Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту

52

Математика.   3-сынып

Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту.

Мақсаты: Білімділік: тақырыпты меңгерту барысында екі таңбалы сандарды разрядтарға жіктей отырып, бір таңбалы санға ауызша көбейте білуге машықтандыру.

Дамытушылық: тез есептеуге дағдыландыру. Ой – өрістерін дамытып, сабаққа қызығушылықтарын, белсенділіктерін  арттыру.

Тәрбиелік: ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, ойын элементтері.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

— Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман. (әннің 4 жолын хормен орындату)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (үй жұмысы дәптерлерін жинап алу)

ІІІ. Өткенді пысықтау.

— «Күн көзін бұлт баспасын!»  атты ойын ойнату.

Шарты: күн көзін бұлттардан арылту. Ол үшін тапсырмалар орындау.

  • «Сен маған, мен саған» ойыны. Бір-біріне көбейту кестесінен тапсырмалар беру.
  • Сұрақ-жауап:

— Көбейту амалындағы сандар мен нәтиженің атауы (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)

— Бөлу амалындағы сандар мен нәтиженің атауы (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)

— Көбейтудің қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік, қосуға қатысты үлестірімділік)

— Көбейтуге кері амал (бөлу)

      3) Тест. Оқушылар қолдарындағы тиісті жауап жазылған (а,ә) көрсеткішті көрсетеді.

  1. Санды нөлге көбейтсе, неше шығады?

а) 0                               ә) сан

  1. Санды 1-ге көбейтсе, неше шығады?

а) сол санның өзі        ә) 1

  1. 9 жүздік 9 ондық  0 бірліктен тұратын сан.

а) 909                           ә) 990

  1. Саны – 5, құны – 50тг, бағасы қанша?

а) 250тг                          ә) 10тг

ІІІ.Жаңа сабақ

  • Күн көзі ашылды,

Жерге шуақ шашылды.

Ендеше қалам алайық,

Әдемілеп жазайық!

  1. Дәптермен жұмыс. (күннің жады, тақырып)

 

  1. Ойын: «Пойыз құрастыру».

Шарты: мұғалім үн-түнсіз вагондарды біртіндеп жалғастыра, пойыз құрастырады. Оқушылар вагондарға жазылған жазуларды түсіндіріп беруі тиіс.

41∙2=
40∙2+1∙2=
82

 

80+2=
(40+1)∙2=

 

 

 

 

 

  • Екі таңбалы санды разрядтық бірліктерге жіктеп, жеке-жеке бір таңбалы санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосамыз.
  1. Шығармашылық тапсырма:

Шыққан саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтыңдар. Сосын ең үлкен бір таңбалы санға бөліңдер. Неше шықты? (8)

  1. Әңгімелесу:

— 8 саны туралы не айтуға болады, жақын арада қандай мерекені атап өтпекшіміз?

— 8-наурыз мерекесіне анамызға қандай сыйлық әзірлеп жатырмыз?

— Аналарымызды алыс шетелге қыдыртқыларың келе ме?

Олай болса, бүгінгі сабағымызда соған мүмкіндік туып тұр.  Армандап, ойын ретінде аналарымызды қыдыртып қайтайық. Пойызымыз дайын.

  1. Пойызға билет сатып алу. №3 тапсырма.

1-қатар                          2-қатар                          3-қатар

14 ∙ 7 =

48 : 4 =

65 : 13 =

21 ∙ 3 =

96 : 8 =

98 : 14 =

18 ∙ 5 =

77 : 7 =

51 : 17 =

 

 

98                                              90                                               63

12                                              11                                               12

5                                               3                                                 7

 

  1. Аялдама: «Кипр аквапаркі»

№6 есеп. (1)

1 билет  —  15 фунт                            Шешуі: 90 : 15 = 6

? билет  —  90 фунт                            Жауабы: 6 билет.

  1. Аялдама: «Болғар дәмханасы»

№6 есеп. (2)

5 коктейль   —  60 лев                         Шешуі: 60 : 5 = 12

1 коктейль   —  ?  лев                          Жауабы: 12 лев.

  1. Тік ұшаққа билет алу. №4 Теңдеуді шешу.
х : 5 = 60 : 12

х : 5 = 5

х = 5 ∙ 5

х = 25

64 : х = 36 : 9

64 : х = 4

х = 64 : 4

х = 16

х ∙ 7 = 58 + 5

х ∙7 = 63

х = 63 : 7

х = 9

1-қатар                            2-қатар                            3-қатар

 

 

 

  1. Аялдама: «Англия дукені»

№7 есеп.

Бағасы Саны Құны
? бірдей 4 48 пенс
10 ?

 

Шешуі: 48 : 4 ∙10 = 120

Жауабы: 120 пенс.

 

  1. Кемеге билет алу. №5 (ауызша)

482 см * 49 дм  (‹)                  1 ц 35 кг * 200 кг  (‹)            5 м 6 дм * 506 дм  (=)

  1. Аялдама: «Израиль дүкені»

№9есеп.

1 торт — ? , 6-дан 1 бөлігі – 15 шекель                     Шешуі: 15∙6 = 90    90∙2 = 180

2 торт — ?                                                                    Жауабы: 180 шекель

  1. Ұшақпен қайту. Шығармашылық есеп. (Графикалық түрде шығарылатын есеп)
Әсет →Әлия →Оля →Серік →Берік
Сәуле →Самат →Ира →Асан →Лена

Қобдиша                                                                        Құмыра

 

 

 

  1. Автобусқа билет алу. Перфокартамен жұмыс.

Өз бетімен жұмыс. №12

 

ІҮ. Қорытындылау.

  1. Автобус бетіндегі жазуды оқыту. Мағынасын сұрау:

— Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың…

(«Анашым» әні орындалып тұрады.)

Ү. Бағалау.

— Бүгінгі сабағымызда әр түрлі елдердің ақшасымен таныстық. Ал өз еліміздің төл ақшамыз, валютамыз қалай аталады?

— Ендеше қолымыздағы теңгені есептейік. Кім көп жинаса,  жақсы бағалар алады.

     ҮІ. Үйге тапсырма:

  • Теңге жөнінде берілген №8 есепті және № 3 мысалды үйге орындауға аламыз. (223- бет)