Салауатты өмір салтын сақтау – міндетіміз.

120

 

Сабақтың тақырыбы:       Салауатты өмір салтын сақтау – міндетіміз.

                                     

Сабақтың мақсаты:

—  қоғамға, адам организміне  темекінің, алкогольдің теріс әсері турал

түсінік  беру

— ортаның қысымына қарсы тұра білуге дағдыландыру ( темекіні, алкогольді

байқап көру әрекетіне теріс пікір тудыру)

— жастарды  алкоголь мен маскүнемдіктің, темекінің қоғамға келтірер зиянды

зардаптары туралы хабардар ету.

Көрнекілігі: Түрлі  суреттер, темекінің  зиянды  жақтарын  көрсететін  нақыл        сөздер, слайдтар

Темекі және алкогольдің  адам денсаулығына тигізер әсері.

Біздің қоғамда темекі шегу мен ішімдік өлімнің бірден- бір себепкері болып табылады. Темекі шегушілер шылым шекпейтіндерге қарағанда жүрек ауруларына жиі шалдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 170 000 адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық рагы, панкреатит және бүйрек рагы темекі шегушілер арасында жоғары көрсеткіште. Рактан өлгендердің 30 % -ы (жыл сайын 130 000) темекі шегуге байланысты. Эмфизема, созылмалы бронхит сияқты өкпенің созылмалы ауруы темекі шегушілер мен маскүнемдер арасында 10 есе көп.       Темекі құрамындағы ең қауіпті зат-никотин. Ол адам ағзасында жүрек ауруы мен рактың өршуіне ықпал етіп қана қоймай, ең қауіптісі-оның темекі шегуге деген ынтасын арттырады. Никотинге тез үйір болған соң, темекіні тастау қиынға соғады.        Темекі шегушілер үшін күніне тарқан 1 қорап темекі 10 жыл өткен соң жүрек ауруына шалдығу қаупін тудырады. Сондай-ақ темекі шегу салдарынан болған өкпе рагының қаупі темекі шегуді тоқтатқанда біршама төмендеуі ықтимал.

Темекі шегудің жақын арада тигізетін кері әсері:

-Қан тамырлары мен бастағы ми тамырларының бұзылуы;

— Ауаның улануы.

-Инфекция кіретін қақпағы айналған тістердің, еріннің, тілдің,  таңдайдың, тамақ-кеңірдек тканьдерінің бұзылуы;

-Ағзаның қарсыласу күшінің төмендеуі;

-Өкпе эмфиземасы;

Алкаголь —  созылмалы  аурулардың  асқынуына  алып  келетін  қауіпті  фактор.

Потологиясы:

Жүрек  — тамыр  аурулары,  артериялы  гипертензия,  ми  инсульті,  мезгілсіз  өлім, вегетативті – тамыр дистониясы.Онкологиялық  аурулар:  бауыр,  тамақ,  ауыз  қуысы,  көмекей   өңеш,  асқазан,  ішек,  емшек (көкірек  безі) рагы (қатерлі  ісік).  Орталық  және  шеткі  жүйке жүйесінің  ауруы:  ішімдік  салдарынан  болған  ақыл-парасатының  кемдігі,  психиканың   бұзылуы,  ұйқысыздық,  есте  сақтау  қабілетінің   төмендеуі,  бейәлеуметтік  мінез- құлық  көрсету және т.б.

Ситуациялық есеп.

Атабек 16 жаста. Ол оқушы. Оның отбасында әкесі, шешесі, 14 жастағы інісі және 12 жастағы қарындасы бар. Олар ядролық қалдықтармен қатты ластанған қалада 4 бөлмелі пәтерде тұрады. Әкесі ғылыми қызметкер болған, бірақ өткен жылы ол жұмыс істейтін жергілікті фабрика жабылғанда жұмыссыз қалды. Содан бері ол қатты күйзелісте және көп ішеді. Кейде мұндай ішкілікке салынудан кейін әкесі айналасындағыларға өштікпен қарайды және бірнеше рет шешесін ұрып-соқты. Бұл Атабекті қатты мазаландырады, ол шешесін әкесінен қорғайды.

Шешесі – мұғалім, отбасын асырауға оның жалақысы жетпейді. Атабек өте қабілетті бала, бірақ отбасына көмектесу үшін  оқуды тастауға тура келеді деп ойлайды. Шешесі оны ұнатпаса да, әкесі Атабекті ішімдік ішуге мәжбүр етеді. Кейде Атабек әкесіне жағыну үшін аздап ішеді. Оның бір топ жолдастары бар, олар жиі және көп ішеді,, екеуі – нашақор, өздерінің әдеттерін ары қарай жалғастыру үшін олар ұрлықпен айналысады.

Келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

1.Атабек тұратын ортада оның өмір сүру стильіне не нәрсе дұрыс және теріс әсер етеді?

2.Әкесінің ішімдікке әуестенуіне не нәрсе түрткі болды? Ол өмір сүру стилін өзгерте алар ма еді? Оған не көмектесер еді?

3.Атабектің ішуді бастауына не мәжбүр етуі мүмкін? Ондай қысымға ол қалай қарсы тұруына болар еді?

4.Сіздің ойыңызша анасы өзін қалай сезінеді? Ол не істей алатын еді?

5.Сіздің ойыңызша інісі өзін қалай сезінеді? Ол не істей алатын еді?

6.Бұл отбасының өмір сүру стилін жақсарту үшін не істеуге болады?

7.Бұл отбасын 5 жыл өткен соң көзіңізге елестетіп көріңіз.

 

Тренинг «Таныстық қуанышы»