Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий («Алға, Қазақстан» әуені ойнайды) Ортаға жүргізушілер шығады.

1164

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий

 

(«Алға, Қазақстан» әуені ойнайды) Ортаға жүргізушілер шығады.

 

І жүргізуші

Менің өлкем – атадан мирас хат маған,

Ақылды сөзін жадымда жастай сақтағам.

Көне беттерін күрсініп ауыр аударып,

Жаңа парағын, жадырап, жайнап ақтарам.

 

ІІ жүргізуші

Алатау, Алтай, Атырау, Арқа, Арқалық –

Өлкемнің байтақ қуанышын, достар, ал танып.

Қазақстан – шаттықтың елі шалқыған,

Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңын.

 

І жүргізуші

Қазақстан – батырлар елі, ер елі,

Бауырмалдық, достықтың елі өрелі.

Қазақстаным –

Сары жайлау,

Асқар тауларым –

Мәңгі бақи жырланып бітпес өлеңім!

 

ІІ жүргізуші

Қазақстаным – байтақ далам, пәк далам!

Халқымның салмақ, сабырлығын сақтаған.

Өресі биік, өрені жүйрік өлкемнің,

Қожасы болып туғаным — өшпес бақ маған!

 

І жүргізуші

Кеш жарық, құрметті Ағадырлықтар, қонақтар, аталар мен әжелер, қадірменді көрермен!

ІІ жүргізуші

Добрый вечер, дорогие Агадырцы, гости, ветераны труда, уважаемые зрители!

 

 

 

 

І жүргізуші

Сіздердің алдарыңызда ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық есеп, концерттік бағдарламамен Ағадыр кентіндегі Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің ұжымы.

ІІ жүргізуші

Перед вами  с творческим отчетом и концертной программой посвященной 20 летию Независимости нашего государства коллектив школы-лицея имени Ю.А.Гагарина поселка Агадырь.

Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің жарнамасы «Алға, Қазақстан» әуені (№1 слайд)

Ел тарихы – Тыхметова Р.М. (қобыз ойнайды) (Бес арыс, зиялы қауым, қоғам қайраткерлерінің суреттері №2 слайд).

Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген халық. Ата-бабаларымыз сонау түркі заманынан 18 ғасырдың бел ортасына дейін өз билігі өзінде болып, дербес мемлекет ретінде тіршілік етіп келді. Халықтың ел болып жасамағы, ұлт болып өсіп-өркендемегі сол халықтың өз ішінен шыққан тұлғаларына байланысты. Ғасырлар бойғы тарихымызға ел ұйыстырар, көш бастар тұлғалар көп болған. Ел билігіндегі хандар, билер, мемлекет қалыптастыру жолындағы қайраткерлер, ұлттың тағдырын жырлаған ақын-жыраулар, жерін жаудан қорғаған батырлар, жаратылыс пен табиғаттың құпиясын ашқан ақылман ғалымдар – бәрі-баршасы халқының игілігі үшін ерен іс атқарған тұлғалар.»Сүйер ұлың болса, сен сүй–сүйенерге жарар ол» деп данышпан Абай айтпақшы, халқымызға айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың өмірі мен ісі жастарға үлгі. Өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды. 19 ғасырдың аяғы мен 20ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді. 20 ғасырдың басында Ә.Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлері Алаш атын партияға да, үкіметке де бергенде елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық ұсианымдарын басшылыққа алғаны анық.. Алаш — жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді./көсемдердің бейнелері көрсетіледі/

 

(қобыз үні, слайд)

 

 

М. Дулатов «Елім-ай» өлеңі (оқитын Толтаева Г.Б.)

 

Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,

Сол бір қайғың өзегімді өртеген.

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,

Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?

 

Өткен сағым, келер алдың бір мұнар,

Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.

Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар.

Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!

 

Қандай елдің, қара кейін қайырылып.

Қандай едің, тұрсың одан айрылып.

Мүгедек боп қос қанатың майрылып,

Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!

 

Мұны құр бос өлең десең, өзің біл.

Не болса да көнем десең, өзін біл.

Босаға жүрген құлша, елім-ай!

Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?

 

Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалып?

Қайтер едің өткен дәурен оралып,

Жылы жүзбен мойнын бұзса, елім-ай!?

Сол күнінді көрсем – менің арманым,

Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.

Сұм жүрегім селк етпейді жалғанын,

Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!

 

М. Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін» өлеңі (оқитын Қосыбаев Р.К.)

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

 

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер –

Мен жастарға сенемін!

Тау суындай гүрілдер,

Айбынды алаш елім дер,

Алтын Арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға

Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

 

«Жас қазақ марсельезасы» әні орындалады

 

Халық тарихы – Тыхметова Р.М. (қобыз үні, слайд)

 

Содан беріде қазақ халқы өз басынан сан оқиғаларды кешірді. Қаншама алмағайып кезеңді басымыздан өткіздік. Бірақ тұтас халық ретінде бет-бейнемізді жоғалтқан жоқпыз.

Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:»Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ – тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» деп жазған болатын. Халқымыздың тәуелсіздік алуы өз тарихымызды өзіміз әділ жазуға, тарихымызды танып, көшімізді түзеуге үлкен мүмкіндіктер ашты.

(«Желтоқсан желі» №3 видео-слайд)

М. Шаханов «Желтоқсан алаңы» өлеңі (оқитын Тыхметова Р.М.)

 

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер …

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көп пен бел,

Бұл жер, қалақам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер …

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,

Қара беттің көбі – бүгін дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ?!

Ал біреулер намысы жоқ, жігер қауқар, қары жоқ,

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады,

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.

Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім бүркей алмас оны да еске салады

 

(«Алға, Қазақстан» әуені ойнап тұрады)

 

«Қазақстанның жетістіктері» – Махмутова Ш.М.

Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді.Тәуелсіздікті нығайту, оны әлемдік қауымдастыққа мойындату үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз қазақ елінің егемендігін қалыптастырушы, жаңа тұрпаттағы мемлекетті құрушы тұлға.

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы – Қазақстанды әлемге танытты, Семей  ядролық сынақ полигонын тоқтатты, Алаш жұртының астанасын Арқа төсіне әкеліп, ұлттық тұтастығымызды нығайтты.

Жас мемлекеттің саяси құрылымын қалыптастыру, оны жаханға таныту, халық санасына тәуелсіздік идеяларын сіңіруде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихымызбен мәңгілік жасайтын іргелі шаруалар атқарып, халықтың әл-ауқатының өсуіне, дербес мемлекет, жеке ұлт ретінде қазақ баласының абыройлы болуына шексіз үлес қосты.

 

ІІІ жүргізуші

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз болысқан.

 

IV жүргізуші

Я стою на горе, Казахстан передо мной,

Я смотрю, напрягая внимание и зренье,

И не в силах я скрыть своего изумленья

Перед этой прекрасной, могучей страной.

 

«Атамекен» әні (Хор)

 

«Цвети земля» әні (Хор)

 

«Халықтар достығы» би

Әр ұлт өкілінің билерінен үзінді

 

Көне қазақ ұлттық ойындардан көрініс

 

ІІІ жүргізуші

Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово.             У каждого есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем нашу школу, свою семью, свой прекрасный поселок, всю нашу огромную Республику Казахстан.

 

ІV жүргізуші

Беріспей батыр бабам армандаған,

Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман.

Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,

Әлдиле, байтақ елім, орман-далам!

 

 

Тәуелсіздік…

Ұлтымызға туа біткен-түсінік емес, жүре біткен әлеуметтік ұғым. Заманалар сарыны, тарих толқыны талайына бұйыртып, ақыры қанжығысына байлап берген саяси әлеуметтік таным.

Тәуелсіздік — Ту, Тәуелсіздік-ауа, жер-су, Тәуелсіздік — ел дәулеті. Арқаумен тұсаудан шыққалы жиырма   жыл. Ол күнтізбелік жыл тәуелсіздік туы көтеріп, рәсімделгенде дүниеге келген қазақ перзенті бүгін жиырма жаста ғана.

Тәуелсіздіктің шын кейіп-кесірін, ерекшелігін сол жиырма жасар қазаққа қарап білесің.

Жиырма жыл ішінде қазақ азаматтары нені түсінді? Тәуелсіздік көктен түспейді екен…

Тәуелсіздік хатпен келмейді екен…

Жиырма жылда қазақ қазақ екендігін түйсінді. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есемізді, еншімізді, несібемізді білдік.

Қасиетіміз де, қасіретіміз де сол тұнықтығымыз, тазалығымыз, бейкүнә сәбилігіміз екен. Соны ұқтық. Жиырма  жыл ішінде. Ұтылсақ та, ұтсақ та өз  тағдырымыздан. Маңдайға бұйырған жұлдызымызды көрудеміз. Тарихтың жолы, дамудың күллі түйіні, сахара мен заман қисындарының тоғысы осы өмір ағынына әкелді

 

ІІІ жүргізуші

Казахстан – это имя народа

Казахстан –это имя весны

Казахстан – это имя свободы,

Казахстан – это солнечный свет,

Казахстан – это имя побед,

Казахстан – это крылья народа.

 

ІV жүргізуші

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын Заңың құтты болсын қымбатты,

Туған күнің құтты болсын алыбым!

 

ІІІ жүргізуші

Ты выстрадал, мой Казахстан немало,

Но стал свободным и сейчас

Здесь равноправны все народы.

Народ – единственная власть!

Я прошлым Родины горжусь,

Истоки языков познать стремлюсь.

Хочу, чтоб в будущем мой Казахстан,

Стал сильным и великим среди стран.

 

«Алға, Қазақстан» әні ойнап тұрады

 

Жылнама 1991-2000жж. (Тыхметова Р.М.)

1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республика Президенті етіп сайлады.

1992 год. 4 июня.Были приняты Государственные символы Независимого Казахстана.

1993 жыл.15 қараша. Ұлттық теңге айналымға енді.

1995 год. 30 августа.Принята Конституция Республики Казахстан.

1996 жыл.16 желтоқсан.Алматыда Тәуелсіздік Монументі ашылды.

1997 год. 10 декабря. Состоялся переезд в новую столицу.

1998 жыл. 7 мамыр.Елбасының Жарлығымен Ақмола Астана деп аталды.

1999жыл 1 наурыз Республикалық «Отан» партиясы құрылды.

1999 жыл 23 ақпан Тәуелсіз Қазастан тарихында алғаш рет Республикалық халық санағы өткізілді.

 

«Алға, Қазақстан» әні ойналады.

 

Оркестр. «Еркесылқым» күйі

 

Оркестр. «Әлқиса» күйі ойнаған мезетте екі әже шашу шашады, қыз-келіншектер ұлттық тағамдарды алып шығады. (дастархан слайды)

 

«Домбыра» биі

 

Дихан Әбілов «Қазақстан – Республикам менің» (оқитын Искакова О.Т.)

 

Әйнегі – күн, шатыры – аспан,

Кең дала … Төсі толқыған – егін

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан –

Республикам менің!

Кемуді білмес кеңітті өмір,

Құрсағы құтты сахара демін.

Перзенті: болат, қорғасын, көмір.

Қазақстан –

Республикам менің!

Өрісте малын әндетіп баққан,

Ертістің от қып толқынын жаққан.

Доп қып … аққан жұлдызды қаққан

Қазақстан –

Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай намысты елін:

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан –

Республикам менің!

Орманы пүліш, бұлағы күміс,

Бұлбұлы жыршы, ұл-қызы керім

Таулары заңғар, өзені ырыс.

Қазақстан –

Республикам менің!

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте, достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда миллиард құйған

Қазақстан –

Республикам менің!

Өлеңі – жыры фонтандай атқан,

Жеңістің кілтін достықтан тапқан.

Күнде бір көктен жаңарып жатқан

Қазақстан –

Республикам менің!

 

«Туған жер» әні (Игембаева Г.К.)

 

(Ақадыр, мектеп туралы слайд, әуен)

 

10 «Г» сынып оқушысы Вельдяскина Елена

Абай туған жерінде,

Бомбасын атом жармасын.

Құлпытасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтыңның басшысын,

Орнынан сүйреп алмасын.

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңіл қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан,

Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның.

 

11 «Г» сынып оқушысы Текенов Бауыржан

Языки пусть не будут барьером,

Для того чтобы в мире нам жить.

Казахстан всегда будет знать меру,

И пусть будет мир с ним дружить.

Мы должны воплотить все надежды,

Все мечты и стремленья, и сны,

Для того чтоб не жить, так как прежде,

Новый мир мы построить должны.

Так возьмемся же за руки братья,

Перед вступлением в новую жизнь.

Постараемся жить детей ради,

Дружелюбней попробуем быть!

 

10 «Г» сынып оқушысы Сидоренко Виктория

Қазақстан – Отаным,

Қазақ тілі – қазынам.

Қазақ жері – береке,

Ырыс, бірлік – кені екен.

Бұзылмасын тыныштық,

Бейбіт өмір береке.

Сүйем сені, туған ел, атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.

Жер мен көктің жәннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем!?

 

 

 

11 «Г» сынып оқушысы Гаджиев Руслан

Моя страна где солнце всходит

Растет душистая полынь,

Где степь вся красками исходит,

И в ней душа и наша жизнь.

 

Мой край родной

Республика свободных

Великих нации, разных языков.

И ценят здесь обычаи народов

Советы мудрых стариков.

 

8 «Г» сынып оқушысы Дроздова Анастасия

Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді — өзің еткен бақ –

Тәуелсіздік төріңде!

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы алғыс.

Егемендік – ел бақыты ертеңі.

О, халайық!

Құтты болсын қуаныш!.

 

«Балдәурен» әні (Амангельдин Айбат)

 

«Сырғалым» әні (Игембаевтар жанұясы)

 

«Қара жорға» биі («Гүлдерай» бишілер тобы)

 

«Червона-Рута» әні (Сазоновтар жанұясы)

 

«Калина» әні (Сазоновтар жанұясы)

 

Жылнама 2000-2011жж.

2001жыл ҚР «Ғылым туралы» заңы қабылданды

2003 жыл 13 ақпан Алматыда бейбітшілік және өзара келісім жөніндегі халықаралық конференциясы ашылды.

2003 жыл 23-24 қыркүйек Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің І съезі өткізілді.

2006 жыл 7 қаңтар ҚР мемлекеттік әнұранының мәтіні мен музыкалық өңдеуі бекітілді.

2007 мамыр 1995 жылғы Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

2010 жыл ҚР ЕҚЫҰ төрағалық етті

2011 жыл 28 қаңтар «Болашақтың іргесін бірге қалайық» Президенттік жолдауы жарияланды.

2011 жыл 30 қаңтар – 6 ақпан VІІ қысқы Азия ойындары өткізілді.

2011 жыл 3 сәуір ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді.

 

(Музыка ойнайды, слайд).

 

«Сарыжайлау» әні (Муканова Назерке)

 

«Көк байрақ» биі

 

«Луна-Луна» әні (Гремякова Л.Н.)

 

«Өз елім» әні (Мустафин Әлішер)

 

Сахнаға концерттік бағдарламаға қатысушылар шығады.

 

«Қазақ елі» әні орындалады

 

Тәуелсіздік мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Құрастырушы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі

Тыхметова Раушан Мұхамедияқызы