«Білім мен парасат сыны» (сайыс сабақ)

166

Тақырыбы: «Білім мен парасат сыны»  (сайыс сабақ)

Ұлтымыздың салт- дәстүрін қадірлейік,

Жастарды парасаттылыққа әзірлейік.

Тәрбие мен білімді тең игерген,
Болашағы жастардың деп тілейік.

Құрметті: ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда білімділер мен біліктілер додаға түспекші.Ендеше «Білікті бірді жығады, Білімді мыңды жығады» демекші бұл сайыста сіздерге сәттілік тілейміз!

 

1). Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Топтың презентациясы
  2. “Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” (сұраққа жауап)
  3. “Даналар сөзі- ақылдың көзі”

  Даналар сөзінің жауабын тауып,жалғастыру.

  1. Логикалық ойын
  2. Құпия хаттарға жауап беру.
  3. Мақал- мәтелдердің антонимін табу.
  4. “Егер де мен болсам…” (тығырықтан шығу)
  5. “Өнерпаз болсаң арқалан”

 

2).Сайысымызды бастамас бұрын, сіздерге әділ бағасын беріп, сараптама жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Қуанова Ботагөз

2.Психолог- Ахилбекова Гүлмира

  1. Сынып жетекші- Досанова Гауһар
  2. Ата- ана- Нұғыманова Анар

Әділқазылар алқасы сайыс кезеңдерін 5-10 балдық жүйемен есептейсіздер.

3). Әр топтың сайысатын күні бүгін,

Сәті түсіп, жеңеді екен кімді- кім?

Ең алғашқы сайыс шарты бойынша,

Топбасылар таныстырсын бір- бірін,- дей келе әр топ өздерінің аттарын, эмблемасын таныстыру керек.

1-топ «Жас қыран»

2-топ «Алғырлар»         4). Бәйге десе, жасырудан қашпайық,

Ойланайық, асықпайық, саспайық

Ал екінші сайыс шарты бойынша,

Сұрақтарға жауап бере бастайық

2-кезең бойынша білім сайысы

“Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” (Сұраққа жауап)


“Жас қыран” тобына

  1. Жеті атаны ата
  2. Үш арсызды ата
  3. Үш биді білесіз бе?
  4. Қазақша ай аттары
  5. “Ділда” сөзінің мағынасы

 

 

“Алғырлар” тобына

  1. Апта күндерінің қазақша атауы қалай?
  2. Сөздердің байланысу тәсілдері
  3. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
  4. Синтаксис нені зерттейді?
  5. “Жамағат” сөзінің баламасы

 

 

5). 3-кезеңіміз “Даналар сөзі- ақылдың көзі”деп аталады. Онда даналар сөзінің жауабын тауып,жалғастыру.

“Жас қыран” тобына

Әз Жәнібек ханның алпыс екі биі болған екен.Бір жолы

хан билеріне: “Дүниеде не өлмейді?” деп сұрақ қойғанда,

алпыс бір биінің бір ауыздан берген жауабы қандай?

 

“Алғырлар” тобына

Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек би сәлем

бере барыпты. Елдің, жақсылары шешендер, ойшылдары жиналып,

әңгіме- дүкен құрып отырғанында:

  • Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге
  • айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер,- дейді Төле би.
  • Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты,

жеті, сегіз, тоғыз, он.

  • Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма?
  • Би- аға, бұлжұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз?- дейді

Қаз дауысты Қазыбек.Сондағы Қазыбек бидің берген жауабы.

6).4-кезең бойынша Логикалық ойын. Берілген сұрақтарға мүдірмей, тез жауап бересіздер.

“Жас қыран” тобына

  1. Оның әкесі менің нағашым, мен қандай туыспын?
  2. Оның ағасы маған жезде, мен кім боламын?
  3. Менің әпкемнің жолдасы маған қандай туыс?
  4. Мен анамның ағасын қалай атаймын?

 “Алғырлар” тобына

1.Ол екеуміздің аналарымыз бірге туған біз қандай туыспыз?

  1. Ол бізге күйеу болса, біз оған кім боламыз?
  2. Жеңгемнің ет жақындарымен туыстығымызды қалай атауға болады?
  3. Ол менің анамның сіңлісі, маған кім болады?

7). Құпияның шешіп көрсек қатпарын,

Бірінші боп шешеді екен хат жайын

Балдай тәтті балаларға арналған,

Хабарлаймыз құпиялы хат барын!

