«Компьютрон» еліне саяхат

41

Класы: 8 кластар

Пәні: Информатика

Сайыстың тақырыбы: «Компьютрон» еліне саяхат

Сайыстың мақсаты:

  • Оқушылардың алған білімдерін тексеру, өткен тақырыптарын қайталау.
  • Оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру.
  • Оқушылардың қарсыласын құрметтеуге және жеңіске деген құштарлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сайыстың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта және презентация

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру

  1. Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі «Компьютрон»еліне саяхат сайысына қош келдңіздер! Бұл сайыстың ұйымдастырудағы мақсатымыз, бүгін біздің сайысымызға «Компьютрон» елінен көмектесіңдер деген хат келіпті. Ол хаттың мазмұны былай жазылыпты: «Көмектесіңдер! Біздің елімізге ВИРУСтар басып кіріп жатыр, олар көбеюде, олар көбейген сайын біздер әлсіреп жатырмыз. Өтінеміз, бізге көмекке программисттер командасын жіберіңіздерші! Ол 2 топ бір – бірімен сайысқа түсу керек. Сол кезде ВИРУСтан біздер құтқарыламыз. Олардың қозғалыстарын әділқазы алқасы бағалап отыру керек. Иә, біздер білеміз, ол өте қиын. Бірақ бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз. Топ мүшелері адасып кетпес үшін сіздерге, жүретін жолды көрсететін белгілер жіберіп отырмыз! Көмектесіңдер Көмектесіңдер!» деп жазып жіберіпті. Біз сіздерді сол «Компьютрон» елін құтқару үшін шақырып отырмыз.

(Әр кластан 6 оқушыдан алынады, көрермендер және 2 әділқазы мүшесі)

  1. Енді сіздерді сол елді құтқаруға шығатын командалармен таныстырайын:

1 – топ: «Процессор»

2 – топ: «Операциялық жүйе»

Әр команда өз орталарынан команда капитандарын таңдап алады.

  1. Әділқазы алқасы:
  2. Жалмағамбетова Гүлназ – информатика пәнінің мұғалімі
  3. Ибраимова Бағдат – математика пәнінің мұғалімі
  4. Сайысымызды бастамас бұрын оның турларымен таныстырып өтейін.

І тур: Сиқырланған көпір – бұл турда сіздерге 2 топқп сөзжұмбақтар беріледі.

ІІ тур: Кодталған қақпа – бұл турда санау жүйесіне байланысты есептер беріледі.

ІІІ тур: Информатика терминдері – оқушылар алдын ала дайындап келген информатика терминдерін айтудан жарысады.

ІУ  тур: Адасқан әріптер – информатикаға пәніне байланысты сөздер беріледі. Әріптердің орны ауысып кеткендіктен, әр әріпті өз орындарына қою арқылы термин сөздер шығарады.

У тур: Сөздік домино – келтірілген сөздерді реттеп қояды.

УІ тур: Жеті қорғаныс дәрежесі – бұл турда екі топқа 7 сұрақтан 14 сұрақ қойылады.

Сайыс шартымен танысып болсақ, енді сайысымызды бастайық.

І тур «Сиқырланған көпір» — бұл шарт сайыскерлер үшін бірінші сынақ. Бұл турда әр топқа сөзжұмбақтар беріледі. Сол сөзжұмбақтарды  шешу арқылы көпірді ВИРУСтардың сиқырынан босатып алу.                                                                                                                                                       1 – топқа:

  1. Ақпаратты алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен айналысатын ғылым (Информатика)
  2. Принтердің атқаратын қызметі (Баспа)
  3. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (Дисплей)
  4. Файлдардың аты сақталатын орын (Каталог)
И Н Ф О Р М А Т И К А
Б А С П А
Д И С П Л Е Й
К А Т А Л О Г

(Тігінен: ФАЙЛ сөзі шығу керек.)                                                                                                                2 – топқа:

  1. Ақпарат өлшем бірлігі (Байт)
  2. Ақпаратты енгізу құрылғысы (Клавиатура)
  3. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (Монитор)
  4. Монитор, клавиатура, жүйелік блок, маус – бәрі … деп аталады.
Б А Й Т
К Л А В И А Т У Р А
М О Н И Т О Р
К О М П Ь Ю Т Е Р

(Тігінен: БЛОК өзі шығу керек)

(Әділқазы алқасы мүшелері әр команданың жылдамдығына, тапқырлығына назар аударып отырларыңызды сұраймын)                                                                                                              Сайыскерлер  бірінші сынақтан жақсы өтіп, ІІ турымызға, яғни «Кодталған қақпа» турына өтейік.

ІІ тур: Кодталған қақпа.

Мұнда сайыскерлер берілген ондық санау жүйесіндегі сандарды екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесіне кодтауы қажет. Екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Бірінші болған команда белгі береді. (Алдын ала жазылып қойылған тапсырмалар топқа таратылып беріледі.)

Тапсырма:

  • 7810 — 1000101102 7810-1168                    7810-4Е16
  • 8910— 10110012 8910-1318                          8910-5916
  • 4510-1011012 4510-558                             4510-1С32916
  • 6110-1111012 6110-758                             6110-3D16

Кодталған қақпаны ашу арқылы сайыскерле келесі сайысымыз «Информатика терминдері» турына өтті.

ІІІ тур: Информатика терминдері

Бұл турда екі топтан топ капитандары шығып информатика пәніндегі термин сөздерді айтудан сайысады. Бір бірінің айтқан термин сөздерін қайталамау керек. Қай топ тоқтап қалса сол топ аз ұпай алады.

ІУ тур: Адасқан әріптер:

Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы  компьютер құрылғыларының аттары мен  информатика пәніне қатысты  термин сөздер шығару керек.

1 – топқа:                                                                  2 – топқа:

Сөздер Жауаптары Сөздер Жауаптары
ретьюпомк Компьютер чесвинтер Винчестер
вредайр Драйвер красен Сканер
демом Модем локитайб Килобайт
лайф Файл схеромикма Микросхема
ротином Монитор аниш Шина
атекисд Дискета пямьта Память
нирперт Принтер уншаикни Наушники

 

Иә, бұл турда оқушылар өз тапқырлықтарын жақсы көрсетті. Енді келесі  У турымыз «Сөздік домино» турын бастайық. Бұл турда оқушылар келтірілген сөздерді мынадай тәртіппен реттеп орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы тиіс. Одан кейін келтірілген анықтамалар алдыңғы сөздердің реттелетін орналасу тәртібін анықтайды.

Компьютерді «басқарушы» — жазылған сандағы цифрлар реттілігі — — — компьютерде қолданылатын ұзындық бірлігі — компьютердің мәлімет шығару құрылғысы — программамен басқарылып, адам әрекеттерін қайталайтын машина  — тыныс белгісі — ертедегі грек математигі, екі санның ең кіші ортақ бөлгішін табу алгоритмінің авторы — компьютердегі мәліметтерді сақтау құрылғысы — ақпарат өлшеу бірлігі — байланыс түрі — компьютердегі ақпаратты белгілі бір атпен сақтайтын мәліметтер жиыны.

ЕВКЛИД — ФАЙЛ — ТЕЛЕГРАФ — КИЛОБАЙТ — РОБОТ — ДЮЙМ — ПРОЦЕССОР — МОНИТОР — ТИРЕ — РАЗРЯД — ДИСК

(ЖАУАБЫ: ПРОЦЕССОР — РАЗРЯД — ДЮЙМ — МОНИТОР — РОБОТ — ТИРЕ — ЕВКЛИД — ДИСК — КИЛОБАЙТ — ТЕЛЕГРАФ — ФАЙЛ)

Келесі соңғы УІ турымыз «Жеті қорғаныс дәрежесі» деп аталады. Бұл турда 2 топқа жеті сұрақтан беріледі.

1 – топқа:

  1. Информацияның ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
  2. Компьютерді зақымдайтын арнайы программа (вирус)
  3.  Компьютердегі информацияның барлығы қандай санау жүйесінде кодталады? (екілік)
  4. Қосымша басқару құрылғысы (тышқан)
  5. Адамдарға оқу үшін арналған файл … деп аталады? (Тексттік)
  6. 4 санын екілік санау жүйесіне айналдыр (10002)
  7. ARJ, RAR, WINZIP қандай бағдарламалар (архивтеуші)

2 – топқа:

  1. Информация көлемі қандай бірлікпен өлшенеді? (Байт)
  2. Адамдар оқи алмайтын файл … (екілік)
  3. Дыбысты сыртқа шығару құрылғысы? (колонка)
  4. Біз өмірімізде қандай санау жүйесін пайдаланамыз? (ондық)
  5. 2 санын екілік санау жүйесіне айналдырамыз? (102)
  6. Ауырған компьютертерлерді емдейтін құралдар? (антивирус)
  7. Архивтеуші бағдарламаларды ата? (ARJ, RAR, WINZIP)

Иә, сонымен сайысымызда өз мәресіне жетті. Әділқазы алқасы ұпай санын есептеп болғанша мен көрермендерге жұмбақ жасырайын:

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар!

(Тышқан, компьютерді басқару құрылғысы)

  1. Дүниеге тұмсықсыз – ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі.

(карандаш)

  1. Бірге барып класқа,

Бірге үйіңе қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды көреді

(Күнделік)

Сайыстың қорытындысында жеңіске жеткен топ марапатталады.

Иә, бүгінгі сайысымызда жеңген топ, «Компьютрон» еліне жетіп, ВИРУСтардан қорғады. Компьютрон елі сіздердік арқаларыңызда вирустардан тазарды. Сіздерге көп – көп рахмет!

Құрметті қонақтар, сайыскерлер, көрермендер, әділқазы мүшелері осымен «Компьютрон еліне саяхат» атты сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет! Қош сау болыңыздар!