Абай Құнанбаев

92

Абай Құнанбаев

«Абай шығармаларындағы әйел-қыздар тақырыбы»

Әдеби кештің бағдарламасы

1.Құттықтау.

2.Әдеби композиция.

3.Сахналық шығарма.

4.Концерт.

5.Қорытынды.

 

Тағдырымыз ұқсас біздің ғажап бұл,

Ұқсас тағы жыршыл көңіл сұңқары.

Науаи жыры-аяулысы қазақтың,

Абай жыры-бар өзбектің іңкәрі.

Абдулла Арипов

 

                Қазақтың бас ақыны-Абай

Абай өзінің кіршексіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді,оның әрбір бетінен,әрбір жолынан,әрбір сөзінен бізге түсінікті,жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, Абай танысы-заман тынысы, халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып,жаңғырып жаңа қріс ажып тұр.

Өлді деуге бола ма,айтындаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

деп төрелігін өзі Абай бүгін жарқын бейнесімен де,жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кіна қойма!

Осы  бір ауыз өлеңдң-бүкіл Абай өміріңнің терең сыры жатыр.Құнанбай ауылы шарасынан толыпемін-еркін елді билеп,бет қаратпай кең жайлау алқа көлде көшіп жүрген бір күзінде шүйгінді жер,үлкен қамысты көлдің жағасы Қасқабұлақта 1845-жылы ескіше10-августа Құнанбайдың Күнкеден кейінгі екінші әйелі,тоқалы Ұлжан ұл табады,атын Ибраhим қояды.Шыр етіп жерге түскен нәресте баланы қуанып қойнына салған әжесі Зере бәйбіше Ибраhим деп атауға тілі келмей еркелетін Абай атандырған.

Шешесі Ұлжан Тұрпан қызы орта бойлы,қара торы, денелі, байсалды,мейірімді,мысқылшыл,тілді әйел болды.Ал әкесі Құнанбайдың мінезі мен келбеті мұлде өзгеше-ұзын бойлы,ақ сұр,көзі өткір,қатал,берік,мінезі бір ұрт,қайтпайтын қайрымсыз болды.

Бірінші бастаушы: Сізді 8-март мерекесімен құттықтаймын.

 Екінші бастаушы: Ау ол не дегенің! Мына жерде аналар,ұстаздар отыр,ең алдымен амандасып соларды құттықтайық!

Хор: Сәлем,аналар,сәлем ұстаздар,

Сіздерді мейраммен құттықтаймыз біз.

Сәлем әжелерсәлем қыздар-ай,

Сіздерде мейраммен құттықтаймыз біз!

Бірінші бастаушы: Аналарға арналған ең бағалы сыйлық не деп ойлайсың?

Екінші бастаушы: Машина,үй-жиhаздары,духи.

Бірінші бастаушы: Жоқ,жоқ,жоқ!

Екінші бастаушы: Білмедім өзің айта ғой!

Бірінші бастаушы: Балалардың амандығы мен,сабақты жақсы оқуы.

Екінші бастаушы: Яғни,мектептен алған мақтау қағазы ғой.

Бірінші бастаушы: Ал онда оқушыларға аналарына өз сыйлықтарын рұқсат етейік.

Екінші бастаушы: Ана кім? деген сұраққа қысқаша қалай жауап беруге болады. (Залдан жылаған баланың дауысы шыығады)

Бірінші бастаушы: Неге жылайсың?

Бала: Анамды таба алмай жылап тұрмын.

Екінші бастаушы: Анаңның түрі қандай?

Бала: Сұп-сұлу (залдағы сұлу әелдерді көрсетеді)

Бала: Сұлудан да сұлу.

Бірінші бастаушы: Дауысы қандай?

Бала: Жағымды (дауысы нәзік әйелді көрсетеді)

Бала: Дауысы бұдан да нәзік.

Екінші бастаушы: Өзің іздеп көр.(Бала анасын табады)

Бірінші бастаушы: Міне көрдіңдер ме? Дүниедегі ең сұлу, дауысы ең жағымды,кешірі мол адам-ана.

Екінші бастаушы: «Абай шығармаларындағы әйел тақырыбы» атты әдеби кешті 5 «a» сынып оқушылары бастайды.

Бірінші оқушы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре-тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Екінші оқушы:  Бұл махрұм кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?

Адамнаң бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын шен алсын,деп бермедім.

Үшінші оқушы: Өзім де басқа шауып төске өрледім,

Қазақта қара сөзге дес бермедім,

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбегінде тыныш жүргеңді теріс көрмедім.

Төртінші оқушы: Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,

Ұстарасыз аузына түсті мұртың,

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан,бірі май боп енді екі мұртың.        

Бесінші оқушы: Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнең басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

 

  Абайдың қара сөздері

Алтыншы оқушы: (19-cөз) Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп,көріп,ұстап,татын ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды.Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе,жаман дегеннен сақтанса,сонда іске жарайды,сонда адам десе болады.

Жетінші оқушы: (20-сөз) Тағдырдың жарлығын білесіздер-өзгерілейді.Піндеде бір іс жалығу деген.Ол-тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе,оны өзітапқан емес.Оған егер бір еліксе,адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де,ақырында тағы келіп жеңеді.Ақылы түгел ойлы,адамның баласы осы адам баласының жалықпайтұған нәрсесі бар ма екен.

Сегізінші оқушы: (7-сөз) Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады:біреуі-ішсем-жесем,ұйқтасам деп тұрады. Бұлар-тәннің құмары,бұлар болмаса,тән жанға қонақ үй бола алмайды,hәм өзі өспейді,қуат таппайды.Біреуі білсем екен  демелік.Мұның бәрі-жан құмары,білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен деген.

Тоғызыншы оқушы: (9-сөз) Осы мен өзім қазақпын.Қазақты жақсы көрем бе,жек көрем бе?Егер жақсы көрсем қылықтарын қостасам керек еді.Уә әрнешік,бойларын адам жақсы көрерлік,көңіл тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Егер жек көрсем,сөйлеспесем,мәжілістен,сырлас,кеңестес болмасам керек еді,ол мүмкін болмаса,бұлардың ортасынан көшіп керек еді.

Оныншы оқушы: (10-сөз) Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді,қартайған күнімде асырасын дейді.Осыдан бас қасы бар ма?

Бірінші бастаушы: Ендігі кезек 6 «а» сынып оқушыларына.

Бірінші оқушы: Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты,

Сұлу қыздың көрәп пе ең мұндай түрің?

Аласы аз қара көзі айнадайын,

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

Үлбіреген ақ етті,ашық жүзді,

Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайың?

Екінші оқушы: Бұраң бел,бойы сұлу,кішкене аяқ,

Болады осындай қыз некен-саяқ,

Піскен алма секілді тәтті қызды,

Боламын да тұрамын көргендей-ақ,

Егерде қолың тисе билегіне,

Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе,

Бетіңді таяп арсаң тамағына,

Шымырлап бу енеді сүйегіңе.

 

                      

        Жазғытұры

Үшінші оқушы: Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі,

Жан-жануар,адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер жүннің көзі,

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайрандасын жас күлер құрбысымен,

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Қырда торғай сайраса,сайда бұлбұл,

Тастағы үнін қосар байғыз көкек.

Бірінші оқушы: Сахналық көрініс.Абайдың поямасы «Масғұт» (қатнасушылар:шал,Масғұт,үш ұры) Масғұт базарда жүргенінде үш ұры шалды тонап жатқаны үстінен шығып,үш ұрыны ұрып шалды құтқарады.

Шал: -Ей,жігіт,не қылсаң да,ер екенсің,

Көргейсін ерлігіңнен берекесін.

Себеп боп мені ажалдан сен айырдың,

Маған қылған қарызыңды алла өтесін!

Себеп болып айырдың мені ажалдан,

Жақсылықты білмейтін шал емеспін.

Мен-бір шал дүниеде жиhар кезген,

Қабыл көр,сертім үшін қолыңды бер!

Масғұт: -Ұрыға жібермедім мен намысты,

Кім бұлдар мұндай-мұндай қылған істі.(Ертеңіне таңда ұшырасуға уәделеседі.Уәдеге сәйкес екеуі ұшырасады.)

Шал: Бірі-ақ,бірі-сары,

-Таңдап ал мен берейін бірін саған. (Шал Масғұтқа үш алма ұсынады.)

Ағың жесең,ақылың жаннан асар,

Сарыны алсаң,дәулетіңе судай тасар,

Егер де қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмс сенен қашар. (Масғұт қызыл алманы алады.)

-Мен беремін,танбаймын айта тұра,

Өкіңбесең түбінде жүре-бара,

Ақ пен сары екеуін алмағанын,

Мәнісінайтсаң екен,жаным сірә.

Масғұт: -Мен болсам,егер,ағын жемек дедім,

Ақылды болдым елден бөлек дедім.

Ақыл мені билемен не қылсам да,

Сарыны жеп,мен болсам байдың өзі,

Аузында тамам жанның болдым өзі.

Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп,

Тігілер жан біткеннің маған көзі.

Қызылды жесем,мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмессем,не жан күйер?

Ұрғашы дакөп жан ғой,досым болса,

Деп едім бір пайдасы маған тиер.

Шал:-Ендеше тауып айттың же шырағым,

Ақыл,дәулет әуелден өзіңде екен,

Өміріңнен артылсын,жаным бағың.

Бірінші бастаушы: Абай аудармалары «Шегіртке мен құмырсқа»ахналық шығарма.Шегіртке рөліндегі оқушы секіріп ойнап жүреді,жұмыс істеп жүрген құмырсқа оқушыға кесент береді.Күн суытады,шегіртке тоңып құмырсқаны іздеп табады.

Шегіртке:  -Қарағым,жылыт,тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!

Құмырсқа: Мұның,жаным,сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа,

Ала жаздай қылмап пе ең?

Шегіртке:  Мен өзіндей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме?

Көгалды қуып,ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме?

Құмырсқа: -Қайтсін,қолың тимепті,

Өлеңші,әнші есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде деібилей бер!

Бірінші бастаушы: Сахннаға ата-аналар,мұғалімдер ойынға шақырылады.Ойын шарты төмендегіше: оншақты адам қатарласып тұрады. «Менің анам қандай?» деген сұраққа жауап береді.Жауап қайталанбауы шарт.Жауап қайталанса қатнасушы ойыннан шығарылады.Үш адам қалғанда сұрақ беріледі.

Бірінші сұрақ: «Аргументы и факты» газетасында «Дүниедегі ең жақсы адам кім?» деген сұрақ жауап өткеріледі.Онда 2000 хат қатнасты.Жауап ішінде Жон Ленноннан бастап Никулинге дейін бар.25% дауыс пенен 2-орын Исус Христосқа несіп кетті.Кім 30% дауыс пенен бірінші орынды иеледі.

Екінші сұрақ: Ал-Хорезмейдің айтуынша: соғыс батырды сынайды,ашу дананы сынайды,жоқшылық кімді сынайды.

Үшінші сұрақ: Бір данышпаннан сұрапты: «Сізге дстыңыз жақын ба я аға-інілеріңіз бе?» Данышпан сондай етіп жауап береді,жауабынан досты да,аға-інілері де ренжімейді.Данышпан не деп жауап берген.

Жауаптары:1.Аналары.2.Досты.3.Егер аға-інілерім маған дос болсасолар жақын.

Бірінші бастаушы: Ендігі кезек концертке 7 «а» сыныбы өз өнерлерін көрсетеді.Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!