5- кезең бойынша, құпия хаттарға топпен жауап бересіздер.

“Жас қыран” тобына

Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші , көзбе- көз өтірік айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?

Сіздің пікіріңіз

“Алғырлар” тобына

Құрметті оқушылар!

Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп,кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып, ылғи мақтанады.Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды.

Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

Сіздің пікіріңіз

 

 

 

7.Мақал сөздің- мәйегі,

Мақал сөздің- атасы

Мен бастайын мақалды

Жалғасын сен аташы

Тоқсан ауыз сөздің де,

Түйіні бар тобықтай

Сөз сиқырын сездің бе?

Мағынасын толықтай

«Мақалшыл топ» атансын

Жауап берген қорықпай

 

Келесі 6-кезең бойынша

 

 

мақал- мәтелдердің антонимін табу.


“Жас қыран” тобына

 

  1. Өлі арыстаннан … тышқан артық
  2. Палуанға оң , … бәрібір
  3. Көп білем десең,

… бастап үйрен

  1. Тіріні көрге салар да- сөз

Өліні тірілте … да- сөз

 

“Алғырлар” тобына

 

  1. Жіптің … Жақсы,

Сөздің қысқасы жақсы.

  1. Ақыл- …, ашу- дұшпан
  2. Ит үрер … , жаманға да
  3. Білмегеннің жақсысын қыл, білмегенін … бер.

 

8). 7-кезеңнің тапсырмасына назар аударсақ, “Егер де мен болсам…” деп аталады.Бұл тапсырма бойынша, тығырықтан шығудың жолын қарастыруыңыз керек.

“Жас қыран” тобына берілетін жағдаят

Нұргүл жастайынан әлжуаз, аурушаң болып өсті. Сабағы нашар,

9 сыныпты бітірген соң, училищеге келіп оқыды.Жатақханада жүреді.

Жоғарғы курстың қыздары Нұргүлдің әлсіз жақтарын сезіп ақшасын,

киімдерін тартып алып жүрді. Нұргүл олардың киімдерін де жуып берген

кездері болды. Соңғы кездері темекі тартуға ырықсыз көндірді. “Егер біздің

қылықтарымызды өзге біреуге(ата- аналарға, тәрбиешілерге) жеткізсең,

Өмірмен қоштастым дей бер”- деп қорқытты. Нұргүл бұлардан құтылудың

еш амалын таппай, кей кездері өмірмен қоштасқысы келген сәттері де болған.

Егер сен Нұргүлдің орнында болсаң не істер едің?

          “Алғырлар” тобына берілетін жағдаят

Асқар өзінің сыйлас досы Ажардыңтуған күніне арнап, қымбат зат сыйлағысы

келді.Бірақ теңгесі жоқ.Ол анасының әсемдік бұйымдары сақталатын қобдишадан

алтын алқасын ұрлап, базарға апарып өткізіп, оған қымбат магнитафон сатып алды да, досына сыйлады.Қызының туған күніне берілген мұндай үлкен сыйға риза болған Ажардың анасы, Асқардың үйіне ризашылығын білдіріп, телефон шалды.Кейін істің мән- жайын түсінген ата- анасы Асқарды қатты жазалады.Қолданған жазалары: ұрсу,тамақ бермеу, белдікпен ұру.Ата- анасына ренжіген Асқар бір түнде үйінен қашып, дерексіз кетті.

Асқардың бұл қылығына не деуге болады? Егер де сен Асқардың орнында болсаң,

 не істен едің? Ата- анасының әрекетіне көзқарасың.

9).«Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық»демекші,

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Тамсандырып біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыскерлерге бәйге алуға,

Ұл- қыздар аянбай- ақ жан салыпты,- дей келе «Өнерпаз болсаң арқалан»деп аталатын  8-кезеңіміз бойынша әр топтың өнерлерін тамашалайық!

Қорытынды

Құрметті: Оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі білім сайысымыз өз мәресіне жете келді.Сайыс болған жерде әрине жеңіс те болады, жеңіліс те болады. Ендеше бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобын анықтауымыз қажет.Олай болса, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей келе құрметті «Жас қыран» және «Алғырлар» тобының ойыншылары әрқашан бүгінгідей ынтымағы мен бірлігі жарасқан, білімі мен парасаты асқан, болашағы зор байтақ еліміздің арқа сүйер ұл- қыздары болыңыздар!

Қадірменді: ұстаздар! Сіздерге де уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!