Бастауышым – балбұлағым

52

 

Тақырыбы:  Бастауышым – балбұлағым

 Мақсаты: Оқушылардың 4 жыл бойы алған білімдерін тиянақтап,оқып білім алудың

адам өмірі үшін қажеттілігін ұғындыру, өз оқығанын ортаға салып,

дәлелдей білуге және пікірін ашық айта білуге үйрету.

Олардың талғам мәдениетін қалыптастырып, ұстазды, яғни  үлкендерді

құрметтеуге тәрбиелеу..

Көрнекілігі:  әсем безендірілген  акт залы, билбордтар мен слайдтар.

 

Барысы:

1-жүргізуші:     Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір нұр  жүзіміз  жанған күн.

Сыңғыр қағып  қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман мың.

 

2-жүргізуші:     Әсем бөлме, терезелер жап-жарық

Қойған дерсің шырағданнан шам жағып.

Қара тақта, аппақ парта қаз-қатар

Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.

 

3-жүргізуші:    Кіріп келді  сыныпқа ұстаз күнді іліп,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып

Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,

Бар шуылын балалардың тындырып.

Хор:   Ұстазым

Вальс

Ұстаздарға арнау

1-жүргізуші:    Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата-аналар!

Бүгін  бізде қуаныш, үлкен мереке.Біз бүгін 4 жыл бойы білім беріп ой-санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол  ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

 

2-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақыралық

4-сынып оқушыларын ортамызға.

 

3-жүргізуші:Қадамдарыңыз құтты болсын!Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4жыл

бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді.   Енді міне ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді  еліміздің  жарқын болашағын   жасау мақсатында  жоғары  сыныпқа қадам басуда. Бүгінгі мерекемізді ашу үшін сөз кезегі  мектеп  басшысында.

Мектеп директоры:

 

Алтынбекова Ақгүл Жанабекқызы

Мектеп директорының орынбасарлары:  Мамбетиярова Жадыра, Ахметова Мира,

Ұстазым ( Зарина)

 

 

 

 

1-оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға.

Ортақ боп   бүгінгі өскен  ойымызға

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

 

 

 

2-оқушы:   Шаттанамын  мен бүгін, шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын

Осы сырды  үйреткен  төрт  сыныбым.

Түстей болып мінекей  артта қалдың.

 

3-оқушы:   Қоштас тойын бастайық

Ән мен биге басайық

өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойдың

Әнмен шашу шашайық.

Русский танец

 

 

4-оқушы:   Ыстық мекен, алтын ұя-мектебім,

Сен арқылы білім алып көктедім.

                    Достарыммен бірге жүріп, бір күліп,

Қарсы алдым жастық шақтың көктемін.

 

5-оқушы:  Өзіңсің балауса көктемім.

Мен сенен нәр алып көктедім.

Өмірде алғашқы өткелім.

Рахмет саған, бастауыш мектебім!

 

 

 

6-оқушы:  Аттағанда мектептің босағасын

Алғашқы ұстаз жылытты шапағатың.

Әліппені үйретіп, әдептіде,

Қуандырды әр бала ата-анасын.

 

 

 

7-оқушы:Үйретуден жалықпай өкеніңе,

Білім-теңіз дем бердің желкеніне.  

Анамыздай елжіреп шуақ төктің

Бір-бір үйдің еркесі мен тентегіне.

    

8-оқушы:Бойымызда бұла күш,

Еркін өскен ұланбыз.

Оқу, білім үйреткен

Ұстаздарға мың алғыс.    

 

 

1-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз.Ол оның көкірегін ашып,

Дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.

 

2-жүргізуші: Сол себепті небір дарынды ойшылдар да, көк төсін шарлаған  ғарышкер-

лер де, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да ұстаз-

ды пір тұтып қадірлейді.

3-жүргізуші: «Білімді бол, оқы үйрен»  деп  өсірді

Жақсылыққа баулып та жүр неше түрлі

Бала үшін бәйек болған  күні-түні

Қ.ұрметтейік  «Ұстаз» деген  есімді ,—дей отырып,  келесі әнімізді

Ұстаздарға арнаймыз.

 

Ән :  Ұстазыма (Аққу, Лаура, Айбаршын)

1-ж.                                             Біз  не үйрендік?  Не білдік?  (орыс тілінде тақпақтар)

 

                      Алып , қосып,  бөліп  кейде көбейттік

Біріншіден бастап санап үйрендік

Өмір мәні есептерге тәуелді

Математикада ерекше бір күйге ендік

 

Теңдеу құрып , оңай шеше аламыз

Жоқ сандардың тез-ақ мәнін табамыз

Бұл сабақта  ойнап ,  ойлап жарысып

Күнде төрт пен бестіктерді аламыз.

 

 2-ж.                                     Біз нені сүйеміз?

Табиғатты аялаймыз , сүйеміз,

Адам перзент табиғатқа  білеміз

Дүниетану пәнін оқып зерделеп

Көп қызыққа құмар болып жүреміз.

 

Диалог:  ( ағылшын тілінде )

 

3-ж.                                Біз нені ажырата аламыз?

Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны

 

1-ж.                       Бізді болашаққа не бастайды?

Ұстаздың көрсеткен жолы!

Ата-ананың ақылы!

Болашаққа деген сенім!

 

-ж.                                        Біз кім боламыз?

Адал азамат,

Ақылды ару,

Оқымысты ғалым

Елін сүйген ер, нағыз адам.

 

Ермексазбен бейне жасай аламыз

Мата, қағаз қиып өрнек табамыз.

Еңбек пәнін бір ерекше сүйетін

Біз еңбекқор шығармашыл боламыз.

 

Кукарелла

Біздің жетістіктеріміз. (слайд)

  • 4 жыл бойғы оқу озаттарымыз
  • Мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздары
  • Олимпиада жеңімпаздары

4)  Ғылыми жоба жеңімпаздары.

5)  Спорттың жарыстар жеңімпаздары

 

Ән:    «Туған жер».   Қасенова Ақнұр

 

Бір, екі, үш деп

Санап басып қадамды

Үйрендік біз спорттағы амалды

Шынықтырып , сергітіп, қуат беріп

Дене пәні қызықтырар адамды

 

Нота танып, саз сырына қанықтық,

Әуендермен жанға жайлы таныстық

Бейнелеуде сурет салып үйреніп,

Акварельмен пейзаж жазып жарыстық.

 

Мерекеміз «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты Абайдың 3 сахналық қойылымына ұласады.

1-ж.                       Бастауышым-балбұлағым

Алдым сенен  балдың дәнін

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

              

2-о.                          Бастауышым-балбұлағым

Лаулап жансын шамшырағың

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраның.

 

3- о.                        Бастаушым – балбұлағым

Өтті сенде қызық шағым

Қоштасар күнде жетті міне

Қимастықпен қол бұлғаймын.

 

Осымен «Бастауышым – балбұлағым»  атты ертеңгілігіміз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Бастауышым — балбұлағым

(ертеңгілік) Сөз кезегі  пән  мұғалімдеріне беріледі.

                  Ақмарал, Әсия, Найман, Кәмила,Гүлжазира, Нұрлан ,  Дәулет

                             апайлар  мен  ағайлар

                

 1-жүргізуші:               Аяулы  ұстаз!

                Өлшемі жоқ  бағаңның

               Айтыңдаршы, таласады  оған кім?

              Еленуде  елге  істеген еңбегің

             Айтады алғыс  шәкірттерің саған мың, -дей отырып ән биімізді қабыл  

             алыңыздар.

 

2-жүргізуші:           Енді бір сәт жұмбақтарға  кезек берейік.

 

1.Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың  ұясы  (мектеп)

 

2.Білімнің дәнін тереді

Балаға тәлім береді (ұстаз)

 

  1. Сағат сайын қағылады

Тек   мектептен  табылады  (қоңырау)

 

4.Доп сынды келбеті

Онда бар түп-түгел

әлемнің әлпеті   (глобус)

 

  1. Көкқұтанша ақ айдында

Бір аяқпен тұрады

Тұмсығымен ол мұнда

Шыр айналып шығады (циркул)

Ән. Би.

3-жүргізуші: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен

Өмір бойы  таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен

Бізге деген жылылықты табамыз.

ҰСТАЗДАРҒА ЛЕБІЗ. (бір топ оқушылар)

Енді міне сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

 

Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылықты ешкімнен аямаған

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген-аяулы, ардақты адам

 

Ажырамай мектептен бір елісіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

 

Сөз кезегі алғашқы ұстаздарда.

 

Сәлима, Ерсін, Саламат, Венера

 

1-оқушы      .          Бастауышым-балбұлағым

Алдым сенен  балдың дәнін

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

               

2-о.                          Бастауышым-балбұлағым

Лаулап жансын шамшырағың

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраның.

 

3- о.                        Бастаушым – балбұлағым

Өтті сенде қызық шағым

Қоштасар күнде жетті міне

Қимастықпен қол бұлғаймын.

 

Кешіміздің соңы «Жүрегімнің түбіне терең бойла»  сахналық көрініске ұласады.

 

Осымен «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!