«Эстафеталық ойындар »

388

Пәні:  Дене шынықтыру    Сыныбы: 3а-3ә     

Сабақтың   тақырыбы: «Эстафеталық  ойындар »

Сабақтың  мақсаты: 1.Оқушылардың  спортқа  деген  қызығушылығын

арттыру, эстафеталық  ойын  түрлерімен  таныстыра

отырып ,оны  ойнау  әдістерін үйрету.

  1. Оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын ,төзімділігін

қимыл –күш  қабілеттерін  дамыту.

  1. Ойын кезінде  қауіпсіздік  ережесін   сақтауға,

татулыққа ,ұйымшылдыққа ,бірін –бірі  сыйлай

білуге  тәрбиелеу.

Түрі:  Эстафеталық   ойын.

Өтілетін  орны: Спорт  зал.

Көрнекілігі: Доптар , шар, жалауша , кедергілер, секіргіш жіп ,  ысқырық,

эстафета  таяқшасы ,эстафеталық  ойындар жазылған  плакат.

-Құрметті   мұғалімдер  және   оқушылар!  Бүгінгі «Эстафеталық   ойындар»  атты  спорттық  жарысымызға   хош  келдіңіздер! Бұл  ойын эстафеталық  жарыс  түрінде  өтетін  болғандықтан  жарысқа  екі  топ (3сынып  оқушылары ) қатынасады.  Сонымен    жарысқа  қатысқалы    отырған  екі  топты :

3а-сыныбынан  құралған  «Жас  ұлан »тобын  , 3ә сынып   құралған

«Жас  қыран» тобын   қошеметтеп  ортаға  шақырайық .

 Жарысқа  қатынасушы  топ  мүшелері  «Қаражорға» биімен  дене қыздыру   жаттығуларын  орындайды.

 

Ал ,құрметті халайық!

Жарысты  енді  көріңдер

Әділқазы  алқасы,

Әділ баға беріңдер!,  дей  отырып   сайысымызға  әділ  баға  беретін   әділқазылар  алқасымен  таныстырайық .

 

Спорттық  жарысымыз  5  балдық  жүйемен  бағаланады.

 

«Қазақстанның  Республикасының   Гимні»  орындалады.

 

Сайыстың   бағдарламасы :

 

  1.   Таныстыру.  /Топтың  аты , ұраны/
  2. «Эстафета  таяқшасын  алып  жүгіру».  Қолында эстафеталық

таяқша бар алғашқы  ойыншы    кедергілер  арасымен   жүгіріп өтіп  ,

белгіленген  жерге   жеткен соң  таяқшаны    келесі  ойыншыға

береді,осылай   ойын  жалғаса береді..

    III.     «Кім   жылдам?» Допты  кедергілер  арасымен  алып   белгіленген

жерге  ұрып  барып , қайтарында  жерге  ұрып  алып  қайтып ,әріптесіне

беру.

  1. «Секіртпемен  жүгіру» Секіртпемен  секіріп  жүріп , кейін  қайтады да

келесі  ойыншыға береді.

  1. «Кім  мерген?» Допты   көтеріп  алып  жүріп ,қабырғадағы  шарды

жарып   қайтып  допты  келесі  ойыншыға  беру.

Сергіту сәті: «Шеңбердегі  тілек»

Оқушылардың  шығармашылығына  кезек  берейік.

(1а  сынып  оқушысы  Айболұлы  Аслан )

 

Қорытынды:

Сөз  әділқазыларға  беріледі. Командалар  сап  түзеп  қатарға  тұрады.

Ұпай  санын  есептеп ,жарысқа  қатысқан  командаларды  марапаттау.

 

Алматы облысы

Ұйғыр  ауданы

«Сүмбе  орта  мектебі  мектепке  дейінгі

шағын  орталығымен»  коммуналдық

мемлекеттік  мекемесі

Дене   шынықтыру  пәнінің

мұғалімі:  К.Алиева