«Ана деген от басының тамыры, Ана деген үйдің сөнбес жарығы» аналар мен арулар сайысы

40

«Ана деген от басының тамыры,

Ана деген үйдің сөнбес жарығы» аналар мен арулар  сайысы

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

ГКС-12 орта мектебі,

Физика кабинетінің  лаборанты

Қыздар ұйымының төрайымы

           Таласбаева Зинегул Жулшаревна

Мақсаты:

1.Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, татулыққа, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

2.Адам бойындағы  ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

3.Әдептілікке , сыйластыққа тәрбиелеу.

Сайыстың өту барысы:  Армысыздар, құрметті асыл жанды ұстаздар! Аналар, оқушылар! Көптен күткен көктем де келді, көктеммен бірге аналардың, қыз-келіншектердің меркесі бірге келді десейші!

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған .

Адалдықты ар-намысты сақтаған ,

Мен ананың сонысына мақтанам,-

Барша аналарға мол бақыт, шаттық өмір тілеймін. Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Ән шашу сіздерге арналады.

Құттықтау сөз.

Әділдікпен баға берер ару менен анаға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділ қазы алқаларын сайлайық,

Нақ ару менен аналарды таңдап бүгін алуға.-дей отырып әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

Сайыстың шарттары:

  1. Таныстыру (Топ бойынша 1.Арулар     2. Аналар)

(Өздеріңді қай аңға ұқсатасыңдар?4 аңның суреті бойынша)

  1. Бағдарлама бойынша келесі кезекте «Бәйге» (мақал –мәтелдерді жалғастыру)

1 топ Аналар тобына  —-

  1. Ананың көңілі балада …….
  2. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да…….
  3. Ана сүтін ақтамағанды, ……….
  4. Атасыз үй батасыз……
  5. Ананың құны, ……..

2 топ Арулар  тобына——

  1. Қыз өссе елдің көркі, …..
  2. Қыз бақыты -……
  3. Қызы бардың -….
  4. Ананың ізін қыз басар,….
  5. Ән сазымен , ………

1ші,2-ші шарт бойынша сөз әділқазыларға беріледі.

Ортада бүлдіршіндер биі.

  • Жаңарған сананың,

Ұмытады мұны кім?

Ата-салты бабаның

Алып келді осы күн,-дей келе Аналарымыз салт-дәстүрге байланысты жауап берсін.

I.Аналар тобына.

  1. 1. Күйші ана кім? (Дина Нұрпейісова)
  2. Халқымыздың батыр қыздары (Әлия, Мәншүк)
  3. Сұлу деген сөздің синонимі? (Ару)
  4. Әйелдің күші аз,несі аз? (Айласы)
  5. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесің?

(Той бастар, жар-жар, беташар,сыңсу)

  1. II. Арулар тобына.
  2. Әйелдің көркі неде? (ақылда)
  3. Адамға не қымбат? (бала)
  4. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)
  5. Әйелдің қымбат заттармен әшекейленген мойынға тағатын бұйымы (алқа)
  6. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады? (7)
  7. «Шешеге қарап , қыз өсер» демекші мата түрлерін анықтау.

3ші,4-ші шарт бойынша сөз әділқазыларға беріледі.

Ән:

  1. Ата көрген оқ жонар

Ана көрген тон пішер  демекші келесі кезекте Аналар мен Аруларға  ұршық иіру беріледі.

  1. Ойын: «Гүлдеріңді егіп кел де, жинап ал.» Ұзын жолдың үстіне 10 дөңгелек салып, 1 адам егіп келеді, 2 адам жинап алады. 3 адам егеді,4 адам жинап алады…..
  • «Қызым, саған айтам» бөлімі бойынша Аналар тобы қыздарына ақыл-кеңес айтады, Арулар тобы аналарына 8 наурыз меркесіне тілек айтады. Бір-бірден гүл береді.

Ән:

  • Қорытындылау. Сөз әділқазыларға беріледі.