Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 – жыл толуына орай және сәуір айының 15 жұлдызы «Қыз Жібек пен Төлеген» ғашықтар күні құрметіне өтетін дәстүрлі ІІ- Медеу аудандық «Жігіт сұлтаны – Көктем аруы» байқауы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 – жыл толуына орай және сәуір айының  15 жұлдызы «Қыз Жібек пен Төлеген» ғашықтар күні құрметіне өтетін дәстүрлі  ІІ-  Медеу аудандық  «Жігіт сұлтаны – Көктем аруы» байқауы

 

Мақсаты :Атадан балаға мирас болып келе жатқан , халқымыздың ұлттық нақыштары мен салт – дәстүрін үйрете отырып, талапты жастарымызды өнердің кәусәр бұлағынан нәр алғызып,өскелең жеткіншектерді ұлттық рухта тәрбилеп және қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуына , білімдерін шыңдауға ықпал ету.

 

 Басталуы : 30.03.2011ж

 Уақыты :    11:00

Өткізілетін орны: № 33 жалпы білім беретін мектеп

Мәжіліс залы

 

 

Безендірілуі:  

  1. Баннер
  2. Шарлар
  3. Безендіруге арналған  гүлдер
  4. Мерекеге арналған  қабырға   газеттер

Фанфары   (30  сек)

 

 

Жүргізуші :   Көктем тойы  — әніміз.

Көркемөнер сәніміз.

Өлең, әнімен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.- дей келе бүгінгі байқауымызға қош келіпсіздер! Енді бүгінгі байқауымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік

  1. Таныстыру 3- минут
  2. «Сұрақ — жауап» қыз бен ұл балаға ұлттық дәстүрде кездесетін сұрақтарға жауап беру керек. Берілген уақыты  3- минут
  3. Сахналық көрініс. 15 ғасырдан бастау алып 21 ғасырмен жалғасатын қазақ халқының тәуелсіздікке дейін бастап өткізген кезеңдер. 10 минут
  4. Би
  5.  Ұл балалар өз өнерлерін көрсету, қыз балалар қазіргі заман талабына  сай өз қиялын ұштастыра отырып киім үлгісін көрсету.

 

 

Жүргізуші :   Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға келіп тұрған

Сайыскерлерді ортамызға шақырамыз

Енді ортаға бағын сынауға келген қазақтың салт –дәстүрлерін жетік білетін, өнерлерін ортаға салып, тамаша талантымен таңдатамын деген ұл – қыздарымызды ортаға шақырамыз.

_№____________________________________________________________________________№____________________________________________________________________________№____________________________________________________________________________№____________________________________________________________________________№____________________________________________________________________________№____________________________________________________________________________№____________________________________________________________________________№____________________________________________________________________________№____________________________________________________________________________№___________________________________________________________________________

 

 

 

 

Жүргізуші :   —Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

 Гимн  орындалады

 

Жүргізуші :   Ал , құрметті халайық

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазылар алқасы

Әділ баға беріңдер – дей келе бүгінгі байқауды бағалайтын әділ қазылар мүшесімен таныстырып өтейік

1.______________________________________________________________

2.______________________________________________________________

3.______________________________________________________________

4.______________________________________________________________

5_______________________________________________________________

6_______________________________________________________________

 

 

 

Жүргізуші:

 

Өнер қуып, қыз бенен жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Жарысқа түскен қыз бен жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

 

-Байқауымыздың бірінші кезеңі таныстыру.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

 

 

Музыкалық нөмір  Мырзаханов Ілиястың орындауында «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар

 

 

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады «надан» деп.

Ата –бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты. – дей келе, қазақ халқының салт – дәстүрлері бойынша 2 –ші «сұрақ – жауап» кезеңін бастайық.

 

Музыкалық нөмір     Тілеужанова Сымбаттың орындауында «Наурыз» әні

 

Жүргізуші: «Қайдасыңдар Қыз Жібегі елімнің,

Қайдасыңдар батыр қызы жерімнің.

Қайдасыңдар сыңғырлаған шолпысы,

Тоғжан менен Әйгерімдей керімі».

 

Сері болған баланың,

Өрге жүзіп  өнері

Тауға өрлесін талабы

Қуанышпен жанары,

Шоқтай болып жанады.

 

Ендігі кезекте сахналық көріністен өнер көрсетеді.

 

Музыкалық нөмір: Темірбеков Ақмергеннің орындауында «Тұлпарым» әні

 

Жүргізуші:  Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер

Өнерлеріңді тексеріп,

Бәйгеге қатысып көріңдер.

Мың бұралып биленген,

Аруды кім сүймеген.

Күміс көмей аруларға,

Кімдер басын имеген.

– дей келе 4 кезеңіміз би өнері. Өнерлерін тамашалап, әділ баға берейік!

 

Музыкалық нөмір: Бастауыш сынып қыздарының қолдан жасаған сән үлгісін тамашалаңыздар

 

Жүргізуші:    Ал ,халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

– деп ендігі байқауымызда  қыздар сән үлгісін көрсетсе,

Мен жаспын деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы, жарқырап тұрар бойында. Ал қазақтың сұлтаны деген атқа сай жігіттеріміз өз өнерлерін 5 кезеңде паш етпек.

 

Жүргізуші:   Қарайды – ау қыздар қарақат көзін төңкеріп,

Жанарды ғажап,

Байлайды сиқыр ерекелік.

Мұндайда тіпті құрып-ақ кеткім келеді-ау

Қыз – дүниенің

Ыстық деміне өртенім

 

 

Жүргізуші:     Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес , жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын!

Енді  ортаға әділқазылар алқасын шақырайық,байқаудың шешімін оқиды.

 

 

Жүргізуші:  — Махаббат ең ғажайып, аса биік сезім адам қалауының үш қайнары бар:

Жан қалауынан – достық,

Сана қалуынан – сыйласу,

Тән қалауынан- құмарлық туады. Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады.

Бәрінің бастауы махаббат,

Жаныңа нұр сепкен шапағат.

Еңбектің рахатын сездірген

Гүлдерге құлпыртып сән берген.

Сәбидің шыраған жандырған,

Бұлағы мейірім қандырған

Шуағы жылытқан жүректі

Жаңғыртып айтамын қайталап,

Бәрінің бастауы махаббат!

 

Құрметті сайысқа қатысушылар , көрермендер, ұстаздар сіздерді келе жатқан 17 сәуір ғашықтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

 

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

 

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осыменен байқауымыз аяқталды!

Назарларыңызға көп рахмет!