Қазақтың ұлттық ойындары. Жаяу көкпар Қамалды қорғау Орамал тастау Жалғыз аяқпен жүріп күресу Асық ойыны «Омпы»

121

 

Сабақтың тақырыбы:   Қазақтың ұлттық ойындары.

 

  1. Жаяу көкпар
  2. Қамалды қорғау
  3. Орамал тастау
  4. Жалғыз аяқпен жүріп күресу
  5. Асық ойыны «Омпы»

 

Сабақтың мақсаты:

а/ оқушылардың өз денсаулығын сақтау мен нығайтуына дұрыс көзқарасын қалыптастыру, шапшаңдыққа, тездікке үйрету,  бұлшық еттерінің нығайуына жәрдемдесу;

б/ қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуге  тәрбиелеу;

в/ денені шынықтыруға әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін

дамыту;

Өткізілетін орны: спорт зал

Өтілетін күні:

Уақыт: 45 минөт

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, үйрету, қайталау, жаттығу, ойын.

Керекті құрал-жабдықтар: доп, асық т.б.

 

Сабақтың мазмұны Жүктеме Әдістемелік нұсқаулар

 

 

I.                   Кіріспе бөлімі  / 10 мин./

 

1 Сапқа тұру, сәлемдесу, сабақтың мақсатын түсіндіру Оқушылардың дене шынықтыру сабағына дайындығын тексеру
2 Сергіту жаттығуларын жасау

Орнында бұрылу;

Оңға, солға айналу;

Спорт залда айнала жүру:

—          қолды белге аяқтың ұшымен;

—          қолды желкеге аяқтың өкшесімен;

—          қолды белге аяқтың сыртымен;

—          қолды белге аяқтың ішімен;

—          қолды желкеге жартылай жүрелеп отырып жүру;

—          қолды белге толық отырып жүру;

Жүгіру және оның ерекшеліктері:

—          қолды созып тізені көтере, қолды

—          жамбасқа қойып аяқты артқа серпу;

—          сол иықтан алға қарап артпен алға.

 

 

Денені тік ұстау, қолды барынша созу, тізені бүкпеу, алға дұрыс еңкею, аяқтың ұшымен дұрыс қозғалу, еңсені тік ұстау, толық, жартылай отыру

 

II. Негізгі бөлім /27 мин./

 

1 Түсіндіру, оқушыларды топқа бөлу
 

2

      

   Жаяу көкпар ойыны.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Көкпардың орнына доп қолданылады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: балалар көмбедегі белгіленген түзу сызықтың бойына екі топқа бөлініп қаз-қатар тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде бірін-бірі арқалаған екі топтан екі оқушы шығып 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қай бұрын жеткені алып қашады. Қолында көкпары бар бала арасы бір шақырымдай екінші көмбеге бұрын жетуі тиіс. Осылайша ойын оқушылардың кезектесіп алмасуымен жалғасады. Қай топ көмбеге неғұрлым көп салым салса, сол топ жеңімпаз атанады.
 

3

  

 Қамалды қорғау ойыны.

Ойынға орындық және бір доп керек

Ойнаушылардың санына шек қойылмайды

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: ойыншылар үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни орындықты қояды, ал бір ойыншы оны қорғайтын болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Допты «қамалға» тигізген оқушы қорғаушымен орын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
 

4

 

Орамал тастау ойыны

Оқушылар екі топқа бөлінеді

Ойынға орамал немесе доп қолдануға болады

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: екі топқа бөлінген оқушылар арасы он адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы добын бірінші топтың шеткі жағындағы ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласына тастайды  да «қа» — деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» дейді. Сонда «қағаз» деген сөз шығады. Енді допты қарсыластар тобына өзі дауыстап лақтырады.  Айтылатын  сөз екі буыннан ғана тұруы керек. Допты қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай екінші буынын жалғастыруы керек. Егер тауып айта алмай қалса ұпай саны шегеріледі. Ойын осылайша жалғаса береді. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
5  Жалғыз аяқпен жүріп күресу ойыны

Оқушылар екі топқа бөлініп қарама-қарсы тұрады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: екі топтың ойнаушылары да бір аяқтарын бүгіп, екі қолдарымен ұстап қарсы топтағы өзіне лайық адамммен иығымен итермелеп бір-бірінің ұстап жүрген аяғын жерге тигізуге тырысады. Қай топтың баласы аяғын жерге тигізсе жеңілген болып сыртқа шығып тұрады. Қай жақтың кісісі бұрын бітсе, сол жақ жеңілген болып саналады.
6  Омпы ойыны

Оқушылар түгел қатысады

Негізгі мақсат көп асық ұтып алу

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: ойнаушылар арасы 20 адым екі көмбе сызады да  көмбенің тең ортасына сызық бойына ойыншылардың әрқайсысы екі асықтан көнге тігеді. Тігілген асықтың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар бірінің артына бірі қатарға тұрады да, кезек –кезек қолдарындағы сақаларымен, он адам жердегі омпыны атып түсіруге, сөйтіп асық ұтып алуға кіріседі. Егер бір бала ортадағы тұрған омпыға бірден тигізсе, онда көндегі бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың кез келгеніне тигізсе сол тигізген асығын ғана алады. Көндегі асық таусылған сайын балалар асықты қайтадан тігіп отырады.
 

III. Қорытынды бөлім /8 мин/

 

1

2

 

3

4

5

 

Сапқа қатарға тұрғызу.

Сабақтағы жіберген кемшіліктер мен жетістіктерді айту

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

Ұйымдасқан түрде спорт залдан шығу