«Жасөспірім желіккен бе? Тәрбие таяз ба?» атты дөңгелек үстел сценарийі

132

 

 «Жасөспірім желіккен бе? Тәрбие таяз ба?» атты дөңгелек үстел сценарийі

 

Өтілетін орны: Акт залы

Өтілетін мерзімі: 15 ақпан 2012 жыл сағат 12:40

Қатысатындар: 9-11сынып оқушылары

Қатысатын қонақтар:

1.Дүйсенова Меруерт-кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция капитаны

2.Қалдаров Берік  — «Нұр»мешітінің имамы

  1. Қыпшақов Қайрат -аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы

 

Жүргізуші:

Қайырлы күн, достар және бүгінгі кешіміздің қонақтары!

Қазіргі таңда еліміздегі, тіпті әлемдегі күрт өсіп бара жатқан проблемалардың бірі, бұл – жасөспірім арасындағы қылмыс санының күн санап артуы.Бұл жайттар ешкімді де ешқашан бей жай қалдырмасы анық.

Бүгінгі тақырыбымызға арқау болатын мәселе де осы: жалпы алғанда, “Жасөспірім желіккен бе?Тәрбие таяз ба?” осы сұрақтардың жауабын табу.Ендеше жағдайы жан ауыртып,қоғамға қозғау салған осы мәселеге кім қалай қарайды?шешудің жолы қандай?Көп болып сыр алмасып көрелік.

Олай болса әңгімемізді бастамас бұрын арнайы әзірленген бейне сюжетке назар аударайық. (бейнесюжет)

Тамырын тереңнен тартқан қайсар қазақтың қазықты қасиетімен қатар тәлімді тәрбиесі де тереңнен тамыр тартқан. Ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп тәрбиеге баулыған ата-баба ұрпақ ұлағатына терең мән бере қараған. Осыдан болар қайсар ақылды ұлы, ұяң мінезді қызы қазақтың қаймақты киесін қалыптастыра білді. Елім деп еміренер, ұятым, арым деп тебіренер ой-сана, түп тамырын тереңге жіберген жүгенді тәрбие елдіктің өсер бағытын, теңдіктің  шыңдай биік тұғырына қонақтады. Қазақ деген есім сайын дала көгінде ұлағатты тәрбие, асыл, текті , таза қанды ұрпақ деген есіммен астасып жатты. Таза ой –санадан асыл тірлік, жүйелі өмірге көзқарастар бүгінгі ардақты азат таңымыздың арайлап атуына жол ашты. Өмір есігін ашқан бесік жырынан бастап, етек жинап, жаға қымтаған ардақты шаққа жеткенше ата-ана тәрбиесі тал бүршігін егуден тайынбады. Бала ұяты әкеден, қыз ұяты анадан екендігін әбден санаға сіңірген текті ата-баба, дер кезінде осы жайттарды талап ете де білді. Қызға қырық үйден тыйым беріп, өз төрінен кісі есігіне  ұзатылғанша үкілеп, адал жолға баулып текті қасиеттерді бойына сіңірсе, ұлға сыны мен шыны басым түбірлі намыс, салмақты ақыл-ой, қырық істен бір ақыл ұттырған мейірбандық тұнған қажыр-қайратқа бағыттаған.

Егемен ел болдық,есті жиып деп дәл қазір көңілімізді көкке бұрамыз. Атаның алтын аманаты, ананың тәрбие салтанаты бүгінгі жалынды жастардың желіккен жағдайымен ақтала ала ма? Жасыратыны жоқ жайы жаһанды жаңғыртқан есірткі, арақ, етке таласқан қу итше топ-тобымен ырылдасқан төбелес дәл бүгін не ұттыруда. Бір –біріне достық қолын созып, адамзат баласы мейірім алақанын ұсынудың орнына, пышағын атақ, тапаншаны абырой санап, адам деген бауырына баукеспе пейілін танытады. Мұндай атаққа талас өз ішінде биік, қоғам мен адамдық алдында шірік пиғыл екендігін қалай аңғармақ? Ал мұндай жүгенсіздікке кім кінәлі? Баланы жастан тиып, тәрбиені тұсаулай алмаған ата-ана ма жоқ әлде, желөкпе түсініктің таяздығы ма? Бүгінгі тұлымы желбіреген асыл қыз. Ертеңгі аяулы ана, одан арғы ақ жаулықты әже деген атақты еске ала алмай қыз деген аттың  киесіне көлеңке түсіріп алғаны тағы бар. Қыздар арасындағы шиеленіс те өз алдына бір бөлек әңгіме. Бүгінгі қоғамдағы тастанды бала, желөкпе ана жайындағы мәселе де өзекті өртейді.

Олай болса,ортамызға ең алғашқы қонағымызды шақырып алайық.Қарсы алыңыздар,кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция лейтенанты Меруерт Дүйсенова ханым, қош келіпсіз!

1) Қоғамымызда жасөспірім арасында келеңсіз жағдайлардың орын алуына сіздіңше, не себеп?

2) Жасөспірім арасында жиі кездесетін қылмыс түрлерін атап  өтсеңіз…

3) Жүгенсіздік әрекеттер өршімесе тоқтаған жоқ. Алдағы уақытта қандай дәрежеге жететініміз де белгісіз.Сіздің ойыңызша,қалай тосқауыл қоюға болады?

4) 2011 жыл аудан жасөспірімдері үшін  қандай жыл болды? Олардың қылмыспен, бұзақылықпен байланысы қай деңгейде? Берер бағаңыз?

Әңгімеңізге рахмет! Осы мәселенің бет-пердесін ашу үшін дін саласының өкілін де ортаға шақыруды жөн санадық.Қарсы алыңыздар, «Нұр» мешітінің имамы Берік Қалдаров мырза:

1) Сіздің қазіргі таңдағы жасөспірім тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

2) ҚҚБ қызметкерінің сөзіне қарасақ, өткен жылы ауданымызда осынша қылмыс тіркелген екен. Сіздердің тараптарыңыздан бұған қарсы қандай шаралар ұйымдастырылуда?

3) Бұзақылық әрекет, жүгенсіздік тәрбие қазіргі таңда қозықұйрықша қаптаған ағымдар әсерінен болуы мүмкін бе? Өйткені, мамандардың пікірлеріне сүйенсек, елімізде ислам діні атын жамылған 22-ден астам ағымдар бой көрсетіп отыр. Бұл нақты белгілісі ғана,ал белгісізі қаншама…Келешек бұлардан кемелді тәрбие күте ала ма?

Әңгімеңізге рахмет!

  • Ата-ана баласын таңертең мектепке жібереді де, баласы мектептен қайтқанша алаңсыз өз шаруаларымен айналыса береді. Ия, алаңдауға да негіз жоқ. Себебеі баланың мектеп уақтысындағы жеке басы қауіпсіздігіне мектеп жауап береді. Дегенмен оқушылар арасындағы жаппай төбелес сабақ уақытында емес, сабақтан тыс уақыттарда орын алып жататындығы белгілі. Алайда алйналып келгенде таяқтың бір ұшы мектепке келіп тиеді, мектеп атына нұқсан келеді, сонымен қатар мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі, сынып жетекшісі қатаң сөгіс алып жұмыстан шығарылып жататын жайты да бар. Осыған өз пікірін білдіру үшін ортаға мектеп директоры Бейсенова Ғалия Дайрабайқызын шақырамыз.

Олай болса,ортаға мектеп психологы Гүлзат Ерментайқызын шақырамыз:

1) Психологиялық тұрғыдан бұл жағдайларды қалай түсіндіре аласыз? Баланың қылмысқа баруына мектептегі үлгерімі, құрбы-құрдастарының  әсері қаншалықты маңызды?

2) Ата-аналармен де арнайы психологиялық кездесулер ұйымдастырып тұрғанды дұрыс деп санайсыз ба?

3) Қоғамдық тәрбиені қалай қалпына келтіруге болады?

Кешіріңіздер, сөздеріңізді бөле кетейін, осы орайда көрермендерден сіздерге сауал жолдауға ұсыныстар түсіп жатыр.

(Көрермендер сұрағы)

Әңгімемізді ары қарай өрбітпес бұрын ортамызға тағы да бір қонағымызды шақырып алайық. Қарсы алайық, ата-ана Марат Дүйсебаев мырза!

1) Жасөспірім арасында қылмыстың өршуінің бірден бір себебі-ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы,тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Осы пікірге қалай қарайсыз? Өз көзқарасыңыз?

2) Мамандардың пікіріне сүйенсек, батыстың боевик немесе өзге де зиянды фильмдеріндегі әрекеттерге еліктеушілік қылмыстың қазіргі деңгейіне алып келіп отыр. Мысалы, ресейлік  “Бригада” көп сериялы фильмі шыққаннан кейін қылмыс саны артқаны байқалды. Осы тектес фильмдердегі кісі өлтіру, біреуді бопсалау және т.б тыйым салынған әрекеттер бізге үлгі болып отыр. Бұл өте орынды себеп, дегенмен біз бүкіл фильмдерді көрсетпе тастай алмаймыз. Бірақ сөзсіз шет елден келетін фильмдерге фильтр жасау дұрыс идея.

Ал сіз балаңыздың бойына батыстық үлгінің бір бөлігі сіңбес үшін қандай тосқауыл

қоюдасыз?

3)Ата-ана ретінде жалпы дін, құқық қорғау саласы, мектеп әкімшілігі тарапынан жүргізіліп отырған тәрбие жұмыстарына өз көзқарасыңыз?

Сөздеріңізді бөле кетейін,осы орайда кітапхана ісі маманына да сауал жолдап өтейін.

Сәуле Оңғарова ханым:

1) Жалпы оқушылардың кітапқа қызығушылық деңгейі қандай? Мектептің берген тапсырмасына амалсыздан материалдық қажеттілікке бола бас сұға ма,алде кітапқа деген қызығушылық басым ба?

2) Егер де оқушы қыздар мен оқушы ұлдар деп бөліп қарастыратын болсақ қайсысыларының кітапханамен жұмыс деңгейі жоғарырақ?

Ал осы орайда оқушылар не айтар екен? Пікірлерін тыңдап өтейік.(Оқушылар пікірі)

Жасөспірім қылмысының күн санап артуының бірден бір себебі—жастардың бос уақыттарын тиімсіз пайдалануы.Бұл мәселе біздің ауданда қаншалықты жүзеге асуда?

Аудандық жастар ұйымы жастармен қаншалықты тығыз байланыста?Осы және өзгеде сұрақтарды жауабын алу үшін ортаға аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Қыпшақов Қайратты шақырамыз.

  • Ауданымызда жастармен жұмыс жүргізу барысымен таныстырып өтсеңіз, жалпы қандай іс-шаралар өтілуде?

Жақында ғана аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жастардың өнерін шыңдап,жан-жақты жетілуіне қолдау көрсету, оларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау мақсатында  «Билейік, жастар!» АТТЫ ХИП—ХОП, БРЭК-ДАНС би байқауы өткізілген болатын. Осы байқауда көрерменді өнерімен тамсандырып жүлделі 1-орынға ие болған мектебіміздің 9-11 сынып жігіттерінен құралған «SOS» командасының өнерін тағы да бір тамашалауға мүмкіндік болып отыр. Ендеше, қарсы алайық!

  • Алдағы уақытқа қандай жоспарларыңыз бар?

Олай болса, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Бүгінгі өткен кездесуімізді қорытындылау мақсатында, әрқайсыңыз осы жастар тәрбиесі жөніндегі қорытынды ой-пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер.

Ғаламтор, жазба беттеріне үңілсек жүгенсіз жастар тәрбиесінің қалыптасу ошағын бірнеше топқа бөліп қарастырады. Расында да реңі ашылып, жайы жаңғырған бұл жайттарға сіз бен біз тосқауыл бола аламыз. Саналы ой, түбі нық тәрбие бар жерде бөгде көз алартып, бөтен қылық қамал бұза алмас.

Тал бесікті тәрбие тұғырынан таймаса,

Текті жастар тек ақыл ауылына бойласа,

Жаман әдет, жат қылық қамалыңнан өте алмас,

Бес саусақтай бір болсақ, қалғандары далбаса.