Жұлдызды 50 жыл

68

 

Жұлдызды  50  жыл

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

ГКС-12 орта мектебі,

Физика кабинетінің  лаборанты

Қыздар ұйымының төрайымы

    Таласбаева Зинегул Жулшаревна

Кештің  мақсаты: Оқушыларға  ғаршкерлер  өмірінен мағлұмат бере отырып , ойын  дамыту , танымдық қабілетін  шыңдай түсу  ғарышкерлікке  қызығуын ояту.

Кіріспе  сөз  Елу  жылда  ел  жаңа  дегендей, Ю.  Гагариннің  космосқа  ұшқанына  биыл 50  жыл  толып отыр.Ғарышқа  тұңғыш  ұшқан  адам  1961 жылы  12 сәуірде тарихта тұңғш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқы ұшты. Бірінші ғарышкер, Ресей азамат – Юрий Гагарин.

Байқоңырдан сағат 9-дан  07 минут кеткенде ұшты,108 минут өткеннен кейін «Восток» кемесі алдын ала белгіленген жерге аман есен жетті. 1961жылы 12 сәуірде Мәскеуден адамның ғарышқа тұңғыш сапарының ойдағыдай аяқталғаны туралы хабарланды, әлемнің тұңғыш ғарышкері қонған жерінен былай деп хабарлады. Үкіметке, халыққа жерге қонудың ойдағыдай өткеннін, өзімді жақсы сезінетінімді хабарлауды сұраймын.

1 минут Юрий Гагаринді еске алу.

1-оқушы: Циолковский Константин Эдуардович.(1857-1935)

Космоновтиканың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі. К.Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск селосында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған.

Ол төбеге орнатылған шағын дүрбі арқылы Күн мен Айға жұлдыздар мен планеталарға бақылау жасады. К.Э.Циолковскийдің осындай жұпыны жағдайда, шет аймақта, орналасқан шағын қалашықта, ешкімнен ешқандай көмек ала алмаса да, теңдесі жоқ ұлы жаңалқтар ашқанына таңданбау мүмкін емес.

Тек совет өкіметі орнағаннан кейін ғана Циолковскийдің тұрмысы жақсарып , оның жұмыс істеуіне жан жақт жағдай жасалды. Совет үкіметі оған барынша көмек көрсетті. К.Э.Циолковскийдің ең басты ғылыми еңбектері космос ракеталары мен олардың космосқа ұшуына арналған 1903 жылы ұлы ғалым өзінің «әлем кеңістіктерін реактивтік құралдармен зерттеу» деген мақаласында планета- аралық ұшулардың мүмкіндігін дүние жүзінде алғаш рет ғылыми  тұрғыдан дәлелдеп берді. Тек ракета ғана планета аралық корабль бола алатынын дәлелдеді.

К.Э.Циолковский адам космоста ұзақ уақыт тұрып жұмыс істейтін  орбиталық ірі станциялар жасауды ұсынды. Ғылым мен техника жетіле келе космос сөзсіз игеріледі деп есептейді.

2-оқушы. Тоқтар Әубәкіров

Ғарышта 2 аптадай уақыт болғанда қазақ ғалымдарының алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстарын тұңғыш рет шексіз кеңістікте сынақтан өткізіп қайтты. Екі апта ғылыми – зеттеу жұмстарын жүргізу қысқа мерзім еді. Соның өзінде Тоқтар үлкен істер атқарды.

3-оқушы. Талғат Мұсабаев.

«Мир» станциясына барған сапарының екеуінде ғылыми зерттеу бағдарламасы бойынша ғалымдарымыздың зерттеу жұмыстарын сынақтан өткізді. Талғаттың отыз сағаттан артық ғарышта болуы қазақ үшін үлкен мәртебе, мақтаныш. Ол тау өңіріндегі тау қар қабаттарын Қостанай, Семей маңын суретке түсірді.

  1. хор: Атамекен
  2. Өлең жолдарын оқу (оқушылардың өздерінің шығарған өлеңдері)
  3. Ай неге жалаңаш? (ертегі)
  4. Шәкірттер айтысы
  5. Викториналық сұрақтар

Құпия- сөздер шешу