«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

130

Тақырыбы: «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Мақсаты: ардагер ұстаздардың өмірі мен ұздаздық еткен жылдарынан сыр шертіп,  өнегелі өмірлерін үлге ете отырып, оқушыларды үлкенді сыйлап тыңдай білуге, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Армысыздар, ардақты ардагер аяулы ұстаздар және бүгінгі кештің қонақтары!

Бүгінгі мектебімізде ардагерлер күніне  байланысты Бірыңғай «Жас ұлан» оқушылар ұйымының ұйымдастыруымен  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында кездесу өткізгелі отырмыз.

Бізде қонақта –өз еліне жарық, жарқын өмір сыйлаушы «адамзат бақыты- білімде ғана» деп білім жолын жоғары қойған мектебімізде ұстаздық еткен бүгінгі ата, қазіргі ақ жаулықты әжелеріміз қонақта.

Ендеше  қонақтарымызбен таныс болайық.

  1. Математика пәнінің мұғалімі Тұрғали ағай
  2. Бастауыш класс мұғалімі Ерғали ағай
  3. Еңбек пәнінің мұғалімі Әбіл ағай
  4. Орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлшат апай
  5. Орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Сырғаш апай
  6. Физика- математика пәнінің мұғалімі Ақшекер апай
  7. Еңбек пәнінің мұғалімі Зауреш апай

Құрметті қонақтар мектебімізге қош келіпсіздер! Жалпы  көңіл-күйлеріңіз қалай ?

Мерекелік ән шашуымызды қабыл алыңыздар.Айжан қыздарыңызды «Ана» әнімен қарсы алайық.

Сіздер мектебімізде білім беріп, қазіргі уақытта зейнеттік демалыстағы ұстаздар. Бүгінгі оқушы қоятын сұрақтарымыз, сіздерге орындататын тапсырмаларымыз айтылатын ән-жырларымыз сіздерге арналады. Сұрақтарымыз тек өздеріңіз туралы, ұстаздық жолдарыңыз туралы, мамандық таңдау туралы және ұстазбен шәкірт арасындағы байланыс туралы болмақ. Жалпы, сіздерге тосын сұрақтарға қалай қарайсыздар?. Ендеше, сұхбатымызды бастамас бұрын, осы кездесу барысында барлық сұрақтарға жауап береміз, тапсырмаларды  орындаймыз деген уәделеріңізді алып, алсақ………

Тамаша қошеметтеп қояйық.

Оқушылар ағай, апайларымызға сұрақтарыңызды қоя берулеріңізге болады.

  1. Сіздер қандай оқушы болдыңыздар?
  2. Балалық шағыңызда кім боламын деп армандадыңыздар?
  3. Сіздер ұстаздық еткен жылдардағы ең ақылды санайтын оқушыңызды айтып бересіз бе?
  4. Сіздерге алғаш әліппені ұстатып, білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстаздарыңыз кім болып еді, және де ол кісі несімен ерекше естеріңізде қалды?
  5. Сіздің ойыңызша мұғалім қандай болуы керек?
  6. Мұғалімдік мамандық жолыңызда қандай кедергілер болды?
  7. Сіз адам бойындағы қандай қасиетті бағалайсыз?
  8. Мұғалім мамандағының қызығы мен қуанышы қатар жүреді дейді. Сіздер мектепте өткізген 35жылда қызығы не, қуанышы не болды?
  9. Қазіргі жастар тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
  10. Өміріңізде немесе қызмет жолыңызда болған қызықты оқиғаңызды айтып бересіңіздер?
  11. Неліктен мұғалімдікті таңдадыңыздар?

Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп

Даналықтан  қазына жүрсіз жиып.

Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа

Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.

Құрметті ардагер ұстаздар  өздеріңізге деген алғысымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Ендеше шәкірттеріңіздің алғысын Дилназ   қыздарыңыз « Ұстазым» әнімен жеткізсін! Қарсы алыңыздар.

«Мұғалім-мектептің жүрегі» деп ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай қолына кітап пен шырақ ұстаған мұғалімнің қоғамдағы рөлі ерекше. Бұл саладақиындықтар жетіп артылады. Соның бәріне мойымай, оқушыларға терең білім беріп, жетілдіріп, болашағына жол сілтеп, үнемі ізденіс үстінде жүріп өзін де жан-жақты дамытқан ұлағатты ұстаздарымызды  басқа қырынан танығымыз келіп тұр. Ендеше келесі кезекті оқушылар дайындап келген тапсырмаларға кезек берейік. (оқушылар тапсырмаларын қояды.)

Шеберлік пен ұстаздықты ұштастыра білген бүгінгі білікті, тәжірибелі ұстаздарымыздың үлгі аларлық жақтары көп болды. Біз сіздерді көп қинадық байқағыштық, шапшаңдық, тапқырлық, өнерлеріңіздің бар екенін байқадық.

Сіздер өздеріңіз балалық шақтарыңыз, жастық шақтарыңыздан бастап егде жасқа дейін сіздер осы мектепке арнадыңыздар. Осы мектептің қабырғасында білім алып жатқан оқушыларымыз және де сіздердің соңдарыңыздан ілесіп келе жатқан ұстаздарымыз бар. «Бата менен ел көгерер»  демекші сіздерден тілек –баталарыңызды алсақ.

Адамдық қалыпты биік ұстау –кімге болса да үлкен сын. Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді дегендей бүгінгі сыр –сұхбатымыз арқылы ардагер ұстаздарымыздың кемел ақылы, дархан мінезі, қабілет-қарымы,оқушылар сендерге өнеге болсын.

Ағай , апайларымыздың ұстаздық, оқушы кездеріндегі қызықты оқиғаларымен таныстық. «Барға тасымаған, жоққа жасымаған» жарқын бейнесін, ғибратты сөзін жүрек түкпірінде қалдырыңдар!

Білім басы-бейнет

Соңы –зейнет, деген

Шаңырақтарыңыз – шаттыққа толсын

Еліміздің мақтанышы болып ғұмыр кешіңіздер!

Бүгінгі сыр – сұхбатымыздың қонағы болып біздермен сыр бөліскендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар.