Менің Қазақстаным – менің болашағым

128

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Каримжанова Г.М.

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным – менің болашағым

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан» модуліндегі (бөлімдерді) тақырыптарды негізге ала отырып, туған ел, Отан деген ұғымдарға түсінік, пікірлер таластыру. Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясатын, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру. Қасиетті елдің қадір-қасиеті туралы пікірлесу. Оқушының ойларын тақырыптарға байланысты дамытуын, өз ойларын қорыта біліп, ауызекі еркін жеткізуін қалыптастыру.

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді ояту. Отан, халық алдындағы борышты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер, Қазақстан картасы (суреттермен). Сабақтың эпиграфы, тақырыбы, бөлімдері жазылған, «Нені білдім, нені білгім келеді» плакаттар. Бейнетаспа, әуентаспалар кестелер.

Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялық әдіс, (стратегиялық), (модуль, Венн диаграммасы).

Пайдаланылған әдебиеттер: «Менің елім – Қазақстан» энциклопедиясы

Сабақтың барысы.

Пай, пай, пай! Қазақстан Ардағым-ай.

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!

(М.Мақатаев).

(Әнұран)

Мұғалім: «Туған ел», «Туған өлке», — сен қандай ыстық едің «Өз елім деп еміренбейтін, «Өз жерім» деп тебіренбейтін адам бар ма сірә. Жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Өйткені сен, «елім» деп соққан жүректерде мәңгі орын алған қасиетті даласың. Туған елдің ауасына не жетсін, шіркін!

(Оқушыларды 4 топқа бөлеміз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өздеріне тапсырылған тапсырма бойынша берілген үй жұмыстарын әзірлейді:

  1. Тақырып бойынша мәлімет (ой толғау, мақала, шығарма, альбом)
  2. Тақырып фотогалереясы
  3. Тақырып бойынша поэзия сағаты (өлең, мақал, әңгіме)

1) «Туған жер» дегенді қалай түсінесіңдер? (пікір)

2) «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» деген сөзді екі үш сөзбен қалай суреттейсің?

3) Геральдика тілі дегенді қалай түсінесің?

4) Астана қаласы туралы не білеміз?

Қазақстанның мемлекеттік туы аспан түстес, көгілдір. Геральдика тілі бойынша ол – адалдықтың, тазалықтың белгісі, әрі осы түстес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болатын көрінеді.

Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ. Ол халқымыздың бірлігін, тұтастығын білдіреді.

Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген. Күн байлық пен берекенің нышаны болып есептеледі. Ал қанатты бүркіт – далалықтар үшін еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу. Ою-өрнектер – қазақ халқының өмірлік серігі.

Жаңа астана

Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан бұрынғы Ақмола қаласы жаңа мәртебеге ие болды. Ол – қазір Қазақстанның жаңа  астанасы. Мәртебесіне сай аты да Астана болып өзгерді. Мұнда күрделі құрылыстар жүріп жатыр. Қаланың орталығындағы Елбасының резиденциясы ерекше көзге түседі. Оның басты ерекшелігі – ғимараттың төбесі кәдімгі қазақ үйінің шаңырағы сияқты.

Астанадағы жаға ғимараттар мен әсем үйлерді салуға шетелдік фирмалар мен қоғамдар көп көмек көрсетті. Мысалы, қаланың ортасындағы 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйін Түркияның «исот» фирмасы салған. Ал түріктің  «Финтрако» компаниясы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының ғимаратын салып жатыр. Қаланы көріктендіруге қазақстанның барлық облыстары көмек берді.

1989 жыл, 22 қыркүйек: Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі (статусы) берілді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан жоғары кеңесі Қазақстан Тәуелсіз Республика деп жарияланды. Тұңғыш ҚР президенті сайланды.

1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіздік ел рәміздері: Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қабылдады.

1993 жыл, 28 қаңтар: Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.

1995 жыл, 30 тамыз: республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1997 жыл, 11 шілде: «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» жаңа Заң Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы нәтижесінде Н.Ә.назарбаев 7 жыл мерзімге ҚР

Президенті болып сайланды. Саясатты түсінер ел тереңнен

Кемеңгердің қасиеті еленген.

Бастар елді болашаққа бақытты

Назарбаев Нұрсұлтанға сенем мен.

Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан – ана – Отан пана

Қазақстан туған ел.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді қолдайды

Өйткені Отан даласындай

Бізді асырап сақтайды.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

Отан — елдің анасы,

Ел – ердің анасы – дегендей әркімнің өз Отаны туған анасындай. Бірлігіміз баянды, ынтымақты ел болайық.