«Өнерлі өрге жүзер» 5-6 сыныптар арасындағы мақал-мәтел, жұмбақ сайысы

Сабақтың мақсаты:Жұмбақ,мақал-мәтелдердің айтылуына қарай топтастыра отырып, сөздерді жүйелі, сөйлемді толық етіп айтып,оқушының сөз шеберлігінің сапталуына жол ашу, дағдыландыру.

Білімділік:Оқушыға халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекше сара жолын түсіндіру арқылы баланың ақыл-ойын,сөздік қорын,ойлау қабілетін арттыру.

Дамытушылық:Оқушының тілін, мақал туралы  білімін арттыру.

Тәрбиелік: Өз халқына деген сүйіспеншілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:Плакаттар,сұрақтар жазылған билеттер,кітап «Қазақтың мақал-мәтелдері»

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап  ,тапсырмалар беріледі.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме  Әділ қазылар алқасы, оқушылар,сайыс қонақтары !Ал, балалар, «Өнерлі өрге жүзер»  сайысымыздың алғашқы айналымына сайыскерлерді шақырайық.

Олар:

 

Әділ-қазылар алқасы:

 

Ал,балалар сайысымыздың алғашқы айналымын бастайық.Мен сіздерге мақалдың басын айтамын,сіздер аяқтаңыздар.

1.Көп жасаған білмейді, (көп көрген біледі)

2.атаның баласы болма,( елдің баласы бол)

  1. кісі болар баланың кісіменен ісі бар(кісі болмас баланың кісіменен несі бар)

4.еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)

5.ағаш тамырымен,( адам достығымен мықты)

6.жақсы адам-елдің ырысы,(жақсы жер –жанның тынысы)

  1. әдеті бала ата-анасын мақтатар,(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

Ал, әділ қазылар алқасы келесі айналымға кімдер шықты?

Екінші айналым

Оқушылар өздерің де байқап отырған шығарсыңдар, біздің халқымыз түрлі тақырыптарға мақал-мәтелдер арнаған екен.Мысалы, отан, ел,халық туралы,төрт –түлік мал туралы,қыздарға арнап, өнерге,білімге,денсаулыққа,тазалыққа да мақалдар арнаған.біздің ата-бабаларымыз қандай білгір болған, солай ма , балалар?

-Жарайсындар,ал 7 санына байланысты не білесіңдер?(7 қарақшы жұлдызы,7 қазына,7 атасын білу,7 күлше, кемпірқосақтың жеті түсі, жеті қазына, 7 ата, 7 күн,  7 жұт т.б)

Бәрекелді,балалар,ал осы жеті қазынаға нелер жатады?

Сұлу әйел,ақыл-білім, ер жігіт,қыран құс,құмай тазы,жүйрік ат пен берен мылтық.

Жарайсыңдар, жеті қазынаға не жататынын біледі екенсіңдер.Енді  «кім көп айтады?» сайысын ойнайық,осы жеті қазынаның бірі-ер жігітке қатысты қандай мақал білеміз?

І.Ер жігітке арналған мақалдар:1. Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ.2.13-те отау иесі.3.Жігіттің құны 100жылқы,ары 1000 жылқы.4.Әдепті жігіт,қылықты қыз.5.Жігіт жолдасымен белгілі.6.Жігіт сегіз қырлы , бір сырлы болсын.

ІІ.Қыз туралы қандай мақал- мәтел білеміз?1. Бала құлыншақ ,қыз қуыршақ.2. Гүл -жердің көркі қыз- елдің көркі,3.Қыздың жолы жіңішке.4 .Қыз-қонақ.5 Қыздың тамағы қылдай.6.Қыздың көзі қызылда.

ІІІ.Қыран құсқа қатысты мақалдар:1.Күндіз бүркіт алса, түнде үкі алады.2.Қаршыға қазан қайнатады.3.Құс жеткен жеріне қонады.4.Соқыр тауыққа бәрі бидай.5.Жапалақ сипағанмен сұңқар болмайды.

IV.Жүйрік ат.1.Ат адамның қанаты.2.Ер қанаты ат.3. Ат құлыннан, батыр баладан.4.Бір атқа екі жүген керек емес.

V.Ақыл-білім:білімнің басы бейнет,соңы зейнет.2.Оқығаныңды айтпа,тоқығаныңды айт.3.Өнер ағып жатқан бұлақ,білім жанып тұрған шырақ.4.Өз білмегеніңді кісіден сұра,үлкен болмаса, кішіден сұра.5.Алтын алма,білім ал.6.Оқу білім бұлағы,өнер оның шырағы.

VI.Құмай тазы туралы қане  кім қандай мақал біледі екен?1.Ит адамның құлағы.2.ит ашуын мысықтан алады.3.Адам итті жұмсайды,ит құйрығын жұмсайды.4.Иттің ырылдағаны-амандасқаны.5.Итті күшік кезінде үйрет.6.Жаман ит ұрып кеткен соң үреді.

VII.Достық туралы. Досы көпті жау алмас.2.100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.3.Дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады.4.Күлме досқа, келер басқа.5.Жақсы дос үшін жан пида.

VIII.Берен мылтық.1. Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды.

 Үшінші  айналым

Бұл айналымның да жеңімпазын анықтайық.Ал енді сайысымыз «жұмбақшылар сайысын» бастайық.Бұл сайысқа қатысушылар:                                                             .

Жұмбақ сайысының алғашқы айналымында мен сіздерге жұмбақ жасырайын,ал сендер жұмбақтың шешімін табыңдар:

1.Бір тайға үш ағасы мінгесіп жүр,екі інісі ілесіп жүр. (қалам мен бес саусақ)

2.Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

қорек қып пайдаланар тәмам халық. (кітап пен оқу)

3.Уй ішінде- бөлме,бөлме іші көлде,

Түрлі ұсақ балық, жүзді сайран салып.(аквариум)

4.Жұдырықтай қызыл шар-тілді үйірген шырын бал.(алма)

5.Жаңылмастан жетеуі,кезек қызмет етеді.(аптаның жеті күні)

6.күндіз төбеңе шығады,түнде шегеге шығады.(тәулік)

7.Кішкентай сары безер, жер дүниені кезер.(тиын)

Ал, әділ-қазыларалқасы жұмбақ сайысының келесі айналымына кімдер шықты? Үшінші айналым сайыскерлері:

Енді сайыскерлер, бұл айналымда сіздер бір-біріңізге жұмбақ жасырасыздар….

Міне, бұл айналымның құрметіне музыкалық сәлемдеме орындалады.Ал, енді 2 сайыс жеңімпазына соңғы сайыс «балық аулау»(билеттердегі сұраққа жауап беру)

Сайыстың жеңімпазын анықтайық.

«Өнерлі өрге жүзер» сайысының жеңімпазы..

Қорытынды: Жарайсыңдар, балалар. Сендер халық әдебиетінің түрлері –мақал-мәтел,жұмбақтардан білетіндерің көп екен.міне, осы білетін мақалдарыңды орынды жерде қолдануды ұмытпаңдар. Себебі, «Мақал-сөздің мәйегі».