«Шақырады көктем»

59

Тақырыбы: «Шақырады көктем»

 Мақсаты: Шалқардың 80 жылдығына орай, ауданымызға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамытып, тапқырлықтарын бақылау, суретке деген қызығушылықтарын ояту,табиғаттың сұлу көктеміне сағыныштарын жеткізу.

Көрнекілігі:Көктем көрінісі бейнеленген суреттер,тақырыбы,шарлар,сұрақ жасырылған конверт,туған жер көрінісі бейнеленген буклет,эмблема,жұмбақ суреттер.

Жоспары:1.Таныстырады.1 мин.

2.Біліміңді сына.(сұраққа жауап беру)

3.Қандай көркем,туған өлкем.(суретті құрастыру 3 мин.)

4.Мен суретші баламын.(көздерін байлап сурет салады.)

5.Жағдаят.(ұсынылған жағдаяттың шешімін табу.)

6.Бейнелер сыр шертеді.(суреттің қатесін табу.)

7.Шешуін  тап.(нүктелер арқылы суреттің шешуін табады)

Барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Сыныптар арасында 4 оқушы алынады.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім терең ой сыналады.

Әрбір бала-бір әлем бұл ақиқат

Бойынан түрлі өнер табылады.

Салиқалы саналы ой бұлағы

Білімді балалардың бұл тұрағы

Алда тұрған таңдаулы шәкірттерден

Жақсы пікір,көркем ойлар ағылады.

Сайысымызды бастамас бұрын,әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.____________________________________________

  1. ____________________________________________

І. Енді сайысқа түсетін оқушылырымыз өздерін таныстырып өтсін:

1.________________________________________________

2.________________________________________________

3.________________________________________________

4.________________________________________________

 ІІ. «Біліміңді сына.» Сұрақтарға жауап беру.

1.Кім барлық тілде сөйлейді?(жаңғырық)

2.Шалқар ауданына биыл неше жыл? (80 жыл)

3.Көктемде не ұшып келеді? (құстар)

4.Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

    5.Көзіңмен көресің,бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

    6.Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

    7.Жаңбырмен жер көгере ме? (ия)

    8.Қаламызда қандай ғимарат бой көтерді? (мешіт,мектеп)

    9.Көктемде қандай мерекелер келеді? (наурыз,аналар мерекесі, т.б)

    10.Туған-туысқанды құдай береді,ал досты кім береді?(өзің табасың)

    11.Оңынын да,солынан да өзгермейтін жылдарды ата?(1991,1881,1771)

    12.Қай қолдың тырнағы тез өседі? (жүрек жақтағы)

  13.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады,ал 28 саны қай кезде кездеседі?(28 саны барлық айда бар)

  14.Компьютер теледидарын ата? (монитор)

  15.Қандай жолмен ешуақытта адам жүре алмайды? (құс жолымен)

  16.Парлап жегілген ат бір сағат шапса,әр ат жеке қанша шабады?   (әрқайсысы бір сағат)

17.Қаламызға арналған қандай әндер бар? (шалқар вальсі,шалқардан ұшқан аққулар)

  18.Шалқардан қандай газеттер шығады?(шалқар,шежірелі өлке,шалқар шаһары)

  19.Шалқар көліне аққу қонады ма?(ия)

  20.Көктем айында қандай құбылыстар байқалады?(қар ериді,ағаштар бүршік жарады,т.б)

ІІІ. «Қандай көркем,туған өлкем»

Шарты:Қиылған суретті құрастырыды,сол кезде ауданымыздың белгілі жерлері шығады.

Таныс бізге бейнесі,

Бір-бірімен суреттер.

Табу керек үйлесім,

Жинайды екен кім жылдам?

ІV. «Мен суретші баламын»

Шарты:Сайыскерлер көздерін байлап көктемге байланысты  сурет салады.

Біз суретші баламыз,

Қолға бояу аламыз,

Сурет салу түк емес,

Өнерге ғашық баламыз.

  1. «Жағдаят»

Шарты:Сайыскерлер ұсынылған жағдаяттан қалай шығу керек екенін шешеді?

Тығырықтан шығар жол,

Біз үшін де түк емес.

Жолын тауып көрелік,

Қане достар бірігіп.

1.Ұстазың саған үйден көрмеге сурет салып келуін өтінді,бірақ  сен анаңа көмектесіп,сурет салуға мүмкіндігің болмай қалды,бұл жағдайда не істер едің?

    2.Әлия денешынықтыру сабағынан босатылып,сыныпта сурет салуға қалып қойды.Кенеттен өшіргішін таба алмай,жанында отыратын қыздың сөмкесінен пеналды алып,ішінен хат тауып алып оқыды.Әлияның бұл қылығы дұрыс па?

   3.Самат сабақ оқып отыр еді,анасы   су алып келуін өтінді,бірақ ол анасына бүгін заң өткенін және онда балаға күш көрсетіп,жұмсауға болмайтындығы, су әкелгісі келмейтіндігі ,оған жеке құқы бар екендігі  айтылды.Осы дұрыс па?

   4.Күнде кешке қарай сен сабақ оқымай,компьютер алдында отыруды жаттығып алдың.Ұстазың сенің ата-анаңа  сабағыңның нашарлап кеткенін айтты.Анаң үйге келгесін дастарқан үстінде ,компьютерді сататындығы туралы айтты,сенің жағдайың?

  1. «Бейнелер сыр шертеді»

Шарты:Берілген суреттің қатесін табады.               

VІІ. «Шешуін  тап»

Шарты:нүктелер арқылы суреттің шешуін табады.

Әділқазы алқаларына сөз беріліп,марапатталады.