Шығыстың қос шынары.

Шығыстың қос шынары.                  

Сайыс сабақ.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой- өрісін дамыту; Өжет мінезді Әлия мен Мәншүктің қайсарлығын , ұлт жандылығын, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету;

2) Оқушыларды адамгершілікке , Отанын сүюге , оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;

3) Балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Өтілу барысы :Сынып ішін безендіру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи  оқиғалар болады.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген  екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың  ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22- де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында  1945 жылы  9- мамырда бұл оқиға Ұла Жеңіспен аяқталды. Биыл Ұлы Жеңістің 67 жылдығы.

Ұлы Отан  соғысы жылдарында ерлік көрсеткен ерлермен бірге қан майданда мылтық асынып өз отанын жаулардан азат еткен апаларымыз бен әпкелеріміз болды. Атап айтсам Мәншүк Мәмедова және Әлия Молдағұлова апайлар.

«Шығыстың қос шынары» атты сайыс сабағымызды ашық деп жариялаймын.

Бала: Айтшы ,ана, сезіп пе едің ,сонда сен

Жақындаған қара бұлтты

Қара нөсер дауылды?

Өз еліңе жақындаған

Үрейді алған сарынды?

Ана: Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем

Елге дауыл тиетінін сезіп ем

Тыныш жатқан берекелі еліме

Қанішердің келетінін сезіп ем

Бірақ, бірақ  бейбіт шақтың келеріне

Мен тәңірдей сеніп ем

Ел қорғайтын ерлерімнің

Мәншүк пен  Әлиядай

Қыздарымның ерлігіне сеніп ем.

Әділ қазылармен танысу.

ІІ. Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан

Әлия, Мәншүк Отанына болған мақтан

Ескерткіш боп тұлғаң тұр

Дегендей :ерлікке аттан , еңбекке аттан ,дегендей Әлия мен Мәншүк тобы сәлемдесулерін жолдайды.

І. Ар намысы азаматтың

Таразыға түскен шақ

Күндері үшін болашақтың

Әр қарыс жар қорғалмақ

Бір Қабдадан сегіз ердің

Шығуы бұл тегін бе еді?

Айғағындай күш жігердің

Мерген қызым Әлия еді

Атқан оғы мүлт кетпеген

Дұшпандарын ойсыратты

Бір шайқаста жұрт күтпеген

23 неміс ол жайратты.

Даңқы жетті туған жерге

Қазақ қызы қол басындай

Үлгі болды майдангерге

Жауға тиген қорғасындай

Бір сұрапыл жекпе- жекте

Қол бастады Әлия қыз

Ол жоқ. Қалды ол келешекке

Үлгі боп ерлік аңыз.

Енді ортаға Әлия тобын шақырамыз.

Ұраны, киімі, төс белгі, бұйрық беру.

Дауылмен тербеп оның жас бесігін,

Мәншүк деп елі атаған ерке есімін

Адамша ақтау үшін ана сүтін

Майданның «Максимменен»ашты есігін.

«Максимін»  басқанда оның бас бармағы

Фашистің өлім болды жастанғаны

Алысты ол оқты, отты тыңдамастан,

Осы деп , біздің жеңіс басталғаны!

Ай өтпек , жылдар өтпек , ғасырда өтпек

Жеңіспен майдан бітіп жас ер жетпек

Ерлігі ел жүрегін тедіренпіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк жетпек,дегендей ортаға Мәншүк тобын шақырамыз. Ұраны , киімі, төсбелгі.

ІІІ. Топ әні

Отан деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып

Біз сендердей ән салмадық, жыр жырлап

Біз сендердей би де билей алмадық ,дегендей бүгінгі елдің болашақ Әлия мен Мәншүктердің өнерлерін тамашалайық.

ІY. Капитандар сайысы.

Көтермен қауіп қысқанда

Жасымай талай қиыннан

Барлаушы боп дұшпанды

Талай адам ерлігіментаңғалтқан, дей отыра Капитандарды барлаушы деп олардың қырағылықтарын анықтау, уақыт 3 минут.

(суретке қарап ,әңгімелеп беру)

  1. Өмірінен деректер.

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз

Қатар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар

Бізді қайта туды Отан, ел егіз

Дей отырып өмірінен деректерді  шағын қойылымдар жеткізеді.

YІ. Сұраққа – жауап.

Сол бір жылдар болады бәрімізге

Куәсындай ерлік пенделіктің

Майдан десе құлшынып , өрлетіп ел

Батырлықты аңғартты келбетінен.

Әлия тобына:

  • Мәншүктің шын есімі?(Мәнсия)
  • Мәншүк туған облыс?(Орал)
  • Әлияның туған ауданы?(Қобда)
  • Мәншүктің туған жылы( 1922)
  • Әлияның туған жылы (1925)
  • Әлияның шын есімі (Ылия)
  • Әлияның өлген жылы ,айы (14.01.1944)
  • Рейхстакқа ту тіккен қазақ жауынгері (Р. Қошқарбаев)
  • Ақтөбе облысы, Абай ауданынан шыққан Кеңес Одағының батыры(Қ. Жазықов)

    10  Мәншүктің өлген жылы , айы (15.10.1943.)

 

Мәншүк тобына:

 

  1. Соғыс қашан аяқталды?(1945.09.05.)
  2. Соғыс қашан басталды?(1941.06.22)
  3. Тылда еңбек еткен тарының атасы?(Ш. Берсиев)
  4. Тылда еңбек еткен ақ күріштің атасы?( Ы. Жақаев)
  5. Мәншүктің пулеметінің аты?(Максим)
  6. Қазақ ұшқышы Кеңес Одағының батыры?(Т.Бигелдинов)
  7. «Әлия» әнін орындайтын атақты әнші?( Р.Рымбаева)
  8. Әлия мен Мәншүкті қалай атаймыз?( Шығыстың қос шынары)
  9. Мәншүк неден шыққан ат?( Моншақ)
  • Ақтөбе облысынан құралған атқыштар дивизиясы?(312.)

YІІ. Спорттық сайыс.

Отан –ана жылағанда шерленіп

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те

Қолымызға қару алдық ерленіп,

Дагендей ерлік жолындағы талпыныстарын бақылайық.

  • Нысананы көздеу
  • Кедергілерден өту(адам, самолет, танк)

YІІІ. Топтық би.

Ана: Тап – таза, мөп –мөлдір көгілдір,

Жан еді- ау жапырақтай көктемгі

Шырқамайтын жыр қылып осынау өмірде

Әнсің бір жарылып кетердей от кеуде

Жан берді жалғызым өрт- топан майданда,

Соғыс қой ақмарал аруды сындырған

О, бүгінгі жауапты адамдар

Сақтаңдар ұрпақты

Апаттан, қырғыннан!

Әлия , Мәншүк – ер қыздары елімнің

Әлия ,Мәншүк – гүл қыздары

Әлия ,Мәншүк аттары әнге айналған

Әлия, Мәншүк – қос жұлдыз көкте жайнаған.