Малдәрігерлік операторы мамандығы бойынша өткізілген «Үздік маман» атты сайыс дайындамасы

112

Малдәрігерлік операторы мамандығы бойынша  өткізілген «Үздік маман» атты сайыс дайындамасы

 

 

 

1 – Оқушылардың білімін тест арқылы тексеру

 

2 – «Халықымыздың салт-дәстүрін білеміз бе?» викторина

 

3 – Кәсіби шеберлік

 

4– Қорытынды

 


 

 

Мақсаттары:

 

Білімділік:            Оқушылардың мамандығына қызығушылығын арттыру

Дамытушылық:   Оқушылардың білімін тереңдету

Тәрбиелік:            Малды баптау, күту, құрал- жабдықтарға ұқыпты болу,

әр іс-әрекетіне жауапты болу

 

Пайдаланған көрнекілігі: тест жинағы,  Жанұзақов «Мал фельдшері»

анықтамалығы,  сұрақ – жауап, мақал – мәтел

жинағы

 

Өндірістік оқыту шебері Д.И.Орманова: Бүгін, біз «Үздік маман» сайысын бастаймыз. Сіздердің мамандықтарыңа қатысты қазақ халқының салт- дәстүрі туралы білетіндеріңді анықтау мақсатымен өткізгелі отырмын.

Қазақ халқы  «Мал-жан аман ба?» деп  амандасқан, себебі мал қазақ халқының күн көріс көзі. Сондықтан малды бағып, бабтаған. Малдардың пірлерін де естеріңе сала кетейін: түйе атасы- Ойсыл қара, жылқы атасы – Қамбар ата, қой атасы- Шопан ата, ешкі атасы – Шешек ата, сиыр атасы – Зеңгір баба. Халқымыздың «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы»  деген мақалды да ұмытпаңдар. Сіздер мал шарушылығының маманы болып шығатындықтан, қойылатын сұрақтар қиын болмас деп ойлаймын.

Енді топты «Арыстан», «Беріш» деп, екі командаға бөлейік.

Сайыстың тәртібі: бір сұрақ – бір ұпай; көп мақал – мәтел білетін  команданың қоржынына ұпай саны көбейе түседі; келесі кезеңді машықтық сайысқа өтеміз, онда ұпай саны оқушылардың кәсіби біліктілігіне байланысты.

 

  1. Викторина «Үздік маман» /сұрақтар/
  2. Күйіс қайыратын малдың асқазаны неше бөлігі бар? /4/
  3. Қазақтың ырымы бар: үйге жас келін түскенде енесі келінім ұл тапсын деп …………….. пісіріп береді /ұлтабар/
  4. Қазақтың афоризмі: тіркесіп, қасынан бір елі қалмайтын кісі жайлы айтады: қарынға жабысқан ………….. сияқты /талақ/
  5. Күйіс қайыратын малда неше мойын омыртқа бар? /7/
  6. Ірі қарада неше бел омыртқа бар? /6/
  7. Күйіс қайыратын малда неше жұп қабырға бар? /13/
  8. Жылқы малында неше қабырға бар? /18 жұп/
  9. Малдың сыртқы терісі қалай аталады? /эпидермий/
  10. Ірі қарада неше тіс бар? /32/
  11. Жылқы малында неше тіс бар? /36-40/
  12. Қазақтың ырымы бар: жаңа тілі шығып келе жатқан балаға қойдың шешен, әнші болсын деп  ………….. береді /қатты таңдай/
  13. Қазақтың салты бар: шақырған қонақтың жасы үлкен немесе құда болып келсе, тағы да басқа сыйлы қонақ үшін дастарханға ас келгенде сый-құрмет ретінде қойдың ………… тарту етеді / басын/.
  14. Салт бойынша: құдалар бір-біріне бауырмал және ара қатынастары жұмсақ болсын деп жаңа құдаларға ұсынады…………. /қойдың бауырын және құйрығын/
  15. Ірі қараның дене қызуы қандай? /37,5/
  16. Сиыр неше күн буаз болады? /285 күн/
  17. Қой неше күн буаз болады? /150 күн/
  18. Симптом дегеніміз не? /аурудың сыртқы белгісі/
  19. Малдың дене қызуын қалай өлшейді? /тік ішек арқылы/
  20. Малдың қаны неден тұрады? /плазма және арнайы элементтерден/.
  21. Ұлттық тағам бесбармақ дастарханға келгенде күйеу балаға …………. ұсынады /малдың төсін/
  22. Малға қатысты халқымыз балаларын қалай атап еркелеткен? /құлыным, ботақаным, құлыншағым, қозым /


  1. Мал туралы мақал- мәтелдер:
  2. Мал құлыннан, ақша тиыннан өседі.
  3. Мал баққандікі.
  4. Ағайын – ащы, мал – тұщы.
  5. Мал бітпес деп ерден түңілме, шөп бітпес деп жерден түңілме.
  6. Қайратты ерде мал тұрар, өнерлі ерде бақ тұрар.
  7. Қырсыққан жігіт мал таппас, адасқан жігіт жол таппас.
  8. Мал сатқанда оны ноқтасымен, не бас жібімен бермейді,

малдың басы кемиді деп ырымдайды.

  1. Мал – адамның бауыр еті.

Жылқы туралы

* Ат қосақсыз жүрмейді.

* Ат сүрінбей, жер танымас.

* Арық атқа қамшы ауыр.

* Жақсы аттың тісін ашпа.

* Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді.

* Жақсы ат – жанға серік.

* Атың жемқор болса, берді құдай, Қатының жемқор болса, ұрды құдай.

* Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.

* Ат мінбеген атқа мінсе, шаба-шаба өлтірер, Тон кимеген тон кисе,

сілке-сілке тоздырар.

* Қара арғымақтан жал кетсе, қарға адым жер мұң болар.

* Қара көзден нұр кетсе, жарық күнің түн болар.

* Елің жаман болса, бір жақсыны сағала, Атың жаман болса,

ақ текенің мүйізімен тағала.

Қой туралы

* Қой анасы – оннан, жылқы анасы – бестен.

* Сүтсіз қой маңырауық.

* Жаман қой ісегінде кәртаяды.

* Қой егіз тапса, шөптің басы айрық шығады.

* Саулықтың жасы үлкен, ісектің басы үлкен.

* Қойды шартық бүлдіреді, елді қортық бүлдіреді.

* Қойшының қызы қой келгенде іс тігеді.

Ешкі туралы

* Есі кеткен ешкі жияр, ешкіменен есін жияр.

* Ешкілі қой өреген.

* Ешкі егіз тауып қойдан аспас, ит сегіз тауып елден аспас.

Түйе туралы

* Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.

* Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.

* Бір түйенің екі өркеші, бірі кетсе – күші жоқ, Бір биенің екі емшегі,

бірі кетсе – сүті жоқ.

* Түйе қашып, жүктен кете алмас.

* Түйе көп болса, жүк сыймайды.

* Түйе өлген жерде жүк қалады.

  1. Кәсіби шеберлік турда оқушыларға нұсқау карта бойынша тапсырмалар берілді.
  2. Кәсіби шеберлік
Нұсқау картасы

Малдың дене қызуын өлшеу

Құрал- жабдықтар: ірі қара мал, вазелин, мал дәрігерлік термометр, спирт, мақта.

Малдың дене қызуын өлшеген кезде келесі қауіпсіздік сақтау керек:

—          малдың мүйізіне, аяқтарына, құйрығына, тістеп алуына сақ болу;

—          термометрмен өлшеу кезде малдың басын сәл бұрып, мүйізден ұстап басын көтеру керек;

—          өте асау малдың танауына мұрындық кигізіп кояды;

Тік ішекке термометрді енгізер алдында:

—      термометрді қарап, қағып сынап бағанасын 34-35 0 бөліміне түсіреді;

—      термометрді спиртпен, сүртіп вазелинмен майлайды;

—      термометрді оң қолда ұстайды;

—      малға сол жағынан жақындайды;

—      сол қолмен малдың құйрығын көтереді, оң жақа қарай бүрып, денесіне ұстап тұрады;

—      оң қолмен жеңілдеп қозғалтып тік ішекке термометрді тереңірек кіргізіп, 10-15 минут ұстайды;

—      уақыт өткеннен кейін термометрді жайлап алады;

—      мақтамен тазалап, сынап бағанасын белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұсқау картасы

Малдан қан алу техникасы

Құрал- жабдықтар: ірі қара мал, қан алатын ине, спирт, мақта.

Малдың қан алған кезде келесі қауіпсіздік сақтау керек:

—          малдың мүйізі, аяқтарынан сақ болу;

—          малдын дұрыс байлағаннан кейін, қанын алады;

—          өте асау малдың танауына мұрындық кигізіп кояды;

—          қан алатын адамның қолында ашық жара болмауы тиіс;

—      ірі қараның күре тамырынан алынады;

—      ине кіретін жердің жүнін қырқиды, 5-10 %  йодпен залалсыздандырады;

—      күре тамырды қысып байлап, оң қолға инені алып, енгізеді;

—      қан ұйымай сарысуы бөлінуі үшін қанды пробирканың қабырғасымен баяу жібереді.


  1. Қорытынды:

Сайысымыз өз мәресіне жетіп, барлық турдан өттік. Екі команда да белсенді қатысты. «Беріш» командасы сәл алда болды. Халқымыздың салт-дәстүрін білетіндіктеріңді көрсете алдыңдар, ол өте керемет. Өз ағасын ағаламаған, жұрт ағасын жағалайды деген макалда бар ғой. Сондықтан өз тілімізді, өз дәстүрімізді мадақтап, жалғастыра жүретін болайық.   Назарларыңызға рахмет!