Зиялы –интеллигентный

Талап-стремление

 

Бүгін сабақта 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.

Әр топқа тақырыпқа байланысты жеке-жеке жұмыстар беріледі.

Оқушыларды 2 топқа бөлу: Сыныпта орындалатын тапсырмалар:

І. «Деректер сөйлейді»          (Оқулықпен жұмыс)

жаңа сабақ бойынша мұғалімнің таратқан сұрақтарына жауапты  оқушылар оқулықтан іздеп,тауып ,түсініп оқып береді. Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді 5-6 минут уақыт беріледі.

1 топ сұрақтар:

  1. Ы. Алтынсарин кім болған?
  2. Ы. Алтынсарин қай жылы қай жерде дүниеге келген?
  3. 1857 жылы қандай оқиға болады?
  4. 1860жылы Ы.Алтынсарин өмірінде қандай оқиға болады?

5.1864жылы қандай оқиға болады?

6.1876жылы қандай оқиға болады?

2 топ:

  1. 1879 жылы қандай оқиға болады?
  2. 1879-1883 жылдар Ы.Алтынсарин өмірінде қандай оқиға болады?
  3. 1883 жылы қандай оқиға болады?
    4. 1881 жылы қандай оқиға болады?
  4. Ы.Алтынсарин “ Қазақ хрестоматиясы ” кітабын қай жылы жазады?
  5. 1889 жылы қандай оқиға болады?

ІІІ.Сөзжұмбақты  шешу

  1. Ы.Алтынсарин кім болған………?

2.Ол оқушыларды неге шақырды?

  1. Балалар үшін не жазды…….?
  2. Ы. Алтынсаринның туған жері……..?
  3. Ы.Алтынсарин – алғашқы……..

6.Алтынсарин немен шыұғылданды……..

 

Ы

б

ы

р

а

й

V.Сабақты қорыту.

Сонымен ,балалар ,біз бүгін қазақтың қандай белгілі адамымен таныстық?

-Ол кім? Ол адам жайлы не білдіңдер?

-иә,балалар дұрыс айтасыңдар,біз сендермен бүгін Ы.Алтынсаринның шығармашылығымен таныстық.Сабақ сендерге ұнады ма?Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Жаңа сабақты тірек сызба құру арқылы аяқтау.

VІ.Үйге тапсырма.Үйге келесі сабаққа Ы.Алтынсарин жайлы 4 оқушыға реферат беру,қалған оқушыларға Ы.Алтынсаринның шығармашылығын әңгімелеу,өздеріне ұнаған  бір өлеңін жаттау.

 VII.Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды әділ бағалау.Сау

болыңдар!