Абай оқулары

95

Абай     оқулары

 

Армысыңдар,ақын  ұрпақтары

Қабыл ал босағанды жыр аттады.

Тербеткен Абай әні бесігенде

Әрқайсын бір-бір  бұлбұл  бұтақтағы

 

Қайырлы күн, құрметті  ұстаздар мен оқушылар.

Қадірлі өнер сүйер қауым.

Бүгін мектебімізде халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы,данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған оқушылар арасындағы  «Абай оқулары»  байқауына қош келіпсіздер.

Бұндағы мақсатымыз Абай өлеңдері  мен қара сөздерін болашақ жас ұрпаққа үлгі өнегесін насихаттау.

 

Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес.

Қадірлі жырсүйер қауым.

Ұлы Абай тағылымдарымен  толығып, кемелденейік.   Абайша сабырмен, ақылмен іс қылайық. Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда  болғай. Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне берсің!

-Бүгінгі байқаудың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектебіміздің басшысы:  Рая Дәулетқызы.

2.Кітапханашы:  Райхан Қапаровна.

3.Бастауыш завуч: Әсем Төлеухановна   .

4.Қазақ тілінің мұғалімі: Қожабекова Айжан.

5.Қала бойынша (Абай оқулары) // орынға ие болған

9 «А»  сынып оқушысы : Сұмағұлов Ерік.                                                                                                         -Сонымен, бүгінгі сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.                                                                            –Абай оқулары екі кезең бойынша бағаланады.

1.Абай өлеңдерінің жатқа айту.                                            2.Қарасөздерін жатқа айту.

Құлақтан  кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй- дегендей ортада

 

 3 «А» сынып

1.Хаметова Мақпал.

2.Мағзұм Жүрсін.

3.Трахпанова  Аружан.

 

3 «Ә»  сынып

1.Әмір Айя.

2Сапабек Ілияс.

 

3 «Б» сынып.

1.Сейткәрім Әйгерім.

2.Бақытжан Аржан.

3.Тлеужанова Нұрайлым

Абайдың әні (Көзімнің қарасы) Орындайтындар 4а сынып оқушылары :Өкеш Сәлімжан. Хаметова  Зарина.

 

Абай атамыз өлең жазумен қоса қарасөздер де жазған.   45 қарасөзі бар.

Осы қарасөздері арқылы  адамдарды сынға алған, имандылыққа шақырған.

Адамгершілік, ұлтжандылық, ынтымақтастық, енбекшілдік , адалдық туралы қозғап, оны зұлымдық , сұрқиялық, екіжүзділік, надандық,  еріншіктік т.б. жағымсыз мінез-құлықтармен салыстырмалы түрде қарастырды. Олай болса, Абай қарасөзін жатқа айтайық.

 

Ортаға 3 сынып оқушыларын шақырайық.

3 «А» сынып

  1. Хаметова Мақпал.
  2. Мағзұм Жүрсін.

3.Трахпанова  Аружан.

 

3 «Ә»  сынып

1.Әмір Айя.

2.Сапабек Ілияс.

 

3 «Б»  сынып.

1.Сейткәрім Әйгерім.

2.Бақытжан Аржан.

3.Тлеужанова Нұрайлым

 

Әділ қазылар алқасы шешім шығарғанша шағын көрініс.                                                                Тыныштық. Абай өлең жазып отыр. Есіктен досы Ербол кірді.

Ербол: Абай досым,тағы өлең жазып отырмысың!Шаршадың ғой.

Абай: Ербол тыңдашы(ыңылдап):

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы,

Бітпейді іштегі,

Ғашықтын жарасы.

Ербол: Неткен әдемі ән!

Абай: Енді мынаны тыңдашы.

Өзгеге көңілім тоярсың

Өлеңді қайтып қоярсың

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсын.

Ербол:Тамаша!

Абай:(Сегіз аяқ )әні.

Алыстан серпіп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған

Қиуадан шауып,

Қыйсының тауып,

Тағыны  жетіп қайырған.

Толғауы  тоқсан қызыл тіл.

Сөйлеймін десең өзің біл.

Ербол:Абай досым,ән-күйлерің қанатты болсын!

Абай:Айтқаның келсін!(Өлеңдерін оқиды)

1.Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп -тегіс жұмыр келсін айналасы.

Әділ қазылар алқасына сөз беру.

Қадірлі ұстаздар  мен оқушылар! Абай сүйер ақын ұрпақтары!

Осымен «Абай оқулары» атты байқауы аяақталды.Отбасыларыңызға денсаулық. бақыт, жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!