Олимпиадалық ойындар

 

Тақырыбы: Олимпиадалық ойындар

 

Мақсаты: Зерттеушілік әдіс арқылы өз бетімен білім алуға, күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешудегі біліктілігін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу

Міндеттері:

оқытушылық: тақырыпты топтық жұмыс барысында зерттеуге үйрету, олимпиада ойындарының шығу тарихымен, түрлеріне шолу жасау,рефлексия жасату және жеке басының қол жеткізген білім, біліктілік, құзыреттілік деңгейін «қосу» әдісімен әділ бағалау;

тәрбиелік: мазмұнды салауатты өмір салтына тәрбиелейтін мәні бар тапсырмалар беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа деген сүйіспеншілігін  арттыру;

дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың олимпиадалық ойындар туралы танымдарын арттыру.

Көрнекілігі:  Олимпиада жеңімпаздары туралы мәлімет беретін слайдтар, Қазақстан картасы мен олимпиада жеңімпаздары бекітілген магниттер, жұмыс дәптерлері.

Қолданылатын әдіс:  Үшөлшемді әдістемелік жүйе

 

І  кезең (5-7 мин)

а) ұйымдастыру сәтін өткізу  (Оқушыларды түгендеп, бүгінгі күннің сабақ тақырыбын таныстырып, жұмыс дәптерлері ұсынылады)

б) үй тапсырмасын тексеру, в) жаңа тақырыпты меңгеруге арналған үй тапсырмаларын тексеру үшін төмендегі сұрақтарға жауап алу:

«Көпір»  тапсырмалары

  1. Олимпиада сөзі қай елден енген?

Ж:  олимпиада сөзі греция елінен енген.

  1. Бірінші олимпиада грецияның қай жерінде өткізілді?

Ж: Бірінші олимпиада грецияның Олимп тауында өткізілді.

  1. Олимпиаданың неше түрі бар? Қандай?

Ж: Олимпиаданың екі түрі бар.  Қысқы олимпиада және жазғы олимпиада.

  1. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін қай жылдан бастап олимпиадаға қатысты?

Ж: Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1996 жылдан бастап  олимпиадаға қатысып келеміз.

 

ІІ кезең (10 мин)

«Білу»  тапсырмалары

1.Бос орынға қажетті өрнектерді жаз:

  1. Олимпиада 4 жыл сайын өткізіледі?
  2. Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 653 жылдан бастап ойналып келеді?
  3. 2012 жылғы олимпиада Англия елінің Лондон қаласында болды.
  4. 2012 жылғы олимпиада да қазақстандық спортшылар барлығы 13 медаль алды, оның 7 –еуі алтын, 1-еуі күміс, 5 -еуі қола.
  5. Қазақстан Республикасының спортшылары олимпиаданың ауыр атлетика, жеңіл атлетика, веложарыс, бокс ойындарынан  алтын медаль алды.
  6. Лондон олимпиадасына 189 мемлекет қатысты.

«Түсіну»  тапсырмалары

  1. Тапсырмада берілген анықтамаларда түсіп қалған сөздерді тауып жаз:
  2. Олимпиада неліктен 4 жыл сайын өткізіледі?

Ж: Спортшылар дайындалып жаңа рекордтар жасау үшін.

  1. Кеңес үкіметі кезінде қазақстандық спортшыларды халықаралық олимпиадаларға неліктен қатыстырған жоқ?

Ж: Себебі шет елдерге шығуға шектеу қойылды.

  1. Қазіргі таңда егемендігіміздің арқасында спорттық жарыстарда жылма жыл үлкен жетістіктерге қол жеткізудеміз.

«Талдау»  тапсырмалары

  1. Кестені толтырып, салыстырып, айырмашылығын талдаңыз

 

Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшыларыТәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары
Серік Қонақбаев — боксБекзат Саттарханов- бокс
Қуаныш Жетпісов — күресВасилий Жиров — бокс
Жақсылық Үшкемпіров — күресБахтияр Артаев — бокс
Шамиль Сериков — күресЮрий Мельниченко — күрес
Виктор Демьяненко — күресАлександр Парыгин – жеңіл атл
Бакыт Сарсекбаев — бокс
Ольга  Шишигина – жеңіл атлетика
Владимир Смирнов — шаңғы
Болат Жумадилов — күрес
Александр Винакуров – веложарыс
Майя Манеза – ауыр атлетика
Зульфия Шиншанло – ауыр атлетика
Светлана Подобедова – ауыр атлетика
Илья Ильин – ауыр атлетика
Ольга Рыпакова – жеңіл атлетика
Ермухан Ибраимов – жеңіл атлетика
Серік Сапиев – бокс

 

  1. Ұқсастығы : Қазақстандық спортшылар

Айырмашылығы:  Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздарымыз өте аз болса, егемендігімізге қол жеткізгелі жетістігіміз артып келеді.

3.Үлкен жетістіктерге қалай қол жеткізуге болады?

Үнемі үзіліссіз дайындық пен олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алған жағдайда.

 

«Жинақтау»  тапсырмалары

 

Тірек-сызбаны толтыр

Олимпиада Греция елінен шықты

 

 

4 жыл сайын өтіп отырады, бүкіл әлем елдері қатысады.

Түрлері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық  жұмыс

а) Картамен жұмыс (Олимпиада жеңімпаздарының суреттерін картадағы өз қалаларының тұсына жапсыру)

Қазақстан  картасынан 2012 жылғы жазғы Олимпиада чемпиондарының қай қалалардан шыққанын көрсет.

 

Серік Сапиев — Қарағанды
Александр Винакуров – Алматы
Майя Манеза – Талдықорған
Зульфия Шиншанло –  Талдықорған
Светлана Подобедова –  Талдықорған
Илья Ильин – Қызылорда
Ольга Рыпакова – Шығыс Қазақстан

 

ә)  Баға беру

Болашақта Қазақстандықтар олимпиадаға қатыса ма?

Ж. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып тұрғанда біздің спортшыларымыз олимпиада ойындарына  қатысады және көптеген жетістіктерге қол жеткізеді.

 

ІІІ кезең  Кері  байланыс (10 мин)

 

І деңгей

Білу тапсырмалары:

  1. Олимпиадалық туралы мәліметтер қандай елдерде кездеседі?

Ж: Бүкіл әлем елдерінде кездеседі.

  1. 4 жыл сайын өткізілетін ойын қалай аталады?

Ж. Олимпиада ойындары

  1. 2012 жылғы олимпида қай қалада өтті?

Ж: Англияның Лондон қаласында

  1. Қазақстандық спортшылар 2012 жылғы олимпиадада қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Ж: 2012 жылғы олимпиада да қазақстандық спортшылар 7 –і  алтын, 1  күміс, 5  қола медаль алды.

Қазақстан спортшылары 7 алтын медаль алды

Қолданылуы:

  1. 5. Жазғы олимиада ойындарындағы спорт түрлерінің астын сызыңыз.

 Жеңіл атлетикашаңғы, ауыр атлетика, коньки күрес түрлері, спорттық ойындар,  биатлон,  веложарыс

 

ІІ деңгей

Түсіну тапсырмалары:

  1. Олимпиада ойындары неге «Олимпиада» деп аталды?

Ж. Себебі, алғашқы олимпиада ойындары Греция елінің Олимп тауында өткізілді.

  1. Кеңес Одағы дәуірінде қазақстан спортшыларының олимпиада ойындарындағы жетістіктері неге аз болды?

Ж: Себебі, қазақстандық спортшылардың олимпиада ойындарына қатысу үшін шет елдерге шығу мүмкіндіктеріне шектеу қойылды.

Талдау тапсырмалары:

  1. Бос орынға тиісті сөзді жаз

 

Кеңес одағы кезіндеТәуелсіз Қазақстанда
ҰқсастығыОлимпиада ойындарына қатыстыОлимпиада ойындарына қатысты
ЕрекшелігіОлимпиада жеңімпаздары азТәуелсіздігімізді алғалы олимпиада жеңімпаздары көп

 

Тақырыптың басты идеясы неде?

Олимпиада ойындарында қол жеткізген жетістіктеріміз.

Қолданылуы:

  1. Дұрыс жауаптарды белгіле:

1) Веложарыс чемпоны кім?

а)  Серік Сапиев ә)  Илья Ильин  б)  Александр Винакуров

2) Қазақстан қоржынында барлығы қанша медаль бар?

а)  13   ә)  7    б)  5

3) 2012 жылғы олимпиадаға қатысқан Қызылордалық чемпион кім?

а)  Зульфия Шиншанло  ә)  Илья Ильин  б)  Майя Манеза

4) 2012 жылы Талдықорғаннан неше чемпион шықты?

а)  1 ә)  3  б)  5

5) Үш қарғып секіру ойынының чемпионы кім?

а)  Светлана Подобедова ә)  Ольга Рыпакова   б)  Зульфия Шиншанло

 

 

ІІІ деңгей

Жинақтау тапсырмалары:

  1. Сөзжұмбақты шеш:

 

 

күреС
олимПиада
бОкс
туРизм
алТын 

 

1.Татамиды қолданып өткізілетін қандай жарыс?

  1. 4 жыл сайын өткізілетін жоғарғы жарыс қалай аталады?
  2. Рингте өтетін спорт түрі?

4.Далада демалып жарысатын спорт түрі?

  1. Спорттағы ең жоғарғы жетістікке берілетін таңба сапасы?

 

Баға беру:

  1. Болашақта олимпиада ойындары біздің елде бола ма?

Ж: Қазақстан экономикасы қарқынды дамыса болашақта олимпиада ойындары елімізде өткізіледі. Ол үшін бүгінгі таңда негіз бар ма? Ойыңды жалғастыр: Бүгінгі таңда Қазақстанда «Қысқы Азияда 2010» ойындары өткізілгеннен кейін тәжірибеміз бар және олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары жылма жыл көбеюде.

 

Олимпиада ойындарының  күрес, гимнастика, судағы футбол, жүгіру, көркем гимнастика түрлерінен болашақта біздің спортшылар орын ала ма? Өз пікіріңді дәлелде. Егер үлкен дайындықпен барса алады деп ойлаймын, себебі біздің мемлекетімізде спортпен жаттығуғ,а барлық жағдайлар жасалған.

 

 

Үйге тапсырма:   Олимпиада ойындарының шығу тарихтары туралы ақпараттар жинақтау.