Сынып аруы!

 

Сынып аруы!

1 – бастаушы: Құрметті асыл аналар, қыз – қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемдегі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз құтты болсын!

2 – бастаушы: Ал, құрметті қауым, көптен бері асыға күтіп жүрген «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік етуші әділқазылар алқасын тағайындап алайық.

1 – бастаушы: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Сайысты біз бастайық.

2  – бастаушы: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға аруларды шақырамыз.

1 – бастаушы: Арулар, сайысқа түсуге дайынсыңдар ма?

І – кезең. Таныстыру.

Кішкене арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға.

ІІ – кезең. Сайысымыздың келесі кезеңі «Мақалшылар сайысы». Арулар басталған мақалды аяқтау керек.

ІІІ – кезең. «Ас – адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар аналарына көмектесетіндіктерін істерімен дәлелдейді.

 

ІV – кезең.Өнерлі өрге жүзер.

2 – бастаушы: Енді аруларға тән не қалды? Әрине, өнер. «Өнерлі өрге жүзер» демекші, келесі кезең «Өнер».

V – кезең. Ал, енді сайысымыздың соңғы «Сән үлгісі»бөліміне кезек берейік.

1 – бастаушы: Осымен арулар 5 кезеңнен өтіп, өздерінің бойындағы қасиеттерін көрсетті. Ендігі сөзді әділқазылар алқасына берейік. (Марапаттау).

2 – бастаушы:

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

 

  1. Ат – адамның қанаты.
  2. Аттың көркі – құйрық – жалы,құлағы.

Таудың көркі – тасы менен бұлағы

  1. Сиырдың сүті – тілінде.
  2. Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

  1. Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

  1. Ата балаға сыншы.
  2. Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

  1. Батамен ер көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.

  1. Атадан бала туса игі,

Ата жолын қуса игі.

  1. Сәлем – сөздің анасы.
  2. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
  3. «Сіз» деген – әдеп,

«Біз» деген – көмек.

  1. Әдепті бала ата – анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.

  1. Қыз – қуыршақ,

Бала – құлыншақ.

  1. Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі.