Класс басшысы – класс намысы

Тақырыбы:     Класс басшысы  – класс намысы

Мақсаты :   1. Класс басқарушыларының ұйымдастырушылық белсенділігін арттырып,

жауапкершілігін, ізденімпаздығын шығармашылық қабілеттерін арттыру

,

Жүру барысы :   Қайырлы күн бүгінгі кеш қонақтары !

Шыққан бүгін әр класс басшылары,

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім көреген көп  оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Жарыста озып шығар жүйріктері

Әрқайысы  бақтарынан көрер енді

Канеки,басшыларым сайысқа шық

Таң қалдыр тәрбиелі,тәртібіңімен көрерменді

(Сайысқа түсуші класс басшыларын ортаға шақырамыз)

 

1.Сабағын да меңгерген                                     2.Жақсы оқуды бастаған

Жақсылыққа жөн көрген                                      Әліппені ашқалы

Ата-анасы                                                               Биязы қыз

Әдемі есімтеңгерген                                              Қарсы аламызжырымен

 

3.Саған да жыр арналады                                   3.Әнді кейде саламыз

Саусағынан бал тамады                                         Бағаны да алады

Екпінділер қатарында                                            Айтармыз

Ақсары қыз                                                             Еркесі гой үйінің

 

5.Сабағынан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды

Гүлназ біздің

Сөйлейді бірақ жайнаған

Шеберлікті,білімді

Сараптап сендер көріңдер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер-дей отырып әділқазылары сайлаймыз

Досжанова -ардагер   ұстаз,орыс тілі пәнінің мұғалімі

Сейіт Н       — бастауыш кластар бірлестігінің жетекшісі

Әбдірахманова- тәлімгер

Ой түйіп біздер ойланайық,

Білімділік көрсетіп сыналайық.

Әділқазы шешіміне риза боп,

Жеңілсекте ренішсіз біз тарайық.

Бүгінгі байқауымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін.

  1. Армысыздар,бұл мен (таныстыр)
  2. Біздің жаңалықтар (хабрлама)
  3. Сан қилы сан – сауал
  4. Қиындықты жеңе біл
  5. Менің класым…
  6. Еңбекқор адам қандай еңбегімен бағаланады үлгерім, қатысым, тазалық қорытындысы
  7. Өнерлі өрге жүзер класс басшыларының өнері

Осы байқауға қатысушы класс басқарушыларына сәттілік тілей отырып, Бойына бар сұлулық жиылғандай

Мүсінің ақмәрмәрдан құйылғандай

Жарқ етіп шыға келгенел алдына

Ең кішкентай басшының биі қандай деп 1-класс басқарушысының биін тамашалаймыз.

Сонымен басқарушыларымызға біз де сәттілік тілейміз.

Жұртқа жетсін айтқан әрбір сөздерің

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін

Дәстүрімен бүгінгі үлкен Байқаудың

Әрбір басшы таныстырсын өздерін –дей отырып, алғашқы бөліміміз

Армысыздар,бұл мен бөлімі бойынша әр класс басшылары өздерін таныстырып өтеді.

2- бөлім Біздің жаңалықтар деп аталады. Әр класс басшысы класта өткен жаңалықтар туралы хабар береді.

3-бөлім Ал басшылар сайысқа қалайсыңдар

Сендер өтер әлі де талай сын бар

Тапсырма ал, келесі шарт

Сан қилы сан-сауалдан

Жауап берсеңіздер,сұраққа жарайсыздар

Әр конвертте 2 сұрақтан бар 1.саясат