Жаңа жыл мерекесінің сценарийі

93

Жаңа жыл мерекесінің сценарийі

Дайындаған ЩҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласының М. Әуезов мектебінің мұғалімі, 2011 жылығы түлектерінің (11 «А» сыныптың) жетекшісі Ботабаева Гульнара Муратовна

Бұл сценарий аралас мектептерге арналған. Сценарий орыс және қазақ тілдерінде таспаға жазылған, себебі әртүрлі қиындықтар туғанда дайын болу үшін, дауыс анық естілу үшін, оқушыларға микрофонмен іс-әрекет жасау қиын болмас үшін.

Мереке басталмас бұрын көңілді музыка ойнап тұрады. (zhaga jil.mp3)

4 оқушының (Бақытжан, Ержан,Салтанат, Бекзат) орындауында ән «Зима»  (1-2.mp3)

Жүргізушілер: (1. mp 3)

Жаңа жыл жырымдай жатқа білген,

Киелі қуанышқа шаттанып ем

Бір мезгіл көңіліме кірбің түссе,

Жанымды тазарта гөр ақ қарыңмен

Қайырлы күн құрметті балалар!

 

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар, қадірменді ұстаздар!

 

Есть немало праздников прекрасных,

Каждый наступает в свой черёд.

Но на свете самый добрый праздник,

Самый лучший праздник – Новый год!

Он приходит снежною дорогой,

Закружив снежинок хоровод

Красотой таинственной и строгой

Наполняет сердце Новый год!

С Новым годом! С новым счастьем дорогие учителя, ученики и гости нашего праздника!

Встреча Нового года — это пора удивительная, всегда волнующая, всегда радостная и простые эти слова: «С Новым годом! С новым счастьем!» мы произносим с особым чувством, потому, что сказать их можно только один раз в году.

Слово для поздравления  предоставляется директору нашей школы Жапаркуловой Марите Сейпылкызы

Вальс (танцуют учащиеся 11 «А» класса)(R. Venezianoarmonie.mp3)

Жүргізуші: (3.mp3) Әр халық Жаңа жылды әр қилы қарсы алады. Бір халықтарда Жаңа жылда адамдар бір-біріне су шашады, тағы біреуі ескі заттарды сыртқа шығарады, енді біреуі көшеге от жағады, ән айтады, би билейді. Ал біздің ме,ктеп мерекені биыл ерекше қарсы алмақшы. Жаңа Жыл Еуропа елдерінің мерекесі болғандықтан бүгін барлығымыз Аққу корольдығында жүрміз деп сезінейік.

Сахнада король (Ернар), королева (Бекзат), ханшайым (Назерке) және оның дос қыздары (фрейлиналар)(4-2. mp3)

Принцесса: (подругам) Мне скучно. Развлеките меня.

Девушки: Мария-Миробелла, попросите  короля дать бал в честь вашего дня рождения, вы же родились 31 декабря, как раз в Новый год. И нам праздник будет.

Принцесса: (отцу) Папочка, мне скучно! Давай устроим бал в честь моего дня рождения. И вообще скоро Новый год.

 Король: Доченька я соглашусь, но только при одном условии.

Принцесса: Какое условие?

Король: Ты уже большая, тебе 17 лет, но мы ещё не выбрали жениха для тебя. Я приглашу всё королевство Земного шара.

Принцесса: Нет!

Король: Доченька, у меня скудеет казна. Скоро ты станешь хозяйкой всего королевства. Жених должен быть богатым, артистичным. И обязательно пусть у него будет вилла на Канарах, личный аэропорт, а отец должен быть нефтяным магнатом.

Королева: Мария, милая не зли отца, а то он выдаст тебя за первого попавшего нищего, как в соседнем королевстве за таджикского гастарбайтера.

Принцесса: вы не думаете о моём счастье, папочка, тебе только богатства подавай. Посмотрим какая богатая страна тебе понравится?

Король издаёт указ и приглашает гостей и не забывает о крёстынх мамах принцессы (о 7 феях).

Глашатай (Ержан) читает указ короля:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Аққу корольдығы бал береді! Бал иесі ханшайым Мария-Миробеллаға әкесі король өмірлік жар іздейді.

Біздерде ойын – сауық басталады

Тамаша би билеп, ән салады

Әр елден келген хандықтың

сайысы басталады

Қошеметпен, қол соғып қарсы алайық!

Жаңа Жылдық мерекені қуанышты

көңілге толтырайық!

Король нөкерлеріне шақыру қағазын жер жердегі корольдықтарға таратуды тапсырады, сонымен қоса ханшайымның кіндік шешелері 7 феяны шақыруға бұйрық береді, ал нөкерлері аяқ асты 7-ші феяның шақыру қағазын жазбай ұмытып кетеді.

 

Әр елден шақырылған қонақтарда келіп жетті.

 

  1. Испан хандығының ханзадасы келеді. (5.ispan.mp3) Олар өнер көрсетеді (Улбосын, Назгуль, Медет, Бакытжан испан халқының биін орындайды), көптеген сыйлық әкеледі, оның біріде ханшайымға ұнамайды.
  2. Қытай императорының ханзадасы келеді. (kytai.6.mp3) Олар өнер көрсетеді, көптеген сыйлық әкеледі, оның біріде ханшайымға ұнамайды. Залға қытай Драконы енгізіледі (оқушылар Драконның макетін жасап астынан таяқпен ұстап музыканың сүйемелдеуімен акт залының боймен әртүрлі қимылдар жасап өтеді. Артынан қытай халық биі оқушылардың орындауында тамашаланады. Биді орындағандар Салтанат, Минура, Қайрат.
  3. Шығыс хандығының ханзадасы келеді. (shygic.6-2mp3 осында Ақшақардың сөзіне дейін барлық дауыстар жазылған) Олар өнер көрсетеді, көптеген сыйлық әкеледі, оның біріде ханшайымға ұнамайды.
  4. Қазақ хандығының ханзадасы келеді. көптеген сыйлық әкеледі. 4-ші ханзада келгенде ұмыт болған қара киім киген 7-ші фея келеді (ол кіргенде жарық сөніп, қатты күн күркірейді). Барлық қонақтар сасып қалады.

Фея: Әй король, мына меніп ұмытып, сені қара бастыма? Мария-Миробелла дүниеге келгенде 7 фея 7 түрлі керемет қасиетті бойына сіңіріткенбіз. Мен оған әдемілік  бергем! Сен болсаң бәрін шақырып мені ұмытып кетесің. Қарғыс атқыр! Менің каһарыма түстің. Сенің қызың осы келген ханзаданың біріне ғашық болған күні, мәңгілік ұйқыға кетеді, -деп айтып ашу шақырады.

Сол кезде қазақ хандығынан келген ханзада өнерін көрсетіп «Қара жорға» биін билейді. Мария-Миробелла ханзадаға ғашық болып, сол жерде ұйықтап қалады.

Король мен королева қайғыға ұшырайды. Король жарлығы оқылады.

Глашатай жарлық оқиды: О жамағат корольдың жарлығын тыңдаңыздар! Кімде кім ханшайым Мария-Миробелланы ұйқыдан оятса, король соған қызын және жарты корольдықты бірге береді.

Қазақ хандығынан келген ханзада Аяз Ата мен Ақшақарды бал болып жатқан жерге алып келеді.

Аяз ата келгенде қонақтар көңілсіз, бәрі қайғылы.

Аяз ата:

Амансың ба ұлдарым

Амансың ба қыздарым

Қандай мұңлы жүздерің

Қайғы- мұңлы жырларың

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерді

Қайғы-мұңнан арылтар

Ән мен күйге көңілді корольдықты толтырар!

Фея: Жол бермеймін оятуға

Жақсылыққа көнбеймін!

Жаңа жылың келмейді

Мен тұрғанда адамға –

Мереке жоқ ғаламда (фея ары-бері жұлқына жүгіріп ашу шақырады)

Аяз: Фея деген атыңа сай емессің жарқыным, сен бәлкім қар патшайымына жолда тап болғансың ғой. Жүрегіңдегі бір кесек мұзды ерітейін сиқырлы таяғыммен. Ал кәне, қызым Ақшақар менің сиқырлы таяғымды бер! (Аяз сөйтіп феяны сиқырлы таяғымен түртіп қалады, сол кезде жерге бір кесек мұз түседі. Фея бұрынғы қалпына келеді)жақсы музыка ойнап шырша жанып бәрі қуанышқа кенеледі. Ал қаншайым болса ұйқыдан оянады. (6-5. mp3) Король балды жалғастыруға бұйрық береді.

Ақшақар: (7. mp3) өлең оқып,  жұмбақ жасырады

Ән «Құтты болсын Жаңа жыл» орындайтындар Бақытжан мен Ержан

(11-а.2.mp3)

ҰЛДАРДЫҢ ОРЫНДАУЫНДА КҮЛДІРГІ БИ (verka-serdiuchka-noviy god mp3)

      Песня в исполнении Перизат и Бакытжан (11-а. mp3)

 

Ойын ойналады

«Мука», «Яйцо в кармане», «Дерни за верёвку», «С высоты»

«Жасырынбақ», «Сыйқырлы сандық» т.б.

Ортаға Жаңа жыл ҚОЯН шақырылып, ол өлең оқиды, оқушылармен би билейді. 5-сыныптың орындауында қояндар биі орындалады. Жаңа жылдық жұлдызнама оқылады. Оқитын Алтын Құдайбергенова.

 

(Дискотека Авария – «Новогодняя 2010» mp3) 9-11 –сыныптар үшін мерекелік би кеші басталады