«Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған тәрбие сағаты.

144

 

«Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған тәрбие сағаты.

Мақсаты:

білімділік:Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың  өмірі,

шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның

өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру.

тәрбиелік:Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін

ояту.
дамытушылық:оқушыңың сөйлеу  мәдениетін дамыту

Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған

пікірлер.

                                                        Барысы.

Жоспар

1.Кіріспе бөлім

2.Ақынның  өмір жолы  мен шығармашылығына  шолу

  1. Ақын туралы естеліктер

4.Поезия минуты (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп  оқу)

1-жүргізуші: Сарсенов Дамир

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

2-жүргізуші: Шүренова Арайлым

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –

деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де ұлы ақынымыздың туғанына 80 жыл  толуына  арналған «Жырлайды  жүрек»  атты тәрбие сағатымызды  бастауға  рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Сәрсенов Дамир

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліт жатады)

2-жүргізуші: Шүренова Арайлым.

Мұқағали өлең жазумен бірге шахматты, аңға

шығуды, балық аулауды өте жақсы көрген.

Мұқағали 1949 жылдың көктем айында жары Лашынмен отау құрады. Ақынның Алмагүл,

Шолпан, Лəззат атты қыздары, Жұлдыз, Айбар деген ұлдары бар. Майгүл атты қызы 10

жасында көлік апатынан қайтыс болған. Қазіргі таңда ақынның төрт немересі бар.

1-жүргізуші: Сәрсенов Дамир

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен  «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада  қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.

Ендеше  «Сенің көзің» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Сәрсенов Дамир

Мұқағали –біздің замандағы ғажайып ақындардың  бірі.Ақынның өзі «Егер  сіздер  шынымен менің  өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттемек  болсаңдар,онда мен  не  жазсам,соның  бәрін оқып шығуды  ұмытпаңыздар.Мені өз  өлеңімнен  бөліп қарамауларыңызды  өтінем» деген  екен.

Ақын  туралы   естеліктер.

1-оқушы: «Өлең өлмейді.Оны  жазған  адамда  өлмейді.Олай  болса Мұқағали  да өлген  жоқ.Қасымызда,ол қыранша  дүр  сілкініп,бүкіл залды өзі  толтырып,жазық  маңдайы жарқырап жыр  оқып  тұр»

                                                         Әбділда Тәжібаев

2-оқушы: «Мұқағалидай  ақыны  бар  халық- бақытты  халық»

                                                        Фариза  Оңғарсынова

3-оқушы: «Мұқағали мөлдірліктен ,тазалықтан, биік  адамгершіліктен  тұратын»

                                                         Лашын Әзімжанова

2-жүргізуші:Шүренова  Арайлым

Поезия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-

деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

Поезия минуты.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

4-оқушы:Дана

Менің бір досым
Ана бір жыл Алматыға келгенде,
Өз аузынан досым былай деп еді:
-Дүниенің барлығын да өлеңге
Сыйғызатын ақын болғым келеді.

Былтырғы жыл Алматыға келгенде,
Былай деген сөзің ұқтым батырдың:
-Шалқар ойым сыймайды екен өлеңге,
Алты актілі пьеса жазып жатырмын.

Биыл тағы Алматыға келіп ем,
Досым менің барлығын да тастапты.
Ақысы мол, өзі қалың, жолы кең,
Екі томдық романын бастапты.
5-оқушы:Айгерім

Фариза

Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,

Тастағысы келеді күресіңе.

Фаризажан, сен соны білесің бе?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым, …

Серіппесі үзіліп тұр садағым.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.

6-оқушы: Аяжан

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып…
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық

7-оқушы:Б.Арайлым 

Қазақ  жері

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі — балауса, балдырған,
Ал күзі — алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған

8-оқушы:Ақниет   

Бақыт деген…

Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
Бақыты сол – тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.

Бақыт іздеп, мал бақ, мейлің тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың, бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең, масқара!

Бақытың – мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім –
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім.

9-оқушы:Тәтті    

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын қорболмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің

Ал екінші бақытым тілім менің
Тас журекті тілімнен тілімдедім
Кей кейде дүниеден түңілсемде
Қасиетті тілімнен түңілмедім

Бақытым бар үшінші отан деген
Құдай деген кім десе отан дерем
Оты сқнген жалғанда жан барсыңба
Ойланбайақ келдағы от алменен
Үш бірдей бақытым бар алақанда
Құдай мені бақытты жаратарма
Үшкүн нұрын тқгеді аспанымнан
Атырау,Алтай,Арқа,Алатауға

1-жүргізуші:Сәрсенов Дамир

Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылық сезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Арыдан басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін шығарман,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-

деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі  оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.
2-жүргізуші: Шүренова Арайлым

Көп  адам дүниеге  бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын  көп  шалдырған.

Өлді  деуге  бола  ма,ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын  артына  із  қалдырған!

1-жүргізуші:  Сәрсенов Дамир

Ақынның сөзі  өлмесе,өзі  де өлмегені.

Осымен Мұқағали  Мақатаев шығармашылығына  арналған «Жырлайды  жүрек» атты  тәрбие сағатымыз  аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жандарыңызды жыр тербесін.