1-қыркүйек-Білім күнінің сценарийі

 

1-қыркүйек-Білім күнінің сценарийі

 

1-Жүргізуші: Мектеп деген білім күні, жыр күні,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

2-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметтi ұстаздар мен ата-аналар!

1-Жүргізуші: Армысыңдар, мектеп оқушылары!

Арайлы жаздың үш  айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге қайта қош келіпсіздер!

2-Жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.

Оқу жылы басталды ұстаз, шәкірт,

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

1-Жүргізуші: Білім әлеміндегі  дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға

күтер «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

ҚР Мемлекеттік Гимні  

2-Жүргізуші:       Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір,

Құттықтайды қонақтар баршаңды, дей келе,

 

Бүгінгі салтанатты жиын қонағымыз………………………………………сөз береміз.

 

1-Жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры                 беріледі.

 

 

2-Жүргізуші Алғаш келген бүлдіршін,

Құтты болсын қадамың.

Төбеңде бейбіт күн күлсін,

Төмендемесін талабың, – дей келе, Көк байрақты қазақ елiнің 2012-2013оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдiршiндерге сөз береміз. (ортаға шақырамыз)

 

1-Жүргізуші 11-сынып оқушыларының атынан 1-сынып оқушыларына тілек айту құрметі 11-сынып оқушысы                                                          беріледі.

 

11-сынып оқушысы:       Оқыған әпке, ағаңыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп.

2-Жүргізуші         Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегі 1-сыныпқа

шәкірттерін қабылдап отырған ұстаз–                   беріледі.

 

1-Жүргізуші             Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

Білім көзін ашатынын біледі, —  деп балаларын мектепке

алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін деген тілекпенен келесі сөз өздеріңізде.

 

2-Жүргізуші           Шаттықтың үніндей мәңгілік

Алғашқы қоңырау соғылсын,

Қуаныш әніндей жаңғырып

Жүректер ақ нұрға тоғыссын.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Бужкенов Сұлтанға беріледі.

 

1-Жүргізуші                       Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні,

Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.

Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,

Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.

Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,

Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

Білім ордасы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндерге кең құшағын ашады.

2-Жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

2012-2013 оқу жылының білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабуға рұқсат етіңіздер. Биіктен көрінетін білім иелері болып, биылғы оқу жылы білім жолында сәттілік тілейміз!

 

****

1-Жүргізуші:  “Сыңғырла, күміс қоңырау” мерекесi  білім ордасында өткізілетін «         » атты алғашқы білім сабақтармен жалғасады.