«Тапқыр достар» сайысы

80

«Тапқыр достар»  сайысы

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;

Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

Ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, тапсырма парақшалары

Құрылымы: Ойынға 4  баладан құралған 3 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 12.

Ойын 5 кезеңнен тұрады:

  • І. Таныстыру
  • ІІ. Әзіл аралас сұрақтар
  • ІІІ. Полиглот (жұмбақты шешу. Орыс, ағылшын тілдеріне аудару)
  • ІҮ. «Жорға» (сұрақ-жауап сайысы)
  • Ү. Тіл өнері (мақал-мәтелдер сайысы)

    Балалар, біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде.Әрдайым күліп,  жан

жағымызға күлкі сыйлайық!
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытып не керек
Көңілді болып жүрейік!
Бір-бірімізге сәттілік тілейік.
«ТАПҚЫР ДОСТАР»
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!

 І.Таныстыру кезеңі.  Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

ІІ.«Әзіл аралас сұрақтар». (Сұрақтарға мақалмен жауап беру керек).

Мысалы:

  • Жылан інінен қалай шығады?
  • Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.(Көмекке көрермендер де қатыса алады).
  1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).
  2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).
  3. Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын «аппағым» дейді).
  4. Не қорқақ не батыр? ( Көз – қорқақ , қол – батыр).
  5. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).
  6. Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді).
  7. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).

ІІІ кезең . «Полиглот».
(Жұмбақтың шешуі қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылады)

 

1.Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама

(кітап-книга-book)

2.Қардай аппақ балдай тәтті-ақ

(қант-сахар-sugar)

3.Суға салсаң баипайды,

Жерге ұрсаң жатпайды

(доп-мяч-ball)

4.Аппақ дала, қара дән.

Сепкен дәні түсінуге жараған.

(әріп-буква-letter)

5.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

 

(ауа-воздух-air)

  1. Келеді сапар тартып алуан жолдан,

Тамаша қызығы көп түспес қолда,

Қызығын оқысаңыз тамашалап,

Қаласың хабарласып барлық жайдан.      (газет-газет-magazine)

 

7.Әдемі түнде,

Мен жүрсем, жүреді бірге.

(ай-луна-moon)

8.Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тісте п алады.

(аяз-мороз-frost)

9.Адамды тартып алар көрсе өзі,

Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.

Жанына барған кісі екеу болар,

Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі.              (айна-зеркало-mirror)

 

 

ІҮ кезең . «Жорға» сайысы.

(сұрақ-жауап)

 

  1. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? /3/
  2. Қазақ тілінде неше әріп бар? /42/
  3. Мақалды аяқтандар. Мектеп — кеме, білім — …. /теңіз/
  4. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? /Ы.Алтынсарин/
  5. Қазақстанның бас қаласы. /Астана/

 

2-топ сұрақтары:

 

1.«Мен, сен, ол» есімдіктің қай түріне жатады? /жіктеу/
2.«Мұғалім» сөзінің синонимі /?стаз/
3.«Үлкен» сөзінің антонимі /кішкентай/

4.Бір жылда неше жыл мезгілі бар? /4/
5.Бір жылда неше күн бар? /365/
3-топ сұрақтары:
1.Етістіктің неше шағы бар? /3/

2.Қазақстанның мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/

  1. Абай Құнанбайұлының неше қарасөзі бар? (45)
    4.«Көксерек», «Абай жолы» шығармаларының авторы кім?(М.Әуезов)
    5.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

Ү кезең Тіл өнері .Мақал-мәтелдер сайысы.

Отан, оқу, білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер айту .

 

1-топ:Отан туралы;

2-топ:Оқу-білім туралы;

3-топ:Еңбек туралы;

 

Қорытынды
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөзді бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама- дей отырып, сайысымызды қорытындылаймыз. Жеңімпаз топ анықталып мараппатталады